Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет193/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

қалдым. Қорқақтық етегімнен тартып: «Бұқ, бұқ!» деп босатпай жатқан соңғы 

сәтте жауға деген өшпенділік орнымнан көтерді-ау деймін мені. 

Сол  жолдан  кейін  мен:  солдат  қабылдар  шешімнің  ең  мәндісі  соңғы  сәттегі 

шешім  екен-ау  деген  ойға  келдім.  Солдатты  ер  ететін  де,  жер  ететін  де  сол 

соңғы сәт шешімі деп білдім. 

Кімде-кім  соңғы  сәтте  бойындағы  бар  үрей,  қорқынышты  жеңіп,  азаматтық 

борышын орындаса – ол нағыз жауынгер. Тек солдат қана емес, адамның әр 

істің  соңғы  сәтіндегі  ұйғарымы,  сол  сәтте  өзін-өзі  ұстай  білуі  оның 

адамгершілігін танытатын болуға тиіс. 

Иә, сонымен, орнымнан тұрғаннан кейін мен де темір танктен бетер тістеніп, 

жағым қисая ашылып, бар қуатымды қос қолыма жиып, шоқпардай гранатты 

танкке  қарай  сілтеп  кеп  қалдым.  Содан  кейін  жалп  етіп,  өз  окобыма  қайта 

құладым.  Танктің  «жан  бергені»  сондай  қиын  болады  екен.  Алдымен 

сұрапыл  бір  дыбыс  шықты  да,  дүние  солқ  ете  түскендей  болды.  Жер 

төңкеріліп  кеткенге  ұқсады.  Содан  соң  қарамай,  бензиннің  иісін  тарата  лап 

еткен  қара жалын қолымды,  желкемді жалап  жіберген  сияқтанды.  Артынан 

аман екенімді бір-ақ білдім. Екі құлағым тас керең боп қалыпты...» 

– Ой, мен мұны жүрек жұтқан батыр деп жүрсем, өзі қорқақ та болған екен 

ғой, – деді 

Зайкүл  бір  қолымен  мені  иығымнан  баса  ұстап,  екінші  қолымен  кеудемді 

нұсқап. 


Зайкүлдің  әлде  әзілдегісі  келді  ме,  әлде  мені  ажуалағысы  келді  ме,  оны 

білмеймін. Бірақ мен оған шынымды айттым. 

–  Мен  ұрысқа  кірер  алдында  әрқашанда  қобалжушы  едім,  Зайкүл,  –  дедім 

жайлап.  –  Бірақ  қобалжыған  сайын,  не  ғажап  екенін  білмеймін,  жауымды 




199 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет