Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет205/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

– Мұның өзі бір кісіден басқаны көрмейтін соқырлау Одиссей, – деді Зайкүл 

жұртты тағы ду күлдіріп. 

–  Қыздар,  көп  күліп  кеттік,  қояйық  енді,  –  деді  Меңтай  оң  жағында  одеял 

үстінде  жатқан  кітапты  қолына  алып.  -  «Үй  артында  кісі  бар»  дегендей, 

емтихан келе жатқан жоқ па ертең тағы да. 

–  Иә,  сақалы  сапсиып,  –  деді  Жомартбек.  Жомартбектің  сөзіне  ешкім 

күлмеді.  Бәріміз,  бөлменің  ішін  шаңдата  асыр  салып  ойнап,  мұғалім  келе 

жатқанда 

тым-тырыс 

парталарына 

отыра 


қалатын 

төменгі 


класс 

шәкірттеріндей бұртиып, төмен қарап, конспект, кітаптар бетіне қайта үңіліп, 

үнсіз қалдық. 

Осыдан  кейін  бір  демалыс  күні  мен  Тананы  жатақханаға  ертіп  әкеп, 

қыздармен  таныстырдым.  Ол,  әсіресе  Меңтаймен,  Майрамен  шүйіркелесе 

сөйлесіп, жақсы дос боп кетті. 

Нашар  студенттердің  көз  жасын  көктемнің  жылы  жауынындай  сорғалатып, 

жазғы  емтихан  да  өтті.  Біздің  бірсыпыра  қыздар  жылап-сықтап  жүріп, 

кейбіреулері  құлап  қалған  емтихандарын  қайта  тапсырып,  бәріміз  тегіс 

үшінші  курсқа  көштік.  Бір  курс  жоғарылағанға  Алатаудың  төбесіне 

шықпағанмен  төскейіне  жеткендей  боп,  көңіліміз  көтеріліп  қалды.  Соңғы 

емтиханнан құтылған күні кешке отыз үшінші аудиторияға жиналып, өзімізше 

сауық өткіздік. Оны қалай ұйымдастыруды алдын ала ақылдасып алғанбыз. 

Ішкісі  келгендерге  бір-бір  бокал  шампан  қойылды.  Ішпейміз  дегендерге 

қалағандарынша  лимонад  пен  минерал  суы  берілді.  «Сен  ананы  іш»,  «сен 

мынаны  іш»  деген  сияқты  біреуді  біреу  қыстау,  қинауға  қатаң  тыйым 

салынды.  Әркімге  екі  бутербродтан  шайнама  және  тиді.  Осының  өзі  бізге 

бірінші  класты  ресторанның  ең  қымбат,  ең  дәмді  тағамынан  кем  боп 

көрінген  жоқ.  Бірлесіп  жасалған  программаның  «ішу,  жеу,  ықыластану» 



211 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет