Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет41/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1
БОӨЖ 14 Ісікке қарсы иммунитет туа біткен, жүре пайда болған. Жумабаев Нұрғали Стом 205 А, 1Дабылдар мен оқиғаларды өңдеуді, КС зертхана 8, ОНСУ 1-2 ргр
Әдеби KZ 

Бірақ, қыз сабырлы болған сайын менен сабыр кете бастады. Оның ақ саусақ, 

ақ  білек,  ақ  мойнына  көзім  түскен  сайын,  буын-буыным  құрып,  безгекке 

ұшырағандай  бойым  қалтырай  түсті.  Оның  үстіндегі  ангор  ешкінің  жүнінен 

тоқылған  ақ  свитерге  дейін  мені  елітіп,  елжіретіп,  дүниеде  сол  свитерден 

сүйкімді, Меңтайға содан жарасымды киім жоқтай боп көрінді. 

Осы  күйде  отырып,  лекцияның  ырғағына  ілесе  алмай  асықтым  ба,  әлде  сол 

сәтте көзіме аудиторияда Меңтайдан өзге ешкім еш нәрсе көрінбей кетті ме, 

білмеймін,  ілгері  созған  қаламым  сауыттың  ернеуіне  тиіп, көк  сия  мөлт  етіп 

Меңтайдың  дәптеріне  ақтарылды  да,  сауыт  домалай  жөнеліп,  оның  ақ 

свитерінің етегіне барып құлады. 

Менің  бұл  кездегі  жағдайымның  қандай  болғанын  сіз  сұрамаңыз,  мен 

айтпайын.  Жазушы  кісісіз  ғой,  өзіңізді  менің  орныма  қойып  мөлшерлеп 

түсіне беріңіз. Менің бар білетінім, сол сәтте өзімнің жерге кірерге тесік таба 

алмағаным.  Өйтпегенде  қайтейін:  ағалап,  жаны  ашып,  жақсылық  жасағалы 

жанына  шақырып  әкелген  қызға  қиянат  жасап  алсам.  Қиянат  емей  немене, 

оның  еңбегін  еш  етіп,  дәптеріне  сия  төгіп,  свитерін  былғасам.  «Кетіңізші 

орныңызға,  өзіңіз  бір  адам  емес,  аю  екенсіз  ғой»  десе,  не  деймін  қазір. 

Ашуланса,  ауыл  қыздарының  тілі  ащы  келеді.  Олардың:  «Қу  қайыршы», 

«Иттің ғана баласы» деген сияқты 

«тәтті»  сөздерін  талай  рет  естігенмін  бала  күнімде.  Бұл  қыздың  да  мені 

сөйдеп  тілдемесіне  кім  кепіл.  Мына  қаптаған  қыздың  да  мені  сөйдеп 

тілдемесіне  кім  кепіл.  Мына  қаптаған  қыздың  ортасында  масқараға 

ұшырайтын  болдым-ау.  Бұдан  да  бағанағы  орнымда  отыра  бергенім  артық 

еді.  Бір  көрген  қыз  бір  ауыз  жылы  сөз  айтты  деп,  желпеңдей  кеп  жөнеліп 

едім, өзіме де обал жоқ. Енді Меңтай мені не деп сөксе де құлмын!.. 




46 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет