Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет243/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Бұлаң етіп қасымыздан соңғы вагон өтті. Сары жалаушасын шошайта ұстаған 

кондуктор  сан  көздің  шарасына  жалғыз  кіріп,  бейнебір  сол  көздердің 

тұңғиық түбіне сіңгендей болып, тереңдеп, батып бара жатыр. 

Радио музыкасы тынды, ән тоқтады. Поездың дүрсілі бірте-бірте алыстай да, 

бәсеңдей  берді.  Қалған  жұрт  үн-түнсіз  кері  бұрылып,  вокзал  қашасынан 

қалаға  шығатын  қақпаға  қарай  ағылды.  Перрон  той  өткен,  жәрмеңкесі 

тараған  тақыр  төбеге  ұқсап,  құлазып  бос  қалды.  Сол  перрондай  болып, 

поездың  қарасынан  көз  айырмай  қалтиып  жалғыз  қалған  менің  көңілім 

құлазылды. 

–  Ереке,  –  деді  біреу  ақырын,  дауыстап.  Бұл  Жомартбектің  үні  еді.  Ол  мен 

әскерден келген алғашқы кездегідей «ағайды» қойып, кейде осылай «Ереке» 

дейтін  болған.  Үйренісе  келе  басқа  бірсыпыра  қыздар  да  мені  «Ербол»  деп 

атауға көшкен. Тек Меңтай ғана «ағай» деп атайтын. Мен мойнымды бұрсам, 

мың  кісі  сиярлық  перронда  Жомартбек  екеуіміз  ғана  қалыппыз.  Жомартбек 

менің  Меңтайды құлай  сүйетінімді іштей  түсінетін  еді.  Сондықтан  болар, ол 

жақаурата сөйледі. 

–  Екі  ай  деген  не,  екі-ақ  күндей  боп  өте  шығады  әлі,  содан  соң  тағы  да  бас 

қосамыз  ғой  бәріміз,  –  деді  ол  екі  танауы  делдеңдеп.  –  Жүріңіз,  жұртта  сіз 

екеуіміз ғана қалдық. 

Жомартбек мені жұбаттым деп ойлады. Бірақ онысы жұбату емес, жараның 

аузын  тырнаумен  тең  болды.  «Екі  ай  екі  күндей  боп  қалай  көрінсін,  –  деп 

назаландым ішімнен. –  

Мен қызыққанға көлденеңнің құрығы түскіш келуші еді. Көңілім құлаған осы 

қызды  да  тағы  біреу  қағып  кетіп,  дәт  деп  қалмасам  жарар  еді.  Онда  мен 

қалай өмір сүремін? 




249 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет