Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет117/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

әйелдердің  де  бастарына  төнген  қатер  еді.  Сондықтан  да  ол  тез  кетпек 

болып, қимас ғашығын тастап, асығыс жөнеледі. Кітаптың осы жерін оқышы 

сен, Зада, тағы бір қайталап оқышы. 

Екеуміздің жайымыз да нақ осы сияқты болды ғой. Біз осы жазда қосыламыз 

деп уәде байласқан шақта, сол бір тәтті түннің таңертеңінде соғыс басталып 

кетті емес пе. Бізге төнген қатер көктемде тасыған шағын өзен Қарауыл емес, 

шалқар Отанымызды шарпыған сұрапыл соғыс болды ғой. 

Оқасы  жоқ,  Зада,  сол  Қарауылдың  қалың  сеңінің  қамауынан  құтылып, 

өзеннен  аман  өткен  Абайың  болып,  бір  күні  жауды  жеңіп  жетермін  мен  де 

саған  құстай  ұшып.  Қуана  күліп,  алдында  тұрармын  қанатымды  кең  жайып. 

Сонда  біздің  соғыс  ажыратқан  құшағымыз  қайта  айқасады.  Мәңгілік  болып 

айқасады.  Қош  сәулем,  Задашым  -  Тоғжаным  менің.  Ақ  бетіңнен  аймалай 

сүйіп, сенің, тек қана сенің Айтқалиың. 

8 январь, 1943 ж. 

Дала почтасы 1745, 125 бөлімі». 

Жебір соғыс жалмаған асыл азамат сүйгеніне жетпеді. Төбе басын томпитып, 

алыста қалды. 

Бұдан  кейін  де,  соғыстың  сансыз  темір  тісі  тілгілей  жыртқан  азалы  жерге 

адам  сүйегін  сепкен  талай  күндер  өтті.  Жауынгерлер  қилы-қилы  қанды 

жорықтарды қиын-қиын қырқысқан ұрыстарды бастарынан кешірді. Жырым-

жырым  болып,  солдаттар  қойныңдағы  кітап  та  тозды.  Бірақ  жігіттердің 

жүректеріндегі  Тоғжан  тозған  жоқ.  Ол,  «әшекей  сырғасы  діріл  қағып» 

жорықта солдаттармен қатар жүрді. Ол, «жылтырап таралған шашы, қап-қара 

қалың  өріммен,  ерекше  аппақ,  нәзік  мойнына  қарай  құлап  түсіп», 

жауынгерлермен  қол  ұстаса,  жауға  қарай  сан  рет  шабуылға  шықты.«Елде 

сенің  де  сұлу  жарың  бар»  деп,  әр  солдаттың  құлағына  сыбырлады,  әр 



122 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет