Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет346/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

бірдеңені  суырып  алды.  Сөйтсем,  онысы  ішімдіктен  босаған  сида  сауытқа 

толтыра салып алған, тышқанның құмалағы сияқты, қиыршық-қиыршық қара 

бұйра  насыбай  екен.  Соның  шошайған  қағаз  тығынын  алып,  сол  жақ 

алақанының  шұңқырына  бір  уысқа  жуық  насыбайды  бір-ақ  салды  да, 

насыбай  емес,  қылқ  еткізіп  коньяк  жұтқандай  етіп,  апандай  аузына  апарып 

тастап  кеп  жіберді.  Тілінің  ұшымен  екі  ұртын  кезек-кезек  бұлтитып, 

тығырыққа  қасқыр  қуып  тыққандай  құмарлықпен,  аузындағы  насыбайды 

салпы  ерін  мен  сары  тістің  арасына  жинады  да,  рақаттанғандықтан  екі  езуі, 

үнсіз  ырылдаған  сары  төбеттің  езуіндей,  жыбырлап  қоя  берді.  Содан  соң, 

сабалақ  сары  шашты  аю  басын  әрең  қозғап,  солға  қарай  бұрды  да,  кәрі 

қойдың тісіндей мүжіліп, түп жағы қарайып кеткен, үш жағы сап-сары сирек 

тістерінің  арасынан  сыздықтата,  шырт  еткізіп  түкіріп  қалды.  Бүркітбай 

түкірмек  боп  басын  бұрған  кезде  бұрандаға  ілініп,  суырылып  бара  жатқан 

тығындай,  әйел  байғұс  орнынан  көтеріле  берді  де,  Бүркітбай  бері  қарай 

қайта  бұрылғанда  әйел  де  сылқ  етіп,  орнына  отырды  –  өн  бойын  темір 

бұранда бойлай кіріп, қозғалтпай тұрған тығын сол күйінде қалды. 

Бүркітбайдың  түкірігі  сол  жақтағы  үстелде  бұқиып  бірдеңе  жазып  отырған 

есепшінің оң жақ бетіне шылп ете түсті. Есепші ыржың етіп басын бір көтерді 

де,  бетін  алақанымен  сипай  салды.  Содан  соң  қағазына  қайта  бұқиып, 

жағына  Бүркітбайдың  түкірігі  емес,  нақ  бір  құдайдың  жылы  жаңбыры 

тигендей масайрап, мыңқ етпестен отыра берді. Есепші жігіт біздің ауылдың 

Тұрсын  деген  баласы  болатын.  «Тұрсын,  төбеңнен  құдай  ұрсын»  дедім  мен 

ішімнен оның бетіндегі Бүркітбайдың насыбай аралас түкірігінің айғыз-айғыз 

ізін көріп тұрып. 

Бүркітбай  рахаттана  түкіріп  тастап,  қатты  бауырсақ  шайнағандай,  аузын 

қайта-қайта  малжаңдатып,  тышқанның  қиындай  түйіртпек  насыбайдан 

әлдебір әл алғандай боп, алдындағы әйелге одан сайын тесірейе қарады. 




352 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет