Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет28/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1
БОӨЖ 14 Ісікке қарсы иммунитет туа біткен, жүре пайда болған. Жумабаев Нұрғали Стом 205 А, 1Дабылдар мен оқиғаларды өңдеуді, КС зертхана 8, ОНСУ 1-2 ргр
Әдеби KZ 

Бәрімізді  күлдіріп,  көңілімізді  көтеріп  отыратын  осы.  Сіз  оған  ренжіп 

қалмаңыз. 

Неге екенін білмеймін, бұл қыздың дауысын құбылтпай, бір қалыпты табиғи 

биязылықпен  өтіне  айтқан  сөзі  маған  бұйрықтан  бетер  әсер  етті.  Жау 

танкімен  жекпе-жек  айқасуға  жауапты  бұйрық  берген  командир  сөзін 

тыңдағандай,  екі  қолымды  жамбасыма  жапсыра  ұстап  тіп-тік  бола  қалдым 

да, «күп болады» дегендей ишара жасап, алдымен басымды изеп, одан соң 

еңкейе иілдім. Бұл арадағы екі қимылдың бірі артық: бас изеген соң иілудің 

қажеті жоқ еді. Бірақ мен ол сәтте не қажет, не қажет емес екенін біліппін бе

сірә. Содан соң қайтадан кеудемді керіп, бақырайып, бақжиып қызға қарап, 

оқтау  жұтқандай  тіп  -тік  боп  серейдім  де  қалдым.  Мұным:  «Мен  сіздің 

құлыңызбын, айтқаныңызды бұлжытпай орындаймын, тағы не бұйырасыз?» 

дегенім  сияқтанды.  Менің  бұл  тұрысым  сылаңдаған  әсем  аққудың  қасында 

өз-өзінен күжірейіп, одырайып тұрған күрке тауықтың қоразын көз алдарына 

елестетті  ме,  кім  білсін,  кейбір  қыздар  мырс  етіп  күліп  жіберді.  Осы  кезде 

бағанағы бүріскен гүл ашылайын дегендей әлпет танытып келе жатты да, тез 

тоқтап, сол күйінде қозғалыссыз қалды. Өзге қыздар күлгенмен ақ қыз әсем 

ернін қытықтай бастаған күлкіні кері қайырып жіберді. Мұнысымен ол барша 

ұстамды  қыздың  бетінен  ешнәрсені  білдіртпейтін,  жақсы  иә  жек  көргенін 

ешқашан аңғартпайтын ең үлкен өнерін танытқан еді. Бірақ, ағасының, өзімді 

айтамын, ол кезде оны аңғарарлық жайы мүлде жоқ болатын. 

Сонымен, ұзын сөздің қысқасы, жігітке жұтаң соғыс кезіндегі ауылда өсіп, сол 

сұрапыл  шақта  бозбаламен  қатар  тұруға  үйренбегендіктен,  сөйтіп,  олардың 

қыз  алдында  өздерін  қалай  ұстайтындықтарын  көрмегендіктен  бе,  әлде 

өзінін  де  мен  сияқты  қобалақ,  қолапайлау  ағасы  болып,  сол  есіне 

түскендіктен бе, білмеймін, қыз менің ат байлайтын ақырдай болып, серейіп 

қалған  қолайсыз  күйімді  күлкі  етпеуге,  елемеуге  тырысты.  Оның  орнына 




33 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет