Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет194/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

жеңіп  шығатынмын.  Сонда:  осы  қобалжудың  өзінде  де  жеңімпаз  күш  бар 

емес  пе  екен  деп  таңданатынмын.  Сол  жолы  жау  танкін  қиратқаным  үшін 

мен  Жомартбектің  кеудесіндегі  анау  Данқ  орденімен  наградталған  едім. 

Осылай  деп  мен  қыздарға  Жомартбек  кеудесіне  тағып  жүретін  өзімнің 

орден,  медальдарымды  нұсқадым.  Жомартбек  менің  наградаларымды 

әсіресе  асханаға  барғанда  тағып  алатын.  Өйткені  майдангер  студенттер 

кассаға  кезексіз  жіберілетін.  Мен  соғыстан  келгенімді  пайдаланып,  ас  алу 

үшін  алға  қарай  ентелемей,  кезегімді  күтіп  тұра  беретіндіктен,  Жомартбек 

менің  тумбочкада  жатқан  медальдарымды  тағып  алып,  кассаға  қарай 

ұмтылатын. Фанермен қоршалған тар кассада отырған әйелге студенттердің 

омырауы  көрінбейді.  Жомартбек  ондайда  кеудесін  шайқап,  медальдарын 

сылдырлата қояды. 

–  Қазір,  қазір,  –  дейді  кассир  әйел  оның  майдангер  екенін  «танып».  Содан 

кейін оған сұраған чектерін жазып береді. Ұзын чекті ащы ішектей шұбатып, 

қораздана басып ол менің қасыма келеді де, өзімен ілестіріп, үстелге қарай 

алып кетеді. 

Түскі  тамақтың  уақыты  тақап  қалғаннан  кейін  Жомартбек  бүгін  де  сол 

«кәсібін»  істеп,  қазір,  қолындағы  дәптер  сөздерін  оқығаннан  кейін, 

тайраңдап,  жатақханаға  қарай  жүгіре  жөнелуге  әзір  отыр  еді.  Мен  өзін 

нұсқағаннан  кейін  Жомартбек  қоқилана  түсіп,  кеудесін  қозғап-қозғап 

жіберді.  Күміс  медальдар  сыңғырлап  қоя  берді.  Оған  қыздар  күлкісінің 

сыңғыры және қосылды. Жомартбек дәптерді әрі қарай оқыды. 

«Сөйтіп,  ол  үш  күнді  ерлікке  пара-пар-ау  деп  ойладым  өзімше.  Олай 

ойлайтыным,  баяғыда  қазақтың  бір  батырынан  өміріңізде  өзіңіз  сүйсінген 

неше ерлігіңіз болды деп сұраптымыс. Сонда: «Өмірі есімнен қалмайтын үш 

ерлігім бар» деп, батыр мына төмендегілерді айтыпты. 



200 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет