Әдеби KZ
– Пәлі, не дейді-ау! Шын ба осының? – деп профессор мол денесін тез
қозғап, ілгері ұмсынды.
– Шын, Мұхит аға.
Әуенов сәл шалқайыңқырап, тағы да мұрнын сауа сипалап қалды.
Осы кезде лекцияның біткенін хабарлап, қоңырау соғылды. Бірақ профессор
асықпады.
– Ербол, сен өзің мені қуантып тастадың ғой, - деді ол алдында жатқан
папкасын бір сипап қойып. - Ал енді өзің осы айтқандарыңды қағазға түсіре
алар ма едің? Тоғжанның жаңағы өзің айтқан майданда талай медсестраның
қызметін атқарғанын дәлелдеп, оқушыны иландыратын етіп жазуың керек.
Осы қолыңнан келер ме еді?
– Келеді, Мұхит аға, – деді Зайкүл мен үшін жауап беріп.
– Бұл өзі ақын. «Қызыл көрпе» деген өлең жазған.
Мен ұялып, Меңтай жаққа қарай жүзімді бұрдым. Байқасам, ол да қызарып
кеткен екен.
– Жазып көрейін, – дедім мен.
– Өзің өлең де жазушы ма едің? – деді профессор орнынан тұрып жатып.
– Жоқ, жай, әшейін...
– Шын, шын, Мұхит аға! - Зайкүл қасы қанжардай дір етіп, одан сайын
өзеурей түсті. –
Өзі өзге сабаққа да жақсы. Соғыстан қайтқалы әлі үйіне де барған жоқ.
Профессор Зайкүл сөзінің бас жағында күлгенімен, аяқ жағына назар
аударып, менің әлі елге бармағаным анық па екен деп сұрады. Мен оқу
108
Достарыңызбен бөлісу: |