Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет119/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Баймолдин,  пулеметші  батыр  қыз  Мәншүк  Мәметова  ше?  Бәрі  де  жанып 

тұрған, лаулап тұрған жалын еді. Отан үшін, анамыздай қымбат арымыз үшін 

қабақтарын  шытпастан  жандарын  қиды  да,  не  бір  қаланың  табалдырығын 

жастанып, не бір өзеннің қабағын қарайтып, арыстай боп қала берді олар... 

Сержанттың  көз  алдына  өз  батареясының  командирі  капитан  Жамалбеков 

елестеді.  Ұрыстың  бір  толас  шақтарында,  немесе  бөлім  екінші  эшелонда 

тұрған  кездерде  жауынгерлер  алқа  қотан  отыра  қалып,  кезекпен  «Ақын» 

кітабын оқысатын еді. Жауынгерлермен бірге отырып, бұл кітапты капитан да 

тыңдайтын. Ел сағынған жүрекке осы бір тозған кітап үлкен медеу болатын. 

Әсіресе  оның  Тоғжан  жайлы  айтылатын  жерлерін  оқығанда  жауынгерлер 

жымыңдасып,  екі  езулері  құлақтарына  жете  мәз  болысып  қалатын.  Жалғыз 

жауынгерлер ғана емес, капитан қоса жымиятын. Әшейінде түсі суық, сұсты 

көрінетін  командир  жүзі  Тоғжанның  жүріс-тұрысы,  қылықты  қимылдары 

суреттелген  жерде  мүлде  жібіп,  майға  балқытқан  қорғасындай  толықсып 

кететін...  Сөйтіп,  артта  Европа  қалды.  Артта  қираған  қалалар  қалды. 

Қалалардың төңірегі толы молалар қалды. Енді міне жеңіспен елге келеміз. 

Қазақтың  қара  көз  қыздарын  көреміз.  Өз  Тоғжанымызға  барамыз... 

Қалиевтың  қиялы  шарықтап,  Шар  ауданындағы  өзінің  туған  ауылына  қарай 

қанат  қағады.  Ажары  атқан  таңдай  жылы  жүзді,  жұмсақ,  жұмыр  білекті,  су 

тиген  қарақаттай  мөлдір  көзді  аса  бір  сымбатты  жан  аяла  да,  қуана  кеп 

мұның алдынан шыққан тәрізденеді... 

Ол кезерген ернін жалап, бір тамсанып қалып, жанындағы жолдасына қайта 

бұрылады. 

–  Рас,  ажалсызға  тау  құласа  да  өлмейді  деген...  –  дейді  Өсеновке,  әр  сөзін 

үзіп-үзіп айтып. 

– Апырай, Москваға қашан жетер екенбіз. Тезірек көрсек-ау Қазақстанды... 



124 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет