Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет379/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Адам  өзін-өзі  алдамайды,  балам.  Адам  өзіне-өзі  басу  айтып, 

бақытсыздықтан сақтанады. 

Келіннің  бауырында  алтын  айдар  ұлың  бар.  Оның  бір  білместігін  кешіруің 

керек, шырағым. Адам бір адасқан жерінен екінші рет өмірі адаспайды. 

– Өзім де жақсы көремін оны, қимаймын. 

– Онда өзіңді де, оны да қинама, балам. Ал ұйықтай бер енді. 

Жігіт түні бойы дөңбекшіп ұйықтай алмай шықты. Таңертең екеуміз аттанып 

кеттік. Жігіт жолда сырын айтты. «Енді әйеліммен қосыламын!» деді. 

Осылай деп әңгімемді аяқтадым да, мен екі қызға кезек қарап, өзімнен-өзім 

ыржиып күлдім. Майра бірдеңені сезгендей, жымиып төмен қарады. 

– Иә, ал бұдан шығатын қорытынды не? – деді содан соң. 

– Ақсақалдікі дұрыс қой! – дедім мен тағы да өз-өзімнен қысыла күліп. 

Шал мен жігіттің сонау жайлаудағы, жұлдызды түндегі осы диалогы арқылы, 

соған  астарлап,  бұл  менің  Меңтайға  оларды  іздеп  келген  мақсатымның 

түйінін айтқаным еді. 

Бірақ Меңтай ештеңе ұқпағандай, үнсіз қалды. 

Күн бата екі қыз мені шығарып салмақ болып, автобус тоқтайтын жерге ертіп 

әкелді. 

–  Түу,  ағай,  келгеніңіз  қандай  жақсы  болды?  –  деді  Меңтай  кетерде  маған 

ризалығын жеткізіп. – Көп рақмет. Сіз менің кеудеме керемет бір күш құйып, 

жігер  бергендей  болдыңыз.  Соңғы  кезде  жігіттердің  ешқайсысын  көргім, 

көздеріне түскім келмеуші еді. 

Ал бағана сізді көргенде, неге екенін білмеймін, бірден қуанып кеттім. 




385 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет