Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет382/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

өзім  сүйген,  өзімді сүйген  жанды  ғана жар  етуім  керек!  Ол  –  Меңтай  ғана... 

Бірақ,  «батыл  емессің»  дегенің  рас.  Батыл  болсам  баяғыда,  соғыста 

жүргенде,  Сәлимаға:  «Басқа  ешкімге  барма,  тек  қана  мені  тос!»  деп  кесіп 

айтпайтын ба едім. Батыл болсам баяғыда Меңтай: «өзіңіз айтыңызшы: таста 

деңізші  ол  жігітті,  бұз  деңізші  уәдеңді  –  бұзып-ақ  кетейін»  деп  толқып 

тұрғанда, «Таста! Бұз!» демейтін бе едім... Жарайды, енді өйтпеймін. 

Ертең қайтадан барамын. Барамын да Меңтайға бірден өзімнің оны әлі күнге 

дейін  сүйетінімді  айтамын!  Содан  соң  оған:  «жарым  бол»  деп  тікелей  тілек 

білдіремін! Бірден осылай деймін!..» 

Ертеңінде  мен  Бүргенге  тағы  да  таңертең  келдім.  Ауылдың  орта  тұсындағы 

кешегі  көк  терезелі  тоқал  үйдің  тұсына  тақасам,  отау  үй  іспеттес  дөңгелек 

беседкада  оңаша  отырған  Майра  мен  Меңтайды  көрдім.  Олар  да  мені 

жандарына жақындағанда бір-ақ білді. 

Майраның сөз арасында «иә, иә» дей беретін әдеті болушы еді. Бір нәрсеге 

таңданып,  иә  қуанғанда  аузына  сөз  түспесе,  оның  «иәсі»  мүлде  көбейіп 

кететін. 

–  Иә,  иә,  өзіңіз  де  сәлеметсіз  бе?  Иә,  иә,  келіп  қалдыңыз  ба?  Иә,  иә, 

төрлетіңіз,  –  деді  мені  орнынан  тұрып,  беседка  баспалдағында  қарсы  алған 

Майра. 


– Иә, иә, келіп қалдым, - дедім мен оған әзілдеп. 

–  Иә,  иә,  келетініңізді  білгенбіз,  –  деді  Майра  күліп,  Меңтайға  қарай  жүзін 

бұрып. 

Баспалдаққа  аяғымды  сала  беріп,  мен  де  тез  Меңтайға  қарадым.  Беседка 

ортасындағы  дөңгелек  үстел  жанына  төрт  қабаттап  салынған  шәйі  көрпе 

үстінде  оң  қолымен  жер  тіреп,  сол  қолымен  кешегі  қызыл  юбканың  етегін 




388 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет