Әдеби KZ
– Қазір, қазір, апа, әңгімелесіп отырып қалдық, - деді Майра ақталып,
Меңтай екеуі тез орындарынан тұрып, беседка сыртындағы қазандыққа
қарай ұмтылды. Ақ кофталы, қызыл юбкалы Меңтайдың сыртынан мен
сұқтана қарап отырып қалдым.
Қос қыз бен қарт ана үшеулеп, лезде шай жасап әкелді.
– Қарағым, әкең бар ма? – деді қарт ана маған Майра арқылы шай ұсынып
жатып.
– Жоқ, апа, соғыста өлді.
– Е, бақыр-ай, – деді ана ернін сылп еткізіп – Біздің Майраның да әкесі
соғыстан қайтпады.
– Білемін, апа. Майра айтқан болатын.
– Шешең бар шығар? - Мен басымды шайқадым.
– Е, бақыр-ай, – деп Майраның шешесі тағы да ернін сылп еткізді. Содан соң,
менің әке- шешемнің жоқтығы ана жүрегінің әлдебір қылын қозғады ма,
білмеймін, ол бұрынғысынан да мейірленіп, дастарқан үстіндегі май мен
бауырсақты өз қолымен молырақ етіп, менің алдыма қарай ысырды.
– Жеп-іш, қарағым. Тойып ал.
– Иә, менің апам жақсы кісі, – деп Майра еркелеп, шешесіне басын сүйеді.
– Кімнің шешесі жаман дейсің? Баласының қасында басы қарайып отырған
шешенің жаманы бола ма, қарағым, – деді ана шайын ұрттай отырып.
Шайдан кейін Майра, Меңтай мен үшеуміздің әңгімеміз қайтадан жалғасты.
– Жас баланың, өз туған әке-шешесінің нендей адамдар екенін білмейтіні
сияқты, жас күнімізде бәріміз де туған халқымыздың бойындағы барлық
364
Достарыңызбен бөлісу: |