Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет381/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   377   378   379   380   381   382   383   384   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

айтыңызшы  дегеннен  кейін  әр  әңгімені  бүге-шігесіне  дейін  қалдырмай 

тәптіштеп  баяндадым.  Мақтанып  кеттім  бе,  масайрап  кеттім  бе,  білмеймін, 

қыза келе облыстық газетте жарияланған мақалаларыма дейін көрсеттім. 

Осынымның  бәрі  орынсыз  болғанын  түнде,  Калинин  көшесіндегі 

жатақхананың  отыз  жетінші  бөлмесінде  жатқанда  бір-ақ  пайымдадым.  Күні 

бойы  мас  болып,  енді  ғана  есімді  жиғандай  күй  кештім.  «Апырау,  неге 

өсіттім? Неге көкіп ұзақ күнге жақ жаппай сөйлей бердім? Одан да Меңтайға 

оны  әлі  күнге  дейін  сүйетінімді  неге  айтпадым?  Айтып  тұрып,  «адал  жарың 

болайын,  енді  мені  өмірлік  серігің  ет»  деп  неге  жалынбадым  оған?»  –  деп 

өзіме-өзім  ұрыстым.  «Жоқ,  оны  айтуға  мүмкіндік  болды  ма?»  -  деп  өзімді-

өзім және ақтадым. – «Ағай, басыңыздан кешкеннің бәрін бүгінгі күнге дейін 

толық  айтып  беріңізші»  деп  Меңтай  қиылғанда  мен  қалай  үнсіз  отырамын. 

Оның  үстіне  Майра  да  маңымыздан  шықпай  қойды.  Сөйтіп  бір  әңгімеге  бір 

әңгіме жалғасты. Тоғыз айдың оқиғасын тоғыз сағатта айтып шығу оңай ма? 

Әлі де айтылмаған талай сөздер қалды...» 

«Талай сөздер қалды, талай сөздер қалды»... – деймін біраздан кейін өзімді-

өзім  қайтадан  ажуалап.  –  Сен  «сөз,  сөз»  деп  әлі  жүрсің.  Ал  майданнан 

сенімен қатар қайтқан жігіттер келе сала үйленісіп алды. Олардың қазір бір-

екіден  балалары  да  бар.  Баса-көктер  батылдығың  жоқ  боп,  сүйгеніңді  тек 

қана  сырттай  қызықтай  берсең  –  өмір  бойы  қу  тізеңді  құшақтап  өтерсің 

сен...» 


«Үйлену  оңай,  үй  болу  қиын  ғой,  –  деймін  мен  белгілі  нақылшы  Мәлімнің 

сөзін қайталап, тағы да ақталып. – Сомадай жігіт боп, сөз айтып тұрсаң саған 

да  біреу  тиер-ау.  Тән  де  табыса  беретін  болар.  Бірақ,  алдымен  адамның 

жаны  үйлесуі  абзал  ғой.  Жаны  үйлескен  жандар  ғана  жақсы  өмір  сүріп, 

қызықты  күндер  кешпек.  Ал,  жан  жарасымы  махаббат  болса,  біріншісінің 

сынынан  сүрінбегенім  аян.  Енді  екіншісінен  де  сүрінбесем  деймін.  Ол  үшін 




387 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   377   378   379   380   381   382   383   384   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет