Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет318/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Жаңағы  Тұмажан  екеуміздің  жатақхана  жанында  шарпысқанымыз  ойыма 

түсіп кетті. 

Бұлар да қызға таласып жатыр екен ғой дедім ішімнен. 

Сахнадағы  бұдан  кейінгі  көріністерге  жете  назар  аудармадым.  Бар  болғаны 

Көкланның  шашы  жалбырап,  «Зу-зу  арзу»  деп  сахнада  ұшып  жүргені. 

Қарлығаның  өзіне  құмар  қос  батыр  Қазан  мен  Алшағырға  қыр  көрсетіп, 

жалаң қылышты жарқылдата би билегені есімде қалды. 

Бір  кезде  жарқ  етіп  шам  жанды.  Жұрт  орындарынан  тұра  бастады.  Үзіліс 

болғанын мен сонда ғана білдім. Жалма-жан балкондағы жұртқа бір, төменге 

бір  қарап,  өзі  арық  мойнымды  қылқаңдатып  соза  бастадым.  Жоғарыға 

шапшаң  көз  жүгіртіп,  төмендегі  жұрт  арасынан  іздеуге  асыққандықтан  ба, 

балконда біздің қыздар жоқ сияқты көрініп, тез төмен қарай жүгірдім. Жан-

жағыма  алақтап  көз  салып,  әркімге  бір  тесіле  қарап,  елпеңдей  басып  келе 

жатыр  едім.  Сол  кезде  фойедегі  жұртты  қақ  жарып,  таныс,  бейтаныс 

адамдарымен  қайта-қайта  бас  изей  сәлемдесіп,  көрермен  қауымға 

мейірлене,  бейілдене  жымиып,  сол  жымиюымен  жан-жағына  шуақты  жылу 

шашып,  маңғаз  аяңдап  профессор  Әуеновтің  қарама-қарсы  кеп  қалғанын 

бірақ аңғардым. Жалма-жан шетке бұрылып: 

– Мұхит аға, сәлеметсіз бе, - деп оң қолыммен кеудемді басып, бас идім. 

– Бәле, бұл Ербол, сенбісің? «Қобыландыны» көруге келдің бе? – деп Әуенов 

бұрылып  келіп  мені  білегімнен  алды.  Осы  арада  мен  мыңдаған  таныс, 

жүздеген  студенттері  бар  Әуеновтің  адам  аттарына  соншама  зеректігіне  таң 

қалдым. Профессорға сәлем бере тұрып, бұл кісі менің жүзімді танығанымен 

атымды біле қояр дейсің бе? Күн сайын алдынан топ-тобымен өтіп жататын 

шәкірттерінің  қайсысының  аты-жөнін  біле  береді,  менің  есімім  де  есінен 




324 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет