Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет207/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Қыздар ду ете түсті. 

– Берілсін, берілсін! 

– Тіпті болмаса бірінші бастағаны үшін берілсін. 

Майра басын изеді. 

– Иә, қалағаныңды ата, Сағынова. 

Зайкүл қылмыңдап қалды. 

– Онда, – деді ол енді тәкаппарлана бастап, - онда мына екі жігіт, Ербол мен 

Жомартбек, шөп еткізіп екі жақ бетімнен қатар сүйсін. 

Қыздар қыран күлкі болды. 

– Жоқ, біреуіміз де жетеміз ғой, – деді Жомартбек. 

Зайкүл жетпейді дегендей, басын шайқады. 

–  Ойынның  тәртібі  бойынша:  қыздар  қалаған  адамына  өз  тілегін 

орындатады.  Осылай  ғой?  Ендеше  менің  тілегім  айтылды.  Екеуің  келіп 

орындаңдар, солай ма, Майра. 

Майра ішек-сілесі қатып, басын изеді. 

Жомартбек  екеуіміз  Зайкүлге  қарай  аяңдадық.  Қыздар  қосылып,  бір 

ырғақпен алақан соқты. Бұл жеңімпазға ойналған туш есебінде болды. 

Екінші  кезекті  Жомартбек  алды.  Ол  ортадағы  орындыққа  қолына  домбыра 

ұстап шықты. 

Орындыққа отырмас бұрын, артистерше иіліп, қыздарға тегіс ізет көрсетті. 



213 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет