Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет101/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Осыдан  кейін  Әуенов  екінші  бір  өлеңін  талдауға  көшеді.  Бір  талдаудан  бір 

талдау  қызық  боп,  ол  бізді  Абай  өлеңдерінің  қатпар-қатпар  шатқал, 

шыңдарына қарай жетелеп бара жатқан тәрізденеді. 

Әуеновтың  өзге  оқытушыларда  жоқ  бір  өзгеше  дағдысы  бар  еді.  Ол 

әрқашанда  сондай  қызықты  лекциялардың  соңынан  міндетті  түрде  бес 

минуттай  уақыт  қалдыратын.  Осы  бес  минутты  ол  жеке  студенттің  жай-

күйімен  танысуға  жұмсайтын.  Күн  сайын  бір  студентті  орнынан  тұрғызып 

алып, өзі оған әртүрлі сұрақтар беретін. 

Бағана менің аудиторияға кешірек келгенімді көзі шалып қалған соң ба, бұл 

жолы ол мені орнымнан тұрғызды. 

– Ербол, сен осы соғыста неше жыл болдың? 

– Төрт жыл, Мұхит аға. 

– Сонда кітап оқи алдың ба? 

– Оқыдым. 

–  Қане  айтшы,  қандай  кітаптар  оқыдың?  –  деп  профессор  менің  оқыған 

кітаптарымды санау үшін сол қолының саусақтарын ыңғайлай бастады. 

–  Шекспирдің  «Король  Лирін»,  Шиллердің  «Зұлымдық  пен  махаббатын», 

Гетенің «Жас 

Вертерін»,  –  осы  кезде  Меңтай  жалт  етіп,  менің  бетіме  бір  қарап  қалды.  - 

Анатолий 

Виноградовтың  «Паганиниді  ғайбаттау»  деген  кітабын,  Александр  Бектің 

«Волоколам тас жолын» оқыдым. 



106 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет