Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет120/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Сержанттың  жүрегі  аузына  кеп  тығылардай  боп,  кесек  лүпілдеп,  қатты 

соғады. «Рас, рас... туған жер, туған жер...» дегендей, эшелон толы солдаттар 

вагон ырғағымен бастарын қайта-қайта изейді». 

Мен  оқып  болдым.  Самайымнан  тер  сорғалап  кетті.  Жазғаным  Әуеновке 

ұнамаған  шығар  деп  ойладым.  Қысылып  бір  қырындай  тұрып,  профессорға 

көзімнің  қиығын  салдым.  Оның  өңі  нарттай  қызарыңқы  сияқты  көрінді. 

Менің оқығанымды беріле, бар ынтасымен тыңдап шыққанға ұқсайды. 

–  Пәлі,  Ербол,  сенің  мынауың  көркем  шығарма  ғой  өзі,  –  деп  мұрнын  бір 

сипап қалды. – Мұны новелла десе де, естелік атаса да, немесе көркем очерк 

деуге  де  келеді.  Бұнда  бүкіл  бір  әскери  бригаданың  қысқаша  тарихын 

айтыпсың. Тоғжан бейнесін жақсы түйіндепсің. 

Оны  тек  жақсы  қыз  деп  қана  емес,  жан  сүйсінтер  сұлулық  мұраты,  өмірдің 

өзі,  тіпті  Отан  тұлғасы  деп  те  түсінуге  болады  екен.  Біз  жазған  Тоғжанның 

майданда  осындай  әсері  болғанын  соғысқа  қатысып  келген  солдат  сенің 

аузыңнан  есту  маған  қандай  ғанибет  екенін  білесің  бе,  Ербол?  –  деп 

профессор мені көкке көтеріп тастады. Мұны жазғанда менің ойыма түйіндеу 

деген  де,  бір  бригаданың  тарихын  тізу  деген  де  келмеген  еді. Мен  тек  өзім 

көрген, жолдастарымның басынан кешкен жайларды ғана айтуға тырыстым, 

айта  алдым  ба  екен  деп  шүбәландым.  Профессор  сәл  бөгеліп  барып,  сөзін 

қайта  жалғады.  –  Мен  мұндай  болар  деп  ойламаған  едім.  Тағар  сыным, 

айтар  мінім  жоқтың  қасы.  Сен  өзің  журналист  боламын  деп  жүрсің  ғой. 

Әбден  боласың.  Мына  аяқ  алысың  сенің  қазірдің  өзінде  дап-дайын 

журналист  екеніңді  танытады.  Менің  саған  берер  кеңесім:  осы  жазғаныңды 

газетке апар. Мен үшін емес, өзің үшін апар. Газет деген үлкен жаршы орын. 



125 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет