Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет93/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Меңтаймен  қосыла  кінәлап,  мазақтап,  масқаралайтындай  көрінді.  Тілдері 

ащы  Қанипа  мен  Зайкүл:  «Көзі  қарайған  там  сүзеді  дегендей,  ағаң  сені  бір 

сүзіп көрейін деген ғой» деп қазірдің өзінде. Меңтайды ажуалап жатқандай 

сезілді. 

Әлде бүгін университетке бармай қалсам ба екен деп бір ойладым. Әскерде 

себепсіз шашау шығып көрмеген басым, мұным тәртіп бұзғандық болар деп 

таныдым.  Оның  үстіне  бүгінгі  алғашқы  екі  сағаттық  лекциядан  өлсем  де 

қалуыма  болмайды.  Ол  профессор  Әуеновтың  лекциясы.  Біздің  филфак 

оқытушыларының  ішінде  Әуеновтың  орны  бір  бөлек  сияқтанады.  Кейбір 

лекцияларда  шулаңқырап,  тіпті  болмаса  өзара  күбірлесіп,  күңкілдесіп 

отыратын  студенттер  аудиторияға  Әуенов  келгенде,  оған  ерекше  құрмет 

білдіре жым болады. Ол лекцияға кіріскенде, аудиторияда ұшқан шыбынның 

ызыңы  білінерлік  дейтіндей  тыныштық  орнайды.  Ол  кісі  лекциясын  шүу 

дегенде  кібіртіктеп  бастап,  біраздан  кейін,  тұяғы  қызған  тұлпардай  көсіле 

жөнелгенде студенттердің айызы қанады. 

Аса бір миғұла, кеще біреу болмаса, оған әсерленбей, оны ұқпай ешкім қала 

алмайды. 

Профессор  студенттерді  бір  лекциядан  бір  лекцияға  қарай  қызықтырып, 

ынталандыра  жетектеп  отырады.  Лекциядан  сырғып  шығу,  әсіресе 

Әуеновтың  лекциясына  қатыспау  бәріміз  үшін  кешірілмес  күнәдай  болатын. 

Әсіресе,  соғыста  төрт  жыл  бойы  кітабын  арқалап  жүрген  маған  сүйікті 

жазушының  сабағына  қатыспай  қалу  қылмыс  жасағаннан  кем  көрінбес  еді. 

Оның  үстіне  мен  алдыңғы  күні  Меңтай  бөлмесінен  шыққаннан  бері  өзімді 

әлдекімнің  құзырында,  әлдебір  көрінбейтін  шеңбердің  құрсауында 

қалғандай сезіндім. Меңтайды көруден тартынсам да, қаймықсам да, көргім 

келетінін аңғардым. 



98 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет