Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет102/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Пәлі,  -  деп  профессор  рахаттанып  қалды.  -  Өзің  көп  кітап  оқып  тастапсың 

ғой.  Мен  соғыс  солдаттарының  кітап  оқыр  хал-мұршасы  болмайтын  шығар 

деп ойлаған едім. 

– Мұхит аға, –  деді  Зайкүл осы арада профессордың аузындағы сөзін қағып 

әкетіп, – бұл сіздің «Ақын» романыңызды да оқыпты. – Осы арада Зайкүл өз-

өзінен  сықылықтап  күліп  алды.  –  Сыртын  далба-дұлба  қылып  алып  келіпті. 

Әсіресе Тоғжанды айтқанда аузының суы құриды мұның. 

Әуеновтың  өңі  күреңітіп,  қозғалақтап  қалды.  Содан  соң  сүйінші  сұрағандай 

боп,  оң  қолының  қос  саусағымен  тыныш  тұрған  етжеңділеу  келген  қыр 

мұрнын жебей сауып, жұлқып-жұлқып жіберді. Бұл оның қатты сүйсінгендегі 

немесе ерекше күйінгендегі әдеті еді. 

– Пәлі, не айтады мына Зайкүл, рас па, Ербол? - деп профессор менің бетіме 

қарады. 


Мен тез басымды изедім. 

–  Сіздің  «Ақыныңыз»  біздің  күндік  нанымыз,  артық  патронымызбен  бірге 

арқамыздағы зат қапшығында жүрді. 

– Пәлі, не дейді-ау? Ал оқи алдыңдар ма оны? 

–Жорықта келе жатып та, окопта отырып та оқыдық, Мұхит ағай, – дедім мен 

студент болғалы бірінші рет «ағай» деген сөз аузымнан шығып. – Ол кітаптың 

көп көмегі болды бізге. 

– Пәлі, не көмегі болды? - Әуеновтың екі беті нұрланып, көзі күлімдеп, жүзі 

бұрынғыдан да жыли түсті. – Қай қаһарман басым көмек көрсетті? 

–  Бәрі  де.  Әсіресе  Тоғжанның  көмегі  көп  болды.  Ол  бір  емес,  Бірнеше 

медсестра,  санитарка  қызметін  жалғыз  өзі  атқарды  десем,  артық  болмас 

деймін. 



107 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет