Әдеби KZ
қасиеттерді тегіс біле бермейді екенбіз. Әсіресе, оның кемшілік жақтарын
көрмейтін екенбіз, қыздар. «Халық – ана», «Халық - қаһарман», «Халық–
данышпан» деп жүре береміз. Онымыздың бәрі де рас. Бірақ, жақсы
адамның да басында кемшілігі болатыны сияқты, сол қаһарман, данышпан
халықтың да бойында бір кінәрат болады екен. «Жеке адамдардың
кемшілігіне халық кінәлі ме?» деп, екеуіңнің маған қарсы дау айтуларыңа да
болар. Бірақ халық жеке адамдардан тұратын болғандықтан мен олардың
кемшілігін халықтың бойындағы мін деп отырмын. Сонда мен әйгілі
академик Қаныш Сәтбаевтай дүниенің төрт бұрышына кең танылған үлкен
жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтей, дүлдүл композиторлар Мұқан
Төлебаев пен Ахмет Жұбановтай, бұлбұл әнші Күләш Байсейітовадай
есімдері мәңгі жасайтын ұл, қыздары бар, дарынды, данышпан қазіргі қазақ
қауымының басындағы мін – арызқорлық деп түйдім. Бұған өзім алты жарым
айдай яғни, 190 күн тілші болып, ел аралағанда еркін көзім жеткендей
болды. Өйткені мен сол 190 күннің тең жарымынан артығын арыз
тексерумен өткіздім.
Бір жолы редактор шақырып алып, алыс ауданнан түскен арызды қолыма
ұстатты.
– Ербол шырағым, осы хатты жақсылап тексеріп келші,– деді редактор. –
Олай дейтінім мұны жазып отырған мұғалім адам. Бұл кісіден колхозшы
емес, оқыған ауыл интеллигенті боп есептелетін бұндай адам неге арыз жаза
береді екен, соның себебін білші.
Хатты алып, редакцияның бір бос бөлмесіне барып оқи бастадым. Қарасам
дәптердің төрт бетіне жазған хаттың іші бықып тұрған қате. «Сауатын
арызбен ашатын ағайындарым-ай» деп ішімнен тынып, хаттың аяғына
қарасам, «Тілеуғали Рүстемғалиев» деп қол қойыпты.
365
Достарыңызбен бөлісу: |