Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет200/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

– Қалай болады ендеше? – дедім мен Зайкүлге кекете сұрақ қойып. 

– Оны өзің де білесің, – деп Зайкүл ыржалақтай күлді. Өзін өзгеше мас еткен 

әлдебір тәттінің дәмін есіне түсіргендей боп елтіп қалды. 

–  Біздің  Зайкүл  ерте  ашылған  гүл  ғой,  –  деді  Жомартбек  оған  ешбір  мән 

бермегенсіп, мүләйім ғана. 

–  Иә,  әр  гүлдің  өз  уақытында  ашылғаны  жақсы  ғой,  –  деп  қостады  Майра, 

мырс етіп. 

– Оның несі жақсы, – деді Зайкүл лап ете тез жауап беріп. 

– Уақытында ашыламын  деп жүргенде суық соғып кетсе,  солар да қалар ол 

гүл. 

– Жоқ, олай болмас, мезгілінен бұрын ашылған гүл ғана ерте солатын шығар, 



– деді 

Жомартбек. 

– Ерте солсам да, есемді жібермесем болады. Менің білетінім осы, қыздар, – 

деді Зайкүл 

Жомартбектіңмысқылын елемеген болып. 

– Ия, ашыл, Зайкүл, ашыл, – деді Майра, сылқылдай күліп. 

– Бірақ біржола ашылып-шашылып қалып жүрме. 

Бұл әңгімені Меңтай басқа арнаға ауыстырды. 

– Ол қыз қазір қайда, ағай? – деп маған қарады. – Тананы айтамын. 

– Осында. 

– Осында-а-а? – деп екі-үш қыз қосыла дауыстап қалды. 



206 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет