Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет316/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

әскерде  жүргенде  әкесі  ауылдағы  біреудің  қызын  әпермек  боп,  уәделесіп 

қойыпты.  Бірақ  жігіт  оны  ұнатпапты.  Қасындағы  ағайы  бір  күні  ауылдарына 

уәкіл  болып  келіп,  үйлерінде  қонақ  болып  отырып:  «Мен  саған  Алматыдан 

қыздың көкесін тауып беремін» депті. Сонымен ол мұнда «қыздың көкесін» 

іздеп келіпті. Ерғазы қалқан сырын осылай, шелектен су құйғандай етіп, тағы 

бір ақтарып салды да, кейінірек келе жатқан Тұмажанға естіртпей: 

– Бұл кісі аудандық мекеменің меңгерушісі, - деп қойды. 

Өзбек  көшесін  кесіп  өтіп,  драма  театры  тұрған  Дзержинский  көшесіне  келіп 

тірелдік. 

– Театр осы, – дедім мен көше жақ қабырғасында кішігірім қазандай аспалы 

сағаты бар, бүйіріне сыған әйелдерінің киіміндей әртүрлі алабажалақ афиша 

қағаздары жапсырылған, жатаған, өзен пароходына ұқсас, үлкен үйді нұсқап. 

– Бұдан біз қалай табамыз? - деді Ерғазы апалақтап. 

– Билет алып, ішіне кіріңіздер. 

– Қазыр ойын басталып кетті ме екен? 

– Басталған болар. Бірінші акт бітіп, жұрт үзіліске шыққанда тауып аласыздар 

ғой. 


Арттан  ырғала  басып  Тұмажан  келді.  Ол  келе  сала  театр  қабырғасындағы 

афишаға үңілді. 

Онда көрсетілген спектакльдерді бір-бірлеп оқи бастады. 

– Е, бүгін «Қобыланды» екен ғой, – деді ол. 

– Иә, «Қобыланды» екен, – деді Ерғазы. 



322 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет