Әдеби KZ
– Сол жолы Бүркітбай Тұтқышевқа қатты ыза болып кеткен едім. Оның
жалғыз Сәлимаға ғана емес, Қанша апайға көрсеткен жәбірі де жадымда
жүрген. Қанша ыза болсам да Бүркітбайды маған бірден жыға қою оңай емес
қой. Өйткені мен, жас журналистпін ғой әлі. Ал Бүркітбай болса жас аңшыға
кездескен кәрі қабан іспеттес. Алыстан және жанды жерінен дәл көздеп
атпаса, жаралы қабан аңғал жас аңшының өзін де жайратып кетпей ме?
Осыны
ойладым
да,
мен
Бүркітбайдың
Сәлимаға
байланысты
арсыздықтарын былай қойып, оның колхозшылармен дөрекілігін сынап,
Қанша апайға көрсеткен зәбірін баяндап газетке «Әй, қатын...» деген
фельетон жаздым. Өйткені Сәлима туралысын айтсам: «Бұл менің әйелімнің
бұрынғы жігіті болатын. Сондықтан өштікпен жазып отыр» деп бас салар да,
басқалар соған иланып қалар деп ойладым. Соным дұрыс бопты. Кейіннен,
аудандық партия комитетінде жаңағы мен жазған фельетон талқыланғанда
ол шынында да солай деп шатыпты. Кейбіреулердің Бүркітбайды
қолдағанына қарамастан, бюро колхозшылармен дөкірлігі және колхоз
шаруасын ақсатқаны үшін оған сөгіс жариялапты. Егер мұндай қылықтары
қайталанса, орнынан алынатындығын ескертіпті.
Осы кезде басқа бір үйден шығып, сары кідір тартқан ақсары әйел қасымызға
келді.
– Апа, бері жақында, мына Ербол деген балаңмен таныс. Біздің бірге оқитын
жолдасымыз, – деді Майра әйелге.
Мен орнымнан ұшып тұрып, басымды иіп, үлкен кісіге сәлем бердім.
– Сәлеметсіз ба, апа?
– Аман-есенбісің, шырағым. Күйлі-қуатты жүрмісің, жаным. - Содан соң әйел
қызына қарады. – Майра, қалқам-ау, тал түс болды. Қонақтарыңа шай
қайнатып бермейсіндер ме? - деді.
363
Достарыңызбен бөлісу: |