Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет112/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

бойлары  мұздай  көк  қарумен  құрсанып,  күн  демей,  түн  демей,  ерлер 

етікпенен су кешіп, аттары ауыздықпен су ішіп, суыт жүріп. ұзақ сапар шекті. 

Артиллеристер  майдан  жерінің  батпағын  белуардан  кешіп,  ер  қаруы  ұзын 

тұмсық  көк  болат  зеңбіректерді  тынбастан  алға  қарай  сүйреді.  Ол  батып 

қалған жерде: 

«Раз,  два  –  взяли!»  деп  орман  ішін  жаңғырта  айғайлап,  оның  қалқанынан, 

стволынан  итереді.  Доңғалақтарды  күпшектерінен  батпаққа  батқан  ауыр 

қаруларды ауыр азаппен тартқан, мұндай қиын, қысталаң шақтарда екі етегін 

белге түрінген жаяу әскер зеңбірекшілерді басып озып, оларды артқа алысқа 

тастап кетеді. 

Алдыңғы  шепке  тақаған  сайын  колоннаның  бас  жағынан:  «Во-о-оздух!» 

деген  зәрдей  ащы  үн  жиі  естіле  бастайды.  Ирелеңдеген  жыландай  етіп, 

созылтып,  шұбалта  айтқан  осы  бір  үрейлі  сөзді  ести  сала  солдаттар  жолдан 

шығып, тырым-тырақай қашып, жол шетіндегі орманның қойнына тығылады. 

Қанатында қара бүйісі бар сары ала самолеттер ырылдап кеп төбеден төнеді. 

Міне,  осындай  жорық  кездерінде  он  бес-жиырма  минуттық  үлкен  бір 

дамылдау  шағы  болады.  Он  екі  мүшесі  cay  кісілер,  қас  қаққанша  қолынан 

айырылып  шолақ,  аяғынан  айырылып  ақсақ  боп  шыға  келетін,  жаңа  ғана 

қасқая  күліп  тұрған  немесе  құлындай  ойнақтап  жүрген  жолдастарын  лезде 

жан  тапсырып,  мәңгіге  жоқ  боп  кететін,  адам  өмірі  түнгі  үлкен  оттан  ұшқан 

ұсақ  ұшқындай  сөніп  жататын  майдан  өмірі  үшін  он  бес  -  жиырма  минут 

қысқа  ғұмырлы  солдат  қауымы  дамылдап  жан  шақырып,  талай  қызық 

күлкілерге кенелетін, естеліктер айтысып, ес жиып қалысатын өзінше бір ұзақ 

уақыт. 

Колоннаның  алды  тоқтап,  сол  жерден  біреудің  аузынан  біреу  қағып  әкетіп 

артқа  қарай,  дауыстап  жеткізіп  жататын  «привал!»  деген  берер  таудай 



117 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет