Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет245/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Трамвай  салдыр-гүлдір  етіп,  Никольск  базарына  келіп  тоқтады.  Осыдан  екі 

сағаттай  бұрын  Меңтайдың  жүгін  көтеріп,  жұртпен  таласа  күліп  мінген 

трамвайдан  енді  алты  ай  жаздай  сүзекпен  ауырып,  содан  жаңа  ғана 

тұрғандай сүйретіліп жалғыз түстім. Бағана бұл жерде адам да көп, базар да 

қызу  сияқты  еді.  Енді  аялдама  басында  ешкім  жоқ,  базарға  кіре  беріс  бергі 

маңда да ешбір жан көзге көрінбейді. Әшейінде жатақханадан шыға қалсаң 

да,  университеттен  келе  жатсаң  да  мен  мұндалап,  сары  ала  тон  киген 

патшаның суретіне ұқсап үнемі қожырайып алдында тұратын шіркеу де жоқ; 

тағынан тайғандай, тасаланып қалыпты. 

Трамвай  жолынан  өтіп,  салбырап  жатақхана  қақпасына  қарай  бет  түзедім. 

Өне  бойым  сал-  сал.  Бірнеше  күн  мас  болып,  мәңгіріп  қалған  сияқтымын. 

Басым  салбырап,  пәленбай  жылдан  бері  студенттердің  аяғы  таптап  келе 

жатқан тақыр асфальттан көз алмаймын. 

Жерден  бір  нәрсе  көрсем  деп  ынтығатындаймын.  Бірақ  қиыршық  тас,  ұлпа 

топырақтан басқа ештеңе көрінбейді. Міне қызыл кірпіштің сынығы жатыр. 

Бұл  сынық  бағана  біз  жатақханадан  шыққанда  жол  ортасында  тұрған. 

Қыздармен  қатар  алда  келе  жатқан  Меңтай  тоқтай  қалып,  аяғындағы 

кішкентай  ақ  танкеткасының  тұмсығымен  кірпішті  итеріп,  асфальттің  шетіне 

қарай сырғытып кеткен. Содан соң сәл бұрылып арт жақта жүк көтеріп келе 

жатқан Жомартбек екеумізге қараған. Мен оның аппақ аяқтарының қаздиып 

осы кірпіштің қасында тұрғаның өз көзімен көргемін. Енді міне сол жерде де 

оның  ізі  жоқ.  Мен  ернімді  тістедім.  Сүйген  жаныңның  ізі  көз  алдыңда  неге 

сайрап  жатпайды  екен  деп  наза  болдым.  Тоқтап,  асфальтқа  еңкейіп,  қызыл 

кірпіштің сынығын қолыма алдым. Үңіліп оған да қарадым, онда да еш белгі 

жоқ. Сонда да оны қолымнан тастамадым. Біресе бұл Меңтайдың танкеткасы 

болсашы  деп  ойладым.  Біресе  оның  аяғын  өстіп  сипасам-ау  дедім. 

Алақанымдағы кесекті қайта-қайта қысып қойдым. 




251 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет