Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет315/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Жоқ,  алыс  емес.  Осыдан  үш-төрт-ақ  квартал  жерде,  Дзержинский  мен 

Виноградов  көшелерінің  қиылысында,  –  дедім  Никольск  шіркеуі  жақты 

нұсқап. 


Мен  олардың  қасынан  өтіп,  жаңағы  карташыларға  қарай  беттедім. 

Зығырданым  қайнап,  өзімнен-өзім  ыза  боп  келе  жаттым.  Неге 

ашуланғанымды  және  білмеймін.  Осы  кезде  сырт  жағымнан:  «Ағай, 

тоқтаңызшы»  деген  дауыс  естілді.  Мойнымды  бұрсам  сары  шегірдің 

жолдасы екен. 

–  Ағай,  ана  кісінің  сөзіне  ашуланып  қалдыңыз  ба?  Ол  кісінің  мінезі  солай. 

Майданда  батырдың  жолдасы  болған  кісі,  өзі  де  ер  мінезді  адам.  Меңтай 

оның  қарындасы  емес,  уәделескен  қызы,  жаңа  оны  өзіңіз  дәл  тауып 

айттыңыз.  Алда  мейрам  келе  жатқан  соң  сол  кісіге  жолығып  қайтайық  деп 

ауылдан,  сонау  Нар  станциясынан  келіп  едік.  Оның  үстіне  ана  кісі 

«Меңтайдың жақсы құрбысы бар, соны саған таныстырамын» деп сүйрелеп 

болмады мені. Менің де әскерден келгеніме екі ай ғана болып еді. Өзіңіз де 

солдат екенсіз. 

Сізден өтінішім, мына екі солдат бауырыңызды театрға ертіп апарсаңыз екен. 

Біз оның қай жерде екенін білмейміз. Ағай, мен сізден жалынып өтінемін... 

Осылай деп, Тұмажанның жолдасы лақ еткізіп бар сырын бір-ақ айтты. Және 

іші- бауырыма кіре өтініш етті. Мен бұл жас жігіттің тілегін қайтара алмадым. 

Осы жігіт үшін екеуін театрға алып бармақ болдым. 

Үшеуміз  Никольск  базарын  басып  өтіп,  шіркеудің  жанымен,  базар 

маңындағы  ескі  үйлерді  артқа  тастап,  алдымен  Дұнған  көшесіне,  одан  соң 

Аманкелді көшесіне шықтық. 

Жас жігіт екеуміз анда-санда тіл қатысып қоямыз. Одан жөн сұрадым. Ол Нар 

ауданындағы  бір  колхоз  председателінің  баласы  екен.  Аты  Ерғазы.  Бұл 



321 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет