Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет227/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

тіршілікті ешбір әйел – өмір деп түсінбейді. Біз де бір күні семья құрып, апа, 

аналарымыздың 

мәңгілік 

кәсібіне 

кірісеміз-ау 

әлі. 

(Біздің 


диван 

жағалағыштарымыз қандай болар екен десеңші?!). 

Семья  –  мемлекеттің  негізі.  Біздің  мемлекетіміз  –  азаттықтың,  әділдіктің, 

адамгершіліктің  Отаны.  Семьяға  адалдықтың  үлгісі  де  елден  елге,  ұрпақтан 

ұрпаққа бізден тарауы керек. 

Сондықтан  мен  ерлі-зайыпты  адамдардың  жұптылық  салтын,  адалдық 

заңындай  ардақтап,  бұлжытпай  орындауын  қалаймын.  Әйелдің  жүрегіне 

жара  түспесе  екен,  ол  әрқашанда  бақытты,  қуанышты  бола  берсе  екен 

деймін.  Барлық  әйелдің  жары  ақ  көңіл,  адал  болса  екен,  олар  әрқашан 

әйелдерін қадірлей білсе екен деп тілеймін. 

Мен  Отанымды  сүйемін,  өз  мемлекетімді  өз  үйімдей  көремін.  Егер  мен 

соғыста  болсам,  сүйікті  Отаным  үшін,  Зоя  Космодемьянская,  Мәншүк 

Мәметова,  Әлия  Молдағұлова  сияқты,  қасықтай  қанымды,  шыбындай 

жанымды аямас едім. Бірақ менің үлесіме соғысқа бару тиген жоқ. Мен бұл 

соғыста  талай  адамның  қаны  төгіліп  қорғалған  қасиетті  мемлекетімнің 

моральдік негіздері одан сайын берік бола беруін мұрат тұтамын. 

Өрістеген  экономика  мен  берік  моральдік  негізі  бар  мемлекет  ешқашан  да, 

ешкімнен де жеңілмейді деп білгендіктен соны нығайта беруге үлес қосуды 

арман етемін. 

Он сегіз жас - от боп лаулап тұрған шағы екен ғой адамның. Жаның жалынды 

болып,  жас  ғұмырды  еліңе  пайдалы  етіп  өткізгенге  не  жетсін!  Жан-жағыңа 

нұр шашып өткен өмірден ардақты не болсын! 

Кино  -  жақсы  өнер.  Бірақ  кейбір  қыздардың  сабақты  тастап,  күн  сайын 

киношыл болуы – жақсы өнер емес-ау. 




233 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет