Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет384/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

– Иә, асығыс па едіңіз? 

– Асығыспын, - дедім тағы да бас иіп. 

–  Онда  от  ала  келген  боларсыз?  –  деді  Майра  басын  шалқайта  түсіп, 

сақылдай күліп. 

–  Рас,  от  ала  келдім,  –  дедім  мен  неге  екенін  білмеймін  бетімді  Меңтайға 

қарай бұрып. 

Меңтай  қолына  бос  шыныаяқтың  бірін  ұстап,  түрегеп  тұр  еді.  Мен:  «Рас,  от 

ала  келдім»  деп  оған  қарай  бұрылғанда,  қыздың  ақ  жүзін  тағы  да  лап  етіп 

қызыл  жалын  шалған  іспеттенді.  Осы  кезде  қызыл  юбка,  ақ  кофта  киген 

Меңтай  маған  маздай  жанып,  лаулап  тұрған  өшпес  оттың  өзі  сияқты  боп 

танылды. 

– Иә, онда, асығыс болсаңыз,– деді Майра шайнекті қайтадан орнына қойып 

жатып, – нан ауыз тиіңіз, кейін келіншегіңіз тастап кетпеуі үшін. 

Осылай деп Майра тағы да сықылықтап күліп алды. 

–  Ауыз  тиейін,  –  дедім  мен  үстел  үстіндегі  бауырсаққа  қолымды  созып.  – 

Кейін,  тастаса  тастап-ақ  кетсін,  өз  жамандығымнан  онда.  Бірақ  бүгін  қолым 

жетсе  екен  соған,  –  деп  мен  де  күліп,  бір  бауырсақты  аузыма  тастап  кеп 

жібердім. 

– Иә, бауырсаққа бапандай көрінесіз, жететін шығарсыз оған да, – деп Майра 

тағы да күлді. 

–  Енді  қайтейін,  «таз  ашуын  тырнадан  алады»  деген  бар  ғой,  –  дедім  мен 

ұялған тек тұрмастың кебін танытып. 

Бұған Майра екеуіміз қосыла күлдік. 




390 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет