Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет95/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Ағай,  менің  қасыма  келдіңіз  бе?  –  деп  Жомартбек  тісін  ақсита  күліп,  мен 

жанына тақай бергенде-ақ орын босатып, өзі төрге қарай сырғыды. 

Мен  орныма  отыра  бергенде  есіктен  профессор  кірді.  Екі  жақ  самай  шашы 

толқындай  бұйраланып,  қасқа  маңдайы  жарқырап,  орындарынан  тұрып 

қошемет  көрсеткен  студенттерге  қайта-қайта  бас  иіп,  жымия  күлімдеп, 

сонысымен бәрімізді баладай қуантып, профессор төрге қарай аяңдады. 

Оқытушы  столына  жайғасқаннан  кейін  профессор  алдында  отырған 

студенттердің  бастарынан  асыра  әлдебір  қиян  алысқа  көз  тастағандай  сәл 

үнсіз отырды да, ұзын кірпіктерін қайшылай қағып-қағып жіберді. Осы бір сәт 

алдымен аспанда айқыш-ұйқыш нажағай ойнап, артынан шелектеп бір нөсер 

төгер  ғажайып  шақты  еске  түсірді.  Әуенов  лекциясын  бастап,  телегей-теңіз 

білім төгіп, ағыл-тегіл боп ақтарылды да кетті. 

Алайда, «Абайдың лирикасы» деп аталатын осы лекцияның алғашқы сағатын 

мен  алаң  -  құлаң  тыңдадым.  Бұл  лекцияны  бекерге  жібермеуім  керек  деп, 

өзімді  өзім  қаншама  қайрасам  да,  «Қызыл  көрпе»  өлеңі  есіме  түсіп, 

тәубамнан жаңылғандай айдалаға лағамын. 

Өстіп  екі  күйдің  -  аудиториядағы  Әуенов  лекциясы  мен  жүректегі  махаббат 

сазының  қайсысына  көбірек  көңіл  бөлуді  білмей,  дел-сал  болып 

отырғанымда қонырау соғылды. 

Мен  аудиторияда  қалмай,  оқытушымен  ілесе  тезірек  шығып  кетпек  болып, 

парталардан  аулақтап,  қабырғаға  жанаса  жүріп,  жылдамдай  басып,  есікке 

қарай ұмтылдым. Партадан көтеріле бергенде Меңтайдың да орнынан тұрып 

жатқанын  көзім  шалып,  қалып  еді.  Оның  ашулы  жүзін  көрмейін  деп,  төмен 

тұқырып  алғанмын.  Есікке  тақап,  тұтқаға  енді  қолымды  соза  бергенімде 

асаудың алдынан арқан құрғандай боп, екі құлашын екі жағына керіп, бетіме 

жымия  қарап  тұрған  Меңтайды  көрдім.  Қанша  қысылсам  да,  алдымда  кісі 



100 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет