Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет98/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

–  Бис!  Бис!  -  деп  қыздар  қол  соқты.  Зайкүлдің  өзі  де  мәз  болып,  алақанын 

қоса шапалақтады. 

– Әй, мынауың жап-жақсы өлең ғой өзі, – деді Зайкүл Жомартбекке разы боп. 

– Басқа біреудікі емес пе? 

– Жоқ, Зайкүл! – Жомартбек кеудесін соқты. 

– Қарғаншы өзімдікі деп. 

Жомартбек шұбырта жөнелді. 

–  Егер  осы  өлеңді  Зайкүлге  арнап  өзім  шығармаған  болсам  аяқтағы  суға 

ағылып  өлейін,  құрғақтағы  киттерге  қағылып  өлейін,  тумаған  ту  асаудың 

құйрығына тағылып өлейін! 

Оллаһи! Биллаһи! 

Осылай  деп  Жомартбек  зірк-зірк  еткізіп  сөзін  аяқтап,  екі  қолын  бірдей 

аспанға көтерді. 

– Сендім, сендім, - деді Зайкүл Жомартбектің «ант» ішкеніне разы боп. - Онда 

сен  бір  өлеңді  жақсылап  ақ  қағазға  көшіріп  басына  «Зайкүлге»  деп  жазып, 

менің кітабымның арасына әкеп салып қой. 

–  Құп  болады,  Зайкүлжан,  –  деп  арық  Жомартбек  сұрақ  белгісіндей  иіліп 

қалды. 

–  Әһ,  Зайкүл,  сен  Жомартбекке  рас  сеніп  отырсың  ба?–  деді  Майра.  -  Бұл 

Абайдың 

«Көзімнің қарасы» деген өлеңі емес пе? 

– А, не дейді. Мен расында өзіме арналған өлең екен деп қуанып едім. Осы 

ақындар «С- ға», «Қ-ға», пәленшеге, түгеншеге деп жазып жатады ғой. Маған 




103 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет