Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет191/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

ұстайын  десе  де,  үйден  аулақтап,  станция  жақтың  жолына  қарай  сытылып 

шыға берді. Ақырында қолыма шынжыр ұстап, Қарашекеге мен барып едім, 

ол қашпай, құйрығын  былғаңдатып,  төрт  аяғын  көкке  көтеріп  жата  кетті.  Екі 

көзі  менде,  «қалмаймын,  тастама»  деп  жалынып  жатқан  сияқты.  Мен  оның 

қарты  бауына  шынжырды  таққанымда  иттің  көзінен  жас  парлап  қоя  берді. 

Менің сол жерде Қарашекеге жаным қатты ашып кетті. 

–  Қой,  Қарашеке,  мен  келемін,  соғысты  бітіріп  қайтып  келемін,  –  дедім 

сасқанымнан. 

Қарашеке: «Сөйт! Сөйт!» дегендей боп, құйрығын былғаңдатты. Иттің иесіне 

мұншама  адалдығы  көңілімді  босатты.  «Сәлимадан  сен  сенімді  болдың-ау, 

Қарашеке» деп ойладым оны үй алдындағы қазыққа мықтап байлап жатып. 

Біз  арбаға  қайта  отырдық.  Тағы  да  «Қош,  қош!»  деген  дауыстар  естілді. 

Жиендерім,  жеңгелерім  жылады.  Апайым  жаулығының  шетімен  тағы  да 

көзін  сүртті.  Осының  бәрі  ауыр  жүк  болғандай  қос  ат  жеккен  арба  тағы  да 

орнынан  әрең  қозғалды.  Мен  енді  Қарашекеге  қарамадым.  Адал  достың 

ауыр қайғысын көргім келмеді. Арба үйдің бұрышынан станция жаққа қарай 

айнала бергенде иттің қыңсылап, қыстыға арс-арс етіп қалған ақырғы дауысы 

естілді.  Ауыл  адамдарының  менімен  қоштасып  тұрып  күрсінгендері, 

жиендерімнің жылағаны, жеңгелерімнің менен жасқанып, үн шығара алмай 

сыңсығандары,  Қарашекенің  қатты  қыңсылап,  не  шынжырын,  не  мойнын 

үзердей боп, арбаның соңынан қоса ұмтылмақ боп, темір шынжыр босатпай 

қылғына «Қош, қош!» дегендей боп екі рет арс еткені  – бәрі-бәрі, майданға 

қайта  аттанған  менің  құлағымда  кетті.  Кешке  жолаушы  поезына  ілігіп, 

Алматыға қарай бет қойдым. 

Вагонда  келе  жатып,  ауылда  өткізген  төрт-бес  күнімді  тағы  да  еске  алдым. 

Еске алдым да, 



197 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет