Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет115/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

жылы күлкі жүгіріп, көздері жайнай түседі. Жүректері лүпіл қағып, өздері сол 

сұлу  Тоғжанның  қасында  тұрғандай  сезінеді.  Жүрек  түбінен  әркімге  елде 

қалған  өз  Тоғжаны  елес  береді.  Онымен  өзінің  ең  алғаш  қалай  кездескені 

еске  оралады.  Бір  сәтке  олар  өздерінің  орман  ішінде,  оқ  астында 

отырғандарын,  жаны  тебірене  жар  денесін  сипауға  созған  қолдары  қазір 

автоматтың  суық  стволын  қысып  тұрғандығын  ұмытып  кеткендей  болады. 

Осы  кезде  алдан,  әртүрлі  дауыспен  ышқына  айтылған  «По  местам»  деген 

жауынгер команда құлаққа шалынады. 

Бойларына  күш  жиып,  қуаттанып  қалған  жауынгерлер  орындарынан  атып-

атып тұрады... 

Жауынгер Айтқали Құсайынов 1943 жылдың тоғызыншы январында Великие 

Луки  қаласының  түбінде,  жау  танкісі  мен  зеңбіректің  жекпе-жек  атысында, 

ер  өлімімен  қаза  тапты.  Соғыстың  қатал  дәстүрі  бойынша  өлген  солдаттың 

денесі,  бойынан  қару-жарағы,  қойнынан  документі  алынып,  жаңа  қазылған 

жас  қабыр  басында  қарулас  серіктерінің  ақырғы  құрметі  көрсетіліп,  туған 

жердің  топырағына  беріледі.  Отан  үшін  қан  төгіп,  жан  берген  ер  солдатты 

жер-ана құшағына қысып, мәңгілікке алып қалады. 

Айтқалиды  қастерлеп  қойып,  жауынгер  жолдастары  жаудан  кегіңді  аламыз 

деп  серт  еткендей,  аспанға  үш  дүркін оқ  атып  салют  бергеннен  кейін,  оның 

жетімсіреп жерде жатқан қарабинің кіші сержант Ризуан Қалиев көтеріп, ал 

зат  қапшығындағы  патрондарды  өзге  серіктеріне  бөліп  берді.  Қалған  екі 

гранат  пен  «Ақын»  кітабын  кіші  сержант  өз  қойнына  алды.  Өлген 

жауынгердің  қолынан  алынған  документ  комсомол  билеті  мен  қызыләскер 

книжкасының  арасынан  жөнелтілмей  қалған  үш  бұрыш  хат  шықты.  Хаттың 

сыртында: «Семей облысы, Белағаш ауданы, Ерназаров с/с, Тоғасова Задаға» 

делінген  әдіріс  бар  екен.  Зада  –  Айтқалидың  сүйген  қызы.  Ол  сонау 

Белағашта,  селолық  Советте  секретарь  болып  істейтін.  Айтқали  қыздан 




120 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет