Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет26/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1
БОӨЖ 14 Ісікке қарсы иммунитет туа біткен, жүре пайда болған. Жумабаев Нұрғали Стом 205 А, 1Дабылдар мен оқиғаларды өңдеуді, КС зертхана 8, ОНСУ 1-2 ргр
Әдеби KZ 

–  Қыздар,  күлмеңдер,  –  деді  ол  түсін  суытқан  болып.  -  Күлкен,  анау 

журналды алып келші. 

Гүлдей майысқан бір қыз оқытушы столының үстінде жатқан журналды алып 

келді. Мені тергеуші қыз оны қолына ұстап тұрды да: 

–  Мұнда,  курста  староста  болады,  білесіз  бе?  -  деді.  Ішімнен:  «мені  тым 

тақымдап тұрғаның староста екенсің ғой» деп ойладым да, басымды изедім. 

Қыз сөзін қайта жалғады. 

– Староста студенттердің бәрін тізімге алады. 

Мен тағы басымды изедім. 

Қыз енді маған маңғаздана қарады. 

– Мен староста емеспін. Бірақ бүгін староста жоқ. Сондықтан сізді тізімге алу 

құрметі  маған  тиіп  отыр.  –  Осылай  деп  ол  журналды  ашты.  -  Фамилияңыз 

кім? 


– Есенов. 

– Атыңыз. 

– Ербол. 

Қыз  саусақтары  майысып  отырып,  журналдың  ең  соңына  «Есенов  Е.»  деп 

жазды да, қайтадан бетіме қарады. 

– Ербол?.. Сіз соғыста ер болдыңыз ба? 

Бұл сұраққа не айтарымды білмей және бөгеліп қалдым. 

– Жоқ, жұрт қатарлы, – дедім ақыры. 

– Бәсе, кеудеңіз сылдырамайды, – деді қыз. 



30 

Әдеби KZ 

Мұны  да  оның  қай  мағынада  айтқанын  аңғармадым.  Кеудеңде  орден, 

медалдарың  жоқ  дегені  болар  деп  түйдім.  Ал  менің  орден,  медалдарым 

жеткілікті  болатын.  Тек  оларды  студенттер  арасында  мақтанған  сияқты  боп 

көрінбейін  деп,  таңертең  университетке  келерде  кеудемнен  бір  бірлеп 

ағытып, түскен үйімде қалған зат қапшығымның ішіне салып кеткенмін. Бірақ 

қызға дәнеңе демедім. 

Қыз журнал бетіне қайта үңіліп, тағы да сұрақ қоя бастады. Осы кезде сыртқа 

шығып кеткен бірен-саран қыздар да аудиторияға қайта кіріп жатты. 

– Қай жылы туғансыз?' 

– 1922 жылы, - дедім күбірлеп. 

–  Қаттырақ  айтыңыз,  –  деді  қыз  менің  жауабымды  ести  тұрса  да.  –  Семья 

жағдайыңыз қандай – әйеліңіз бар ма? 

- Жоқ. 


– Сүйген қызыңыз бар ма? 

Мен басымды шайқадым. 

– Қыздар, естіп отырсыңдар ма? – деді ол жан-жағына қарап. 

Ешкім үндемеді. 

–  Түу,  қойсаңшы,  Қанипа,  –  деді  осы  кезде  отырған  қыздардың  біреуі 

орнынан  тұрып,  бізге  қарай  аяндап.  –  Ағайды  соншама  әурелегенін  не 

тергеушідей жауап алып. 

 



31 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет