Әдеби KZ
Аты-жөні маған таныс адам сияқты боп көрінді. Соғыста дәл осындай бір
қаруласым болған еді, сол емес пе екен деп ойладым. Іздеп келсем соның
нақ өзі боп шықты. Мен оның арызына байланысты көп адамдармен
әңгімелестім. Аудандық партия комитетінің секретарымен де, ауатком
председателімен
де,
прокурормен
де,
аудандық
оқу
бөлімінің
меңгерушісімен де сөйлестім. Бұлардан басқа адамдардың, Тілеуғалимен
бірге қызмет істейтін мұғалімдердің ол туралы пікірлерін тыңдадым. Олар
бір ауыздан менің ескі досымның оңбағандығын дәлелдеді. Солай екеніне
өзімнің де көзім жетті. Осы кісі бір өзі ғана екі жылдың ішінде жоғары
орындарға әркімнің үстінен отыз екі арыз жазыпты.
Соның бірде-бірі расқа шықпаған. Отыз үшінші арызды қолыма ұстай
отырып, мен ескі досымның өзімен әңгімелестім. Ол бәрін де мойындады,
«расталмағаны рас» деді.
– Ендеше расталмайтын арызды неге жазасыз, Тілеке? – дедім мен.
Соғыстың талай сұрапыл кезеңдерін басымыздан бірге өткерген ескі дос
болғанымызбен, ол менен 5-6 жас үлкен еді. Сондықтан мен оның жасының
үлкендігін құрметтеп осылай «Тілеке» деп атадым.
– Біреудің үстінен бірдеңе жазбасам, отыра алмаймын, – деп ескі досым
шынын айтты. – Біреуді жамандамасам, ішкенім ас болмайды. Teгі қанымда
сондай бірдеңе бар ғой деймін, – деді ол.
Оның қанында не бар, не жоғын тексергенім жоқ, білмеймін. Өйткені мен
дәрігер емеспін.
Бірақ журналист те дәрігер сияқты, ол да өзінің тексерген ісіне диагноз
қояды, операция жасайды – кемшіліктен құтылудың жөнін көрсетеді. Дәрігер
операцияны – адамның тәніне, журналист – жанына жасайды. Теріс
диагнозбен жанға жасалған операция адамды өмір бойы мүгедек етеді,
366
Достарыңызбен бөлісу: |