Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет242/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

көкке көтерілуге айналған аққу қайтадан жерге қонды. «Уһ!» деп ішіме терең 

бір  дем  тартып,  үлгіргенімше  проводниктердің  тұс-  тұстан  жамырай  айтқан: 

«жолдас жолаушылар, вагонға кіріңіздер!» деген үндері естілді. 

Перронды кернеген жаңағы «құйындар» тегіс вагондарға қарай лап қойысты. 

Бізде  қыздарымызды  қолтықтап,  вагонның  тепкішегіне  көтердік.  Олармен 

асығыс  қол  қысыстық.  Меңтай  менің  қолымды  қаттырақ  қысып,  ұзағырақ 

ұстайтын  шығар  деп  үміттенген  едім.  Олай  болмады,  оның  алақаны  менің 

қолыма  тиер-тиместе  екінші  біреу  қағып  әкетті.  Осы  кезде  радио 

«Қараторғай»  әнін  шырқады.  Оған  перрондағылар  қосылды,  вагондағылар 

және  жалғады.  Көп  адамның  қосыла  шырқаған  үні  желді  күнгі  теңіздей 

толқып  вокзал  үстіне  көтерілді  де,  кең  проспектіні  керней  Алатауға  қарай 

лықсыды. 

Келеді қара торғай қанат қағып... 

Мен дереу ілгері ұмтылып, вагонның алдына келдім де: 

–  Меңтай,  сен  маған  ұрыспа,  дәптеріңе  бір  сөз  қосып  қойдым,  -  дедім 

дауыстап. 

Осы кезде гудок беріп, поезд қозғалды. Перроннан поезға, поездан перронға 

қарай қолдар созылды. Меңтай басын изеп, қыздарға қол бұлғады. Ол басын 

маған изеді ме, қыздарға изеді ме, менің не дегенімді естіді ме, естімеді ме – 

айыра алмадым. Менің көзіме мөлтілдеп жас келді. Оны өзгелерге көрсетпеу 

үшін,  жылжып  бара  жатқан  вагондарға  қарап қолымды  сермей  бердім.  Қол 

сермеп  жердегілер  шырқап  тұр.  Вагондардың  терезелерінен,  есіктерінен 

қолдар  бұлғап,  поездағылар  шырқап  барады.  Сермелген  қолдар  қалықтап 

ұшып бара жатқан қара торғайларға ұқсайды. Бір топ қара торғай зымырай, 

самғай  ұшып,  алысқа  бет  қойғандай.  Бір  тобы  қалықтай  көтеріліп,  қайта 

айналып, келіп алғашқы орнына қонуға бет алып қайта төмендегендей. 



248 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет