Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет323/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

– Ағай, сізге рақмет, – деп Ерғазы келіп қолымды алды. – Сіз болмасаңыз, біз 

таба алмайтын едік бұл кісілерді. 

Тұмажан  жай  ғана  иек  қақты.  Меңтай  үнсіз,  төмен  қараған  күйде  қалды. 

Майра көзінің астымен Меңтай мен Тұмажан екеуіне кезек қарай берді. 

Мен  енді  қайта  театрға  кіре  алмайтынымды,  кірсем  де  орнығып  отырып, 

ұғып  ойын  көре  алмайтынымды  сездім.  Театрдан  шықтым  да,  ішім  толып 

бара жатқандай боп, жатақханаға қарай жүгірдім. Өкпем күйгенде барып бір-

ақ тоқтадым. Ненің қуанышы қуалап жүгіргенімді өзім де білмедім. Жоқ, ол 

қуаныш  емес  еді.  Бағанадан  бері  денесінде  снарядтың  жарықшағы  қалған 

жаралы  адамдай  күйде  болатынмын.  Енді  сол  «жарықшақ»  қозғалып, 

жанымды  шығара  бастады.  «Апырау,  неге  ертіп  әкелдім  осы  екеуін 

сөлпеңдетіп?» – деп бір өкіндім. «Мен әкелмегенмен олар бірін-бірі бәрібір 

табады  ғой»,  –  деп  қайтадан  өзімді-өзім  жұбаттым.  «Меңтайдың  өтінішін 

орындап,  қыздар  мұнда  жоқ  екен  деп,  неге  өтірік  айтсам,  аузым  қисайып 

кетпейтін  еді  ғой»  деп  және  қиналдым.  «Қой,  өлсем  де,  өтірік  айтпаспын» 

деп ол ойыма тағы қарсы болдым. Мені мұншама ойға қалдырып, жанымды 

қинаған «жарықшақ» - қызғаныш пен өкініш еді. Мен Меңтайды уәделескен 

жігітінен  қызғандым.  Мен  оған  берген  уәдеңді  бұзба  дегеніме  бір  өкінсем, 

енді  екеуін  қолдарынан  жетектегендей  боп  біріне-бірін  табыстырғаныма 

және өкіндім. Өкініш пен қызғаныш өксік болып, тамағыма кептеліп еді. Ол 

күні осылай болғанды. 

* * * 

–  Сол  үш  күн  бойына  сізді  ойыма  алумен  болдым,  –  Меңтай  күрсініп, 



қайтадан  сөзін  жалғап.  –  Тұмажанды  тасырлап,  одыраңдай  театрға  жетіп 

келгенінен-ақ ішім жаратпап еді. Оны сол ұнатпағаным ұнатпаған болды. 




329 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет