Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет348/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Бұл  әйелдің  кім  екенін  ол  тоқтап,  кейін  бұрылғанда  бір-ақ  білдім.  Ері  мен 

үлкен ұлы соғыста өлген Қанша апай екен. Соғыста өлген үлкен ұлы менімен 

түйедей құрдас еді. 

Қолындағы кенжесі біз соғысқа кеткенде кішкентай бала болатын. Сол есейіп 

,  әжетке  жарап,  қаршадайынан  жұмыс  істеп,  шешесіне  сүйеніш  болып  жүр 

деп естігенмін. 

– Сәлеметсіз бе, Қанша апай? – дедім әйел председательге ақырғы жауабын 

беріп болғаннан кейін. 

Қанша апай да мені енді таныды. 

–  Аманбысың,  айналайын.  Ербол  екенсің  ғой,  -  деп  жақындап  кеп  бетімнен 

сүйді. - Қашан келдің? Оқуың бітті ме, қалқам? 

– Кеше келдім, оқып жүрмін әлі. 

–  Нарша  байғұс  қуанып,  ақ  түйенің  қарны  жарылып  жатыр  десеңші  онда. 

Жарайды,  қалқам,  үйлеріңе  барып  жолығамын  ғой,  –  деп  Қанша  апай 

қайтадан есікке қарай беттеді. 

– Әй, қатын, – деді Бүркітбай әйелді тағы тоқтатып. Қанша апайдың әкесі азан 

шақырып  қойған  аты  Бүркітбай  үшін  мүлде  өшкен  сияқты,  қайта-қайта 

«қатын» деп атайды. – Дәрігер сенің не теңің, жұмысқа бара бер. Егер балаң 

ертең  тракторға  жанармай  тасуға  шықпаса,  онда  ауданнан  мелитса 

шақыртып, айдатып жіберемін ұлыңды. Білдің бе? 

Бүркітбайдың  бар  құқайына  төрт  жылдан  бері  шарасыз  көніп  келе  жатқан 

жесір  әйел  бір  ауыз  сөз  қарсы  айтпастан,  тағы  да  бас  изеп,  есіктен  шығып 

кетті. 


Бұрынғы бригадирімнің мынадай боп кеткеніне мен таң қалдым. Алғашында 

оның сәлемімді алмағаныма ренжіп қалып едім. Артынан, әлгі сорлы әйелді 




354 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет