Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет198/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Тоқта,  –  Зайкүл  қолын  көтерді.  –  Емтиханда  мақал  деген  халық  жүрегінің 

шындығы. 

Мақал  –  шындық  сәулесі  деп  таңдайың  тақылдағанда  алдыңа  жан 

салмайсың.  Енді  келіп  ол  мақал  ғой  дейсің.  Мақал  болса  өтірік  демекпісің 

сонда? 


–  Жоқ,  өтірік  демеймін,  шындық.  Бірақ  ол  қандай  мақал?  Мәселе  сонда. 

Халықтың  адал  жүрегінен  шыққан,  өмірдің  философиясын  білдіретін,  шын 

даналықты  танытатын  мақал  мен  мәтелге  дауым  жоқ.  Ал  халықтың  сол 

даналығына үстем таптың, елдегі қу, сұмдардың өз пайдасын көздеп қосып 

жіберген қоспалары және бар. 

– Мысалы? - деді Зайкүл. – Мысалын айт. 

–  Мысалы:  «Бәйбішеге  жарасар  қолындағы  сабасы»  деген  мақалды  ал. 

Бәйбішеден басқа әйел, кедей әйелдері қолдарына саба ұстаса күнә бола ма 

екен?  Олар  қымыз  ішсе  ауыздарынан  ағып  кете  ме  екен?  Жоқ,  бәйбішеге 

жарасқан саба басқаға да жарасады. 

Бірақ  үстем  таптың  сабаны  бәйбішеден  басқаға  ұстатқысы  келмейді.  Кедей, 

күң әйелдерге саба ұстауға жазбаған деп оларды сендіруге тырысады. Атам 

заманнан  келе  жатқан  халық  мақалы  осылай  деген  дейді.  Сол  сияқты 

өздерінің өзгеге жасаған қиянат, қылмысын бүркеу үшін қу, сұм адамдар да 

мақалға ұқсас сөздер шығарып қосқан. Мәселен, жаңағы өзің айтқан: «Алтын 

көрсе періште жолдан таяр» деген. Сұм, арам адамдар сұмдығын істеп алады 

да, артынан «Мен қайтейін, «Алтын көрсе періште жолдан таяды» деген, мен 

періште  емеспін,  адаммын  ғой»  деп  монтансиды.  Бұл  сол  үшін  шығарылған 

сөз.  Әйтпесе  алтын  көрсе  періште  неге  жолдан  таяды?  Жолдан  таяды  екен, 

онда ол періште емес. 




204 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет