Махаббат қызық мол жылдар



Pdf көрінісі
бет363/469
Дата02.02.2022
өлшемі2,12 Mb.
#130548
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   469
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар 1

Әдеби KZ 

қанын, шыбындай жанын аямай жаумен күрескен отанның ер солдаты сенің 

бойыңа сыйымсыз іс. Ойлан осыны. 

Коллективіңмен тату бол, жолдастарыңды сыйла; орынсыз арыз айтып, өтірік 

жала  жауып  олардың  тынышын  алма,  шырқын  бұзба.  Сонда  олар  да  сені 

құрметтейді. Жалқаулықтан арыл, ерінбей ізденіп, сауатыңды аш, Сонда сені 

шәкірттерің  қадірлейтін  болады.  Сен  екеумізді  майданда  бір  күні,  бір 

жиналыста  партияға  алды.  Соғыста  ел  үшін  еткен  ерлігіміз  үшін  партияның 

мүшесі  болдық.  Ендеше  екеуміз  әрқашан  өзгелерге  өнеге  көрсетуге, 

майдандағыдай тек қана алға ұмтылуға тиіспіз, жауынгер дос. 

Мен  сенің  редакцияға  келген  хатыңды  алғаш  оқып,  соңындағы  атың  мен 

фамилияңды  көргенде  қуанышымда  шек  болмады.  Бірден  сені  көз  алдыма 

келтіруге  тырыстым.  Тезірек  өзіңмен  кездесуге  құмарттым.  Бірақ,  жайыңды 

көріп,  жабырқап  қайттым.  Мен  сені  мұндай  болады  деп  ойламаған  едім. 

Сәлеммен сенің майдандас ескі досың. 

Ербол ЕСЕНОВ». 

– Бұл – бір, – дедім газет қиындысын қайтадан папкаға салып жатып. – Бұдан 

басқа да бірнеше мысал айтайын мен сендерге.  Мінеки, осы екеуің сияқты, 

бір  кабинетте  қатар  отырған,  бірімен-бірі  ойнап  күліп  жүрген  адамдардың 

бірінің  үстінен  бірі  арыз  жазғанын  естідіңдер  ме,  сендер?  Жоқ,  естіген 

жоқсыңдар. Ал мен көрдім ондай адамдарды. 

Редакцияға  бір  колхоздың  председателі  мен  орынбасарының  бірін-бірі 

жамандап  жазған  хаты  келеді.  Екі  хатта  да:  «Ол  ішіп  қойды,  жеп  қойды. 

Мемлекет  мүлкін  талан-тараж  етті»  деген  ауыр-ауыр  айыптар  бар.  «Жазған 

құлда  жазық  жоқ»  дегендей,  екі  етекті  белге  түріп  алып,  мен  жөнелдім  ол 

хатты  тексеруге.  Аудан  басшыларымен  ақылдасып,  адамдармен  сөйлесіп, 




369 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   469




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет