Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет312/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

– Сен студентпісің? 

– Иә. 

– Қай факультетте оқисың? 



Мен оны да айттым. 

– Қай курстасың? 

– Үшіншіде. 

Мен  тарих-филология  факультетін  айтқанда-ақ  ол  ежіреңдеп  қалып  еді.  Ал 

үшінші курста оқитыным оның шамына тигендей боп, шытынап кетті. 

– Онда сен Ербосынованы білесің бе? 

– Меңтайды ма, білемін, - дедім әлденеге жүрегім су ете қалып. 

– Қалай білесің? 

– Бірге оқимыз. 

– Басқа ештеңең жоқ па? 

Мен сәл үндемей тұрдым да: 

– Жоқ, – дедім. 

Ол  менің  бұл  жауапты  кідіріп  барып  бергеніме  күдіктенгендей  болды. 

Сенерін де, сенбесін де білмегендей, бетіме шегір көзін сығырайтып, тағы да 

тесіле қарады. 

– Ендеше сен оны осы қазір бізге шақырып кеп бер, – деп бұйырды ол. 

Енді  мен  оның  бетіне  тесіле  қарадым.  Бақсам,  жігітім  ептеп  жұтып  алған 

екен.  Маған  өктем  сөйлеп  жүргені  де  содан  болуы  керек.  «Шабуылға 




318 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет