Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет345/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

– Ассалаумағалейкүм, - дедім председатель кабинетінің табалдырығын аттай 

бере. 

Төрде  күжірейіп  Бүркітбай  отыр  екен.  Мен  бала  күнімнен  білетін  кешегі 



ширақ,  кірпі  шаш,  ұзын  бойлы,  көзі  тұздай  көк  сары  жігіт  бұл  күнде 

үйелмендей сары шал болыпты. 

Иегі  ілгері  ұмсынып,  шошқаның  кірпігі  сияқты  қою  ақ  кірпік  торлаған,  тұзы 

азайғандай түссіз көк көздері өзін жұтқалы келе жатқан жыланнан қорыққан 

тышқандай боп бүрісіп, бұғып қалған қарсы алдындағы жұдырықтай әйелге 

тікенектей қадалып, тесірейе қалыпты. Бүркітбай маған мойын да бұрмастан, 

ормандағы  сары  аюдың  табанындай  балпиған  күректей  етжеңді  алақанын, 

жас  баланың  қос  жұдырығындай  қызыл  мұрнына  қонған  шыбынды 

қаққандай, бір сілтеп қалып: 

– Әй, сәлеміңді қойшы, әрі, – деді. 

Бүркітбай бұрынғысынша жай сөйлейді екен. Әр сөзін ақпанда құтырып адам 

тарпыған  бураның  тізесіндей  тегеурінмен  нығарлап,  нығыздай  айтатын 

болыпты. 

Оның  оң  қол  жағында,  соғыста  үлкен  командирлер  ғана  ұстайтын, 

қалыңдығы  қылыштың  қырындай  сары  әмірқан  былғарыдан  жасалған, 

иыққа асынатын ұзын баулы, әскери сумка жатыр. Шабуылға шыққанда кей 

командирлер оған гранат, немістердің олжа пистолет  – ауыр парабеллумын 

салып  алатын.  Бүркітбай,  шарап  сауытының  тығынын  бұрала  сүңгіп  тесіп 

өткен  темір  бұрандадай  боп  әйелге  қаралып  қалған  түссіз  көк  көзін 

бұрмастан,  оң  қолын  сумкаға  қарай  созып,  сипалап,  оның  аузын  аша 

бастады. Мен мына мылқау дүнгене сумкадан мылтық суырып алып, сорлы 

әйелді  бүрісіп  отырған  бойында  басып  салар  ма  екен  деп  қорықтым. 

Шынында да ол сумкадан немістердің ағаш сапты гранатасы сияқты ұзындау 



351 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет