Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет376/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

махаббатты  берік  ұстаған  берекелі  семьяны  ғана  көрші  ұнатады,  қоғам 

құптайды. 

Махаббат  ұшқыны  дананың  да,  даңғойдың  да  жүрегіне  түседі.  Біріншісінің 

жүрегіне  түскен  ұшқын  махаббаттың  маздаған  мәңгілік  отын  тұтатады; 

соңғысына  түскені  –  мұз  үстіне  лақтырған  қызыл  шоққа  ұқсайды.  Шын 

махаббаттың шырғалаңы да болады. 

Махаббат мәңгілік болуы үшін, оның оты өшпеу үшін оған жұп боп қосылған 

екі  жақ  кезек  «тамыздық»  тастап  отыруы  парыз.  Мұның  өзге  ешбір 

математикалық  формуласы  жоқ.  Махаббатта  бір-ақ  формула  бар,  ол  – 

тұрақтылық. 

Махаббаттың  да  досы  мен  қасы  бар.  Досы:  ұят,  ар.  Осы  үшеуін  ренжітпей 

өзіне  сенімді  серік  еткен  махаббат  қана  зайыптылық  заңына  берік  болады. 

Қасы:  ашу,  қызғаныш,  кикілжің,  қоржаң,  осылардың  әзәзілі  -  арақ.  Жас 

жұбайлардың  бірін-бірі  сүйіп  қосылуымен  іс  бітпейді.  Олар  қосылғаннан 

кейін  де  өз  махаббатын  гүлдей  мәпелей  беруі  тиіс.  Сүйіктісін  қуантуға 

тырысу, соны риза етерлік бір нәрсе істеуге ұмтылып отыру – мәпелеудің бір 

түрі осы. Сүйгеніңнің көңілін қалдырмау үшін оның тілегін мүлтіксіз орындау 

да ғанибет. 

Сайып  келгенде  әр  адам  –  өз  махаббатының  бағбаны.  Солып  қалмауы  үшін 

қай  гүлге  қашан  су құю  керектігін  бұлжытпай  білетін  бағбан  тәрізді,  адамда 

өз махаббатының үнемі жайқалып тұруына тынбастан жағдай жасап отыруы 

тиіс. Бұл үшін ерлі-зайыптылардың әрқашанда бір-біріне құштарлығы, шексіз 

сенімі,  әлдеқалай  іште  бас  көтерген  қызғанышты  сыртқа  шығармай 

сабырмен  жеңуі,  ағат  айтылған  сөздерді  кек  тұтпауы,  мейірімділігі,  өзара 

қалтқысыз  қамқорлығы,  сыйластығы,  ашуын  тежеп,  нәпсіні  тыйып  ұстауы 

қажет. Бір сөзбен айтқанда, "сезімдерін тәртіппен ұстай білген зайыптардың 



382 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет