Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет204/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

төбеме  көтерер  едім.  Оған  айнымас  адал  жар,  ажырамас  жан  серік  болар 

едім.  Дегенмен,  сен  бүгін  маған  жақсы  қызмет  еттің,  Зайкүл.  Сен  менің 

ойымды  айттың.  Меңтайға  ауызбен  айтып  білдіре  алмай  жүрген  тілегімді 

жеткіздің. Бұл үшін саған мың да бір рақмет, Сағынова. 

Мен осындай деп ойладым. Бірақ мен оны ешкімге де айтпадым. Қыздармен 

қосыла күліп, жайбарақат адамға ұқсап, үндемей отыра бердім. 

–  Иә,  әркімнің  өз  Пенелопасы  болғанға  не  жетсін!  –  деді  Қанипа  жұрт  тегіс 

тынышталғаннан  кейін  маған  көзінің  астымен  қарап  қойып,  өзгелерге 

бұрылып, көзін бір қысып қалып. Содан соң өтірік күрсініп алды. - Онсыз өмір 

қиын ғой!.. 

«Әркімнің  өз  Пенелопасы  болғанға  не  жетсін»  деген  менің  сөзім  болатын. 

Бұл курстағы қыздардың ауыздарынан түспейтін афоризмге айналып кеткен 

еді. Осындай бір үнсіздік орнай қалған тұста әлдебіреу  соны айтып жіберіп, 

жұртты ду күлдіретін. 

– Жоқ, – деді Зайкүл қолын сермеп. – Бұл Ерболдың, Ербол сияқты ұлдардың 

айтатын сөзі. Біздің оны өзгертіп, «Әркімнің өз Одиссейі болғанға не жетсін!» 

деуіміз керек, қыздар. Маған Одиссей керек! 

Қыздар тағы да күлді. 

– Одан өзге жарамай ма? – деді Жомартбек Зайкүлдің сөзін қағып алып. 

– Жоқ, – Зайкүл де тез жауап берді. - Жарамайды, сен жарамайсың. Соғыста 

болған жоқсың. 

–  Ендеше  соғыста  болған,  омырауы  орденге  толып  қайтқан  адам  отыр  ғой 

алдыңда, – деп 

Жомартбек мені нұсқады. 



210 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет