Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет105/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

Қыздың кішкене ағасы Жүніс сегізінші класс бітіргеннен кейін жұмыскер боп 

семья  асырауға  кіріскен.  Соғыс  басталар  жылдың  1-майында  оған  жақсы 

жұмысы  үшін  сыйлыққа  бес  метр  қызыл  жібек  тиеді.  Бұған  шеше  байғұс 

қатты  қуанады.  Ұлының  бұл  алғашқы  табысын  ырым  етіп,  өз  алдына  отау 

шыққандағы  бірінші  жасауы  болсын  деп,  арасына  түйе  жүнін  салып, 

мектептен  қолы  бос  кездерінде  көрпе  қабиды.  Сөйтіп  ұлын  үйлендірмек 

болады.  Сол  екі  арада  соғыс  шығып  кетіп,  ол  көрпені  етіне  бір-ақ  күн 

жамылып,  Жүніс  майданға  кетеді.  Содан  кейін  шеше  ол  көрпені  ешкімнің 

етіне тигізбеген. Ұлына сақтаған. Ал  ұлынан «өлді»  деген қара қағаз келген. 

Жалғыз ұлдың жаманатына шыдай алмай, шеше сорлы  сол хабарды естіген 

жерде, класс ішінде өзі де дүние салған. 

–  Соғыста  ағайым  оққа  ұшты,  –  деді  Меңтай  күрсініп.  –  Соның  күйігіне 

шыдамай апам өлді. Апамның өлгенін көзіммен көрдім, ағайымның өлгенін 

көргенім жоқ. Сондықтан 

Жүйкем  өлді  дегенге  көпке  дейін  сенбедім.  Жүніс  ағатайымды  Жүйке  деп 

атайтын  едім,  –  деді  ол  Жомартбекке  түсіндіріп.  –  Соғыс  біткен  соң,  осы 

өткен  күздің  басында  Жүйкенің  қасында  болған  бір  кісіден  ауызба-ауыз 

естігенде  ғана  сендім.  Ол  кісі  терең  етіп  зират  қазып,  ағайымды  жақсылап 

тұрып  өз  қолынан  қойыпты.  Жақын  жердегі  деревняның  ұста  дүкеніне 

барып, зиратқа темірден қоршау шарбақ жасатып орнатып, оған «Жүніс 

Ербосынов»  деп  мәңгі  өшпейтін  етіп  жаздырып  кетіпті.  «Ағаңның  жатқан 

жерін  көрем  десең,  ертіп  апарайын,  әйтпесе  кейін  барып  көрерсің»  деп 

әдірісін берді. Өзім қазір қайдан іздейін, кейін оқу бітіріп, қызмет істеп, ақша 

тапқан соң, барармын деп ойладым. 

Меңтай  ағасына  мұнша  жақсылық  жасаған  адамның  еңбегін  сонша  сүйсіне 

айтты. 



110 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет