Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет322/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

– Онда мен... мен... жоқ екен деп айтайын, – дедім. 

Қыздар  менің  бұл  сөзімді  естімеді  ме,  естісе  де  енді  кеш  деп,  елемеді  ме, 

ілбіп  ілгері  жүре  берді.  Жігіттер  сыртқы  дәлізге  кіріп,  бір  бұрышта  күтіп  тұр 

екен.  Шегір  көз  сары  қыздарды  көргенде  құбылып  сала  берді.  Жымыңдап, 

жылмиып,  маймаңдай  басып  бізге  қарай  ұмтылды.  Иіріліп,  иіліп  еңкейіп 

келіп,  Меңтайға  бас  иді.  Аяғын  сарт  еткізіп  жіберіп,  оның  қолын  алды  да, 

алдымен ернін тигізді, сонан соң алақанын апарып бетіне басты. 

Меңтайдың  қолын  жайлап  босатып,  тез  Майраға  қарай  бұрылды  да,  аяғын 

тағы да сарт еткізіп, жаңағы жасағандарын жылмия тұрып қайталауға кірісті. 

«Апырай,  мына  Тұмажан  бір  емес,  екі  кісі  болып  шықты-ау,  –  деп  ойладым 

мен оның мына қылықтарына қарап тұрып. - Жаңа маған соншама сызданып 

еді. Енді қыз алдында құрдай жорғалауын қарашы». 

–  Бикештер,  өздерің  қашып,  ұстататын  емессіңдер  ғой,  –  деді  ол  қыздарға 

қырлана үн қатып. 

– Бізді аяғымыздан тұсап, арқандап кеткен ешкім жоқ шығар, – деді Меңтай 

сабырлы үнмен. 

Шегір  көз  сары  иығын  қозғап,  ұрынбақ  болып  қопаңдап  қалып  еді.  Одан 

бұрын Майра сөйлеп кетті. 

– Иә, Меңтай түні бойы қатты ауырып, түске дейін төсекте жатып еді,  – деді 

ол.  –  Содан  соң  бой  жазайық  деп  театрға  келдік.  Әйтпесе,  әрқашанда 

үйдеміз. 

Шегір сары Меңтайға қадалып, оның шынында да жабырқап тұрғанын көрді. 

Сондықтан ол оқталған сөзін айтпады. 

– Ал, қош болыңыздар, – дедім мен кетуге ыңғайланып. 



328 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет