Махамбет Өтемісов атындағы

Сабақ мазмұны мен кестесі

бет3/5
Дата21.07.2017
өлшемі0,75 Mb.
#21564
1   2   3   4   5

Сабақ мазмұны мен кестесі

1 апта

1 кредит сағат

1 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: «Фа» - мажор және «Ре» - минор гаммалары.

Практикалық сабақ мазмұны: Гаммаларды таза ойнау.

Әдебиет:

  1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.

2кредит сағат

2 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: «Ре» - мажор және «Си» - минор гаммалары.

Практикалық сабақ мазмұны: Ноталарды таза ойнау, штрихтармен жұмыс.

Әдебиет:

  1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл. – 4 бет.

2 апта

1 кредит сағат

1 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: Вольфарт – Этюд.

Практикалық сабақ мазмұны: Этюдтағы кездесетін триольдар мен түрлі скачоктарға жеке-жеке тоқталып талдау жасау.

Әдебиет:

  1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл. – 59 бет.

2 кредит сағат

2 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: Ш.Берио – Этюд.

Практикалық сабақ мазмұны: Этюдтағы кездесетін триольдар мен түрлі скачоктарға жеке-жеке тоқталып талдау жасау.
Әдебиет:

1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 58 бет.

ОЖСӨЖ мазмұны: Дыбыс шығару.

Музыкалық шығарманы мәнерлі орындау үшін ең жоғары сапалы дыбыс шығаруды меңгеруі керек, ол музыканың мәнерлік негізі болып табылады. Көркемдік сапалы, толыққанды дыбыс деп – таза, еш шуылсыз, жұмсақ, толық, сазды, түр-түске бай дыбысты айтады. Мөлдір, таза сазды дыбыс шығару үшін ысқышты тиекке қатар, ішектің бір нүктесінде ғана жүргізіп ойнау қажет. Ысқыш қылы ішекке мүмкіндігінше толықтай жабысып жүргізілуі керек, шығарманың мазмұнына сай ерекше дыбыс алу үшін ысқышты ішекке қатты баспай сәл көтеріңкірек жүргізу керек. Ысқыш ішектің қай нүктесінде жүретін болса, оған дыбыс саздығы тікелей байланысты: тиекке жақын болса ашық, өткір дыбыс, ал аспаптың мойынына қарай - жұмсақтау және бәсеңдеу дыбыс шығады.

Әдебиет:

  1. Д.Тезекбаев. «Қобыз үйрену мектебі», Алматы, 1980 ж.

  2. К.Родионов. «Начальные уроки игры на скрипке», Москва, «Музыка», 1987 г.

  3. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 3 бет.

  4. Л.Хамиди, Б.Ғизатов «Домбыра үйрену мектебі». Алматы «Өнер», 1983 жыл. – 13 бет.

  5. Шындауылова Р., Бекмухамедов В. «Элементарлық Музыка теориясы». Алматы, 1993 жыл. – 21 бет.

3 апта

1 кредит сағат

1 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: Спиккато

Практикалық сабақ мазмұны: Спиккато – ысқыштың секірмелі қозғалысынан қысқа өткір дыбыстардың ойналу штрихы, яғни әрбір нотадан соң ысқыш ішектен секіріп отырады. Спиккато екіге бөлінеді:

  1. үлкен спиккато.

  2. кіші спиккато. (сотийе)

Әдебиет:

  1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 10 бет.

2 кредит сағат

2 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: Вольфарт – Этюд.

Практикалық сабақ мазмұны: Этюдтағы кездесетін триольдар мен түрлі скачоктарға жеке-жеке тоқталып талдау жасау.

Әдебиет:

  1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 59 бет.

ОЖСӨЖ мазмұны: Этюд ноталарын таза алу, интонациямен жұмыс істеу. Интонация — музыкалық дыбыстардың таза және дәл орындалуы. Алғашқы сабақтан бастап-ақ оқушыны интонацияны дұрыс ойнау сезімін қалыптастыру керек, өйткені ол аспапта ойнаудың басты шарты болып табылады.

Дәл интонация негізгі үш себепке байланысты:

Әуеннің қалай дыбысталатынын дұрыс білу, яғни дыбыс биіктігін
ішкі музыкалық-тыңдаушылық түйсікпен түсіну;

Интонация тазалығын тыңдай отыра, қадағалау (тыңдап, өз

ойынына интонация тазалығы тұрғысынан баға беру);

Сол қол саусақтарының дәл қозғалуына әсер ететін ойын

дағдылары мен шеберлік әдістерін дұрыс орындау.

Әдебиет:

Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 12 бет.

4 апта

1 кредит сағат

1 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: Вольфарт – Этюд.

Практикалық сабақ мазмұны: Этюдтағы кездесетін триольдар мен түрлі скачоктарға жеке-жеке тоқталып талдау жасау.

Әдебиет:

  1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 59 бет.

2 кредит сағат

2 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: Вольфарт – Этюд.

Практикалық сабақ мазмұны: Этюдтағы кездесетін триольдар мен түрлі скачоктарға жеке-жеке тоқталып талдау жасау.

Әдебиет:

  1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 59 бет.

5 апта

1 кредит сағат

1 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: Ш.Берио – Этюд.

Практикалық сабақ мазмұны: Этюдтағы кездесетін триольдар мен түрлі скачоктарға жеке-жеке тоқталып талдау жасау.

Әдебиет:

  1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 58 бет.

2 кредит сағат

2 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: Ш.Берио – Этюд.

Практикалық сабақ мазмұны: Этюдтағы кездесетін триольдар мен түрлі скачоктарға жеке-жеке тоқталып талдау жасау.

Әдебиет:

  1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 58 бет.

6 апта

Практикалық сабақ тақырыбы: Техникалық сынақ.

Практикалық сабақ мазмұны: Техникалық сынақ жылына екі рет, яғни әр семестрде бір реттен болып отырылады. Сынақта екі гамма – мажорлық және минорлық, екі этюд орындалады.

Әдебиет:

1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 58, 59 бет.

7 апта

1 кредит сағат

1 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: Құрманғазы «Түрмеден қашқан».

Практикалық сабақ мазмұны: Күйді түсіруде оның бастапқы формасы және тональдігі толық сақталған. Фортепианоға кішігірім кіріспе берілген.

Қобызда күйдің басталу сәтіндегі ырғақ бағытына сәл өзгеріс енгізілгенмен күй бұдан ұтылып тұрған жоқ. Оң қолдағы ысқышпен ойнау ерекшеліктері ескерілген, орындаушы үлкен дыбыспен ысқыштың төменгі бөлімімен деташе әдісімен ойнауы қажет.

Әдебиет:

1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 235 бет.

2. М.Каленбаева. Құрманғазының «Төремұрат», «Түрмеден қашқан» күйлеріне орындаушылық талдау. Алматы, 2001 ж. – 10 бет.
2 кредит сағат

2 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: Құрманғазы «Түрмеден қашқан».

Практикалық сабақ мазмұны: Негізгі әуен жүргендегі екінші цифрда қойылған акценттерді, динамиканы сақтау қажет.

Бастапқы буыннан жоғарлау кезеңіне байланыстыру арқылы өткен соң кейбір бірыңғай сегіздік ноталармен орындалатын әуенге синкопалық ырғақтар енгізілген. Себебі, домбырада үздіксіз сегіздік немесе алма-кезек қағыстар әдемі, табиғи естілсе, қобыз да бұл бір жақты естіледі. Шығарма орындаушының ойын аппаратының бостығын, еркіндігін қалайды.

Әдебиет:

  1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 235 бет.

  2. М.Каленбаева. Құрманғазының «Төремұрат», «Түрмеден қашқан» күйлеріне орындаушылық талдау. Алматы, 2001 ж. – 10 бет.

ОЖСӨЖ мазмұны: Сфорцандо және тремоло.

Дәріс мазмұны: Сфорцандо – жігерлі екпін. Тремоло орындаудың эффектілі әсері. Төмен және жоғары бағыттағы штрихтардың өте тез алмасып орындалуы. Ысқыш қозғалысы үздіксіз және ішектен ішекке ауысқанда кедергі болмау үшін, саусақтармен ысқышты өте бос ұстау керек, яғни дыбысты жылдам қайталау.

Әдебиет:

1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 9 бет.

8 апта

1 кредит сағат

1 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: Тақырыбы: Құрманғазы «Түрмеден қашқан».

Практикалық сабақ мазмұны: Күйдің бірінші сағасына түсер кезде қобызда орындалу мүмкіндігі келетін интервалдар қолданылған.

Саға үлкен дыбыспен орындалады, синкопаларды төмен (П) алған жөн. Фортепиано партиясындағы аккордтық бояулар ұлттық табиғилыққа ұмтылумен ерекшеленеді, оған күй желісіндегі параллельді кварта-квинталық қозғалыстар, үшдыбыстықтағы қосалқы тондар дәлел.

Әдебиет:

  1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 235 бет.

  2. М.Каленбаева. Құрманғазының «Төремұрат», «Түрмеден қашқан» күйлеріне орындаушылық талдау. Алматы, 2001 ж. – 10 бет.

2 кредит сағат

2 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: Құрманғазы «Түрмеден қашқан».

Практикалық сабақ мазмұны: Қобыз аспабының дыбыс ауқымының кеңдігіне байланысты үлкен сағадағы әуендер барынша айқын, қуатты естіледі. Ашық ішектегі байланыстыру әуендерін екі октавада салыстыра отырып дамыту арқылы күйдің мазмұны ашыла түседі.

Сегізінші цифрдағы кездесетін сәл орындаушылық қиындықтарды бір шекте орындаған жөн.

Күй аяқталу сәтінде өзіндік бояуы бар шағын кода берілген.

Әдебиет:

1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 235 бет.

2. М.Каленбаева. Құрманғазының «Төремұрат», «Түрмеден қашқан» күйлеріне орындаушылық талдау. Алматы, 2001 ж. – 10 бет.
ОЖСӨЖ мазмұны: Позиция, позицияның ауысуы.

Дәріс мазмұны: Ойын кезіндегі қолдың белгілі бір жерде тұруын позиция дейді, ал қолды аспап мойынында ауыстыру, бір дыбыстан екінші дыбысқа ауысу - позиция ауысуы (немесе ауысу) деп аталады. Позицияның орны бірінші саусақтың ішекке қойылған орнымен анықталады, яғни аспаптың мойнынан бастап, анықтап айтсақ, қобыздың мойнындағы сол қолдың бірінші саусағының орнына байланысты. Бұл аралықтың, сәйкесінше басбармақ орнының өзгеруіне байланысты қобыз мойнын бірнеше позицияға бөлу қалыптасқан, ал саусақ пен аралық орны қобыздың мойнынан саз бен жарты сазға сай қол төмен қарай саусақтардың ретті козғалысы арқылы жүзеге асырылады. Барлығы 7-8 позиция бар. Қобыздың мойнындағы басбармақ орнына қарай алынатын саздың үлкенді-кішілі, ал кейде ұзартылған сәт аралықтарын алуға болады. Қандай да бір позицияны анықтау альтерация белгілеріне байланысты емес және оған бағынышты да болмайды.

Аспапты меңгерудің алғашқы кезеңінде позицияны меңгеруде гриф (мойын) саласын бөлуді позицияға сәйкес бағдарлау қажет. Аспап мойнын салаларға (позицияларға) бөлу жаңадан үйреніп келе жатқан оқушыға аралық сезімін сезінуге мүмкіндік тудырады. Саусақтар мен позиция арасындағы аралық сезім дағдысы қалыптасқанда позиция мәселесі шешіліп, ары қарай есту ориентациясы (бағдары) маңызды болады.

Әдебиет:

1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 9 бет.

9 апта

1 кредит сағат

1 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: Д.Шостакович «Весенний вальс».

Практикалық сабақ мазмұны: Шығармадағы штрихтармен жеке-жеке торқталып, дайындалу.

Әдебиет:

1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 325 бет.

10 апта

Практикалық сабақ тақырыбы: Академиялық емтихан.

Практикалық сабақ мазмұны: Академиялық емтихан жылына екі рет, яғни әр семестрде бір реттен болып отырылады. Емтиханда екі шығарма орындалады бірі Қазақстан композиторларынан, ал екіншісі орыс немесе шет ел композиторларынан.
Әдебиет:

  1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 325 бет.

  2. М.Каленбаева. Құрманғазының «Төремұрат», «Түрмеден қашқан» күйлеріне орындаушылық талдау. Алматы, 2001 ж. – 10 бет.

11 апта

1 кредит сағат

1 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: Ғ.Жұбанова «Мелодия».

Практикалық сабақ мазмұны: ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының иегері, халық әртісі Ғазиза Жұбанова (1927-1994) – үлкен дарын иесі. Ол өз шығармаларымен еліміздің мәдениетіне айтарлықтай үлес қосты. Пьеса 1951 жылы жазылған. Түрі – жай үш бөліміді.
Әдебиет:

  1. Б.Кожамкулова «Хрестоматия для скрипки», ІІ вып., Алматы, «Дайк-Пресс», 2001г.

2 кредит сағат

2 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: Ғ.Жұбанова «Мелодия».

Практикалық сабақ мазмұны: «Мелодияның» үні кең ауқымды. Тақырыбы – ойлы, ғасырлар қойнауынан басталғандай баяндау сипатында (аңыз).

Ортаңғы бөлім – қарапайым, жарқын, сырлы әуен болып шырқау биігінде (бестен он үшті қосқандағы тактілер үш сандар) құштарлық, нақтылық сипатында болады.

Кенеттен көп сәнді фермато (төртінші санының алдында) бізді репризаға қайта оралтады.

Әдебиет:

  1. Б.Кожамкулова «Хрестоматия для скрипки», ІІ вып., Алматы. «Дайк-Пресс», 2001г – 30 стр.

ОЖСӨЖ мазмұны: Штрих – портаменто.

Портаменто легато мен стакккатоның арасындағы аралық штрих. Портаменто штрихында ысқыштың бір бағытында бір-бірімен бөлінбейтін паузалармен бөлінген бірнеше дыбыс шығады. Негізінен бір ысқышта, әр дыбысты аздап, жұмсақ басу арқылы орындалады.

Әдебиет:

  1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 9 бет.

  2. Б.Кожамкулова «Хрестоматия для скрипки», ІІ вып., Алматы. «Дайк-Пресс», 2001г – 30 стр.

12 апта

1 кредит сағат

1 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: Сен-Санс «Лебедь».

Практикалық сабақ мазмұны: Композитордың бұл шығармасы – көңіл-күйді сыршылдықпен нәзік сезімде сөйлеткен ойшыл лирика. «Аққуды» тыңдағаныңызда Ахмет Жұбановтың «Романс» атты пьесасындағы сұлулық суретін көргендей боламыз. Бірақ бұл «Романстың» көшірмесі, немесе соған еліктеу емес, бар болғаны тыңдаушының ассоциациялық түйсінуі ғана. Аққу кейпіндегі сұлулық емес, адамның арманшылізгі ниетті білдіретін лирикалық әуендегі көрікті көңіл-күйі ретінде баяндалады. Әуен ырғағы бастан-аяқ сағын жыр еткен ғажайып үн бар. Ал, фортепианолық аккомпонименттің фонында табиғат көрнісі әдемі дамиды.

Композитордың «Аққуы» аспаптық музыкамыздағы таңдаулы туындыларының бірі, айта берсеңіз бұл - аспаптық музыка ғана емес, балеттік өнерге сұранып тұрған хореографиялық миниатюра. Қазіргі таңда жеке орындаудан гөрі ансамбль ұжымымен орындалса бұл туынды өз құндылығын арттыра түседі.

Әдебиет:

1. Б.Кожамкулова «Хрестоматия для скрипки», ІІ вып., Алматы. «Дайк-Пресс», 2001г – 30 стр.

2 кредит сағат

2 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: Сен-Санс «Лебедь».

Практикалық сабақ мазмұны: Өте нәзік етіп ойнау, лига штрихымен жұмыс. Жоғарғы ноталарды таза ойнау.

Әдебиет:

1. Б.Кожамкулова «Хрестоматия для скрипки», ІІ вып., Алматы. «Дайк-Пресс», 2001г – 30 стр.

ОЖСӨЖ мазмұны: Мартле штрихы деташе штрихының бір түрі. Деташе штрихынан айырмашылығы дыбыс өткір, үздік-создық шығады. Мартле қиын штрихтарының бірі. Бұны үйрену басқа штрихтарды үйренуде көмек болады. Музыкалық шығармаларда бұл штрих жеке-дара, және басқа штрихтармен аралас та кездеседі. Әрбір дыбыстан соң дыбыстың жалпы ұзақтығының жартысына тең үзіліс жасалады. Үзіліс кезінде босаған қол келесі екпінге дайын болуы керек. Музыкалық материалға байланысты штрих ысқыштың түрлі бөліктерінде орындалуы мүмкін, бірақ мартле штрихы көбінесе ысқыштың ортасында және жоғарғы жартысында орындалады.
Әдебиет:

1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 9 бет.

13 апта

1 кредит сағат

1 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: Ш.Данкла. Вариации на тему Пачини. Соч. 89. № 1.

Практикалық сабақ мазмұны: Тақырыбы – ойлы, ғасырлар қойнауынан басталғандай баяндау сипатында.

Ортаңғы бөлім – қарапайым, жарқын, сырлы әуен болып шырқау биігінде (бестен он үшті қосқандағы тактілер үш сандар) құштарлық, нақтылық сипатында болады.

Кенеттен көп сәнді фермато (төртінші санының алдында) бізді репризаға қайта оралтады.

Әдебиет:

1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 376 бет.

2 кредит сағат

2 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: Ш.Данкла. Вариации на тему Пачини. Соч. 89. № 1.

Практикалық сабақ мазмұны: Штрихтармен жұмыс, жоғарғы ноталарды таза ойнау.

Әдебиет:

1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 376 бет.

ОЖСӨЖ мазмұны: Интонация — музыкалық дыбыстардың таза және дәл орындалуы. Алғашқы сабақтан бастап-ақ оқушыны интонацияны дұрыс ойнау сезімін қалыптастыру керек, өйткені ол аспапта ойнаудың басты шарты болып табылады.
Әдебиет:

1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 376 бет.

14 апта

1 кредит сағат

1 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: Ш.Данкла. Вариации на тему Пачини. Соч. 89. № 1.

Практикалық сабақ мазмұны: Штрихтармен жұмыс, жоғарғы ноталарды таза ойнау.

Әдебиет:

1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 376 бет.

2 кредит сағат

2 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: Ш.Данкла. Вариации на тему Пачини. Соч. 89. № 1.

Практикалық сабақ мазмұны: Штрихтармен жұмыс, жоғарғы ноталарды таза ойнау.

Әдебиет:

1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 376 бет.

15 апта

1 кредит сағат

1 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: Ғ.Жұбанова «Мелодия» және Сен-Санс «Лебедь» жатқа ойнау.

Практикалық сабақ мазмұны: Емтиханға дайындық, қайталау.

Әдебиет:

  1. Б.Кожамкулова «Хрестоматия для скрипки», ІІ вып., Алматы, «Дайк-Пресс», 2001г.

2 кредит сағат

2 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: Ш.Данкла. Вариации на тему Пачини. Соч. 89. № 1. – жатқа ойнау.

Практикалық сабақ мазмұны: Емтиханға дайындалып, қайталау.

Әдебиет:

1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 376 бет.

16 апта

1 және 2 кредит сағат

Тақырыбы: ІІ-семестрде өтетін мамандық пәні бойынша емтихан.

Мазмұны: Емтиханда 15 апта бойы өткен көптеген штрих түрлерін жақсылап көрсете отырып үш шығарма (1-қазақша шығарма, 1-орыс немесе шет ел композиторларынан, 1-күрделі концерт) ойнаймыз. Олар: Ғ.Жұбанова «Мелодия», Сен-Санс «Лебедь», Ш.Данкла. Вариации на тему Пачини. Соч. 89. № 1.

Әдебиет:

  1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 376 бет.

  2. Б.Кожамкулова «Хрестоматия для скрипки», ІІ вып., Алматы, «Дайк-Пресс», 2001г.

  3. М.Каленбаева. Құрманғазының «Төремұрат», «Түрмеден қашқан» күйлеріне орындаушылық талдау. Алматы, 2001 ж. – 10 бет.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Б Қосбасаров. «Қобыз өнері» Алматы, «Санат» 2001ж.-220 б.

2.А.Жұбанов. «Қобыз және скрипкаға арналған пьесалар», Алматы, «Өнер», 1973 ж.

3.Б.Дәлденбаев «Күй толғауы» (қолжазба)

4. Ж.Еркімбеков. «А.Жұбанов. Скрипка мен қобызға арналған 5 пьеса», Алматы, «Өнер», 1980ж.

5.Ғ.Шілдебаева-Оразалиева. «Қаракемер», хрестоматия, Алматы, «Айкос», 1999ж.

6. Ғ.Молдакәрімова. «Қобыз үйрену мектебі», Алматы, «Жазушы», 2004ж.

7. Ф.Балғаева. «Қобызға арналған пьесалар», Алматы, «Өнер, 1980ж.

8. Ғ.Шілдебаева. «Ғасырлармен үндескен қобыз» .Астана, 2006ж.

9. «Хрестоматия для скрипки», Москва, «Мосгосиздат», 1973г.

10. «Скрипкаға арналған этюдтер» жинағы. «Госиздат», Москва, 1981 ж.

11.А.Жайымов, С.Бүркітов, Б.Ысқаков, «Домбыра үйрену мектебі», Алматы, «Өнер», 1991 ж.

12.Д.Тезекбаев. «Төрт шекті қобызға қобызға арналған пьесалар», \Алматы, 1977 ж.

13.Д.Тезекбаев. «Қобыз үйрену мектебі», Алматы, 1980 ж.

14.К.Родионов. «Начальные уроки игры на скрипке», Москва, «Музыка», 1987 г.

15.З.Бейсембаева. «Қобызға арналған пьесалар», Алматы, «Өлке», 1997 ж.

16.Б.Кожамкулова «Хрестоматия для скрипки», І вып., Алматы, «Дайк-Прес»с, 2001г.

17.В.Якубовская. «Начельный курс игры на скрипке», Москва,1986 г.

18.Ред.М.Курдюмова. «Пьесы для скрипки», Москва,1981 г.

19.М.Каленбаева. «Қобызға арналған күйлер», Алтаты, «Таймас», 2003 ж.

20.Г.Григорян. «Начальная школа игры на скрипке», Москва, 1961 г.

21.Р.Мусаходжаева. «Қобызға арналған шығармалар», Алматы, «Дайк-Пресс», 2002 ж.

22. Ғ.Оразалиева-Шілдебаева. «Боташым», Алматы, «Айкос», 1998 ж.

23.Сост. М.Гарлицкий, К.Родионов, К.Фортунатов. «Избранные этюды», Москва, 1982 г

24.Н.Патрушева. «Пьесы для скрипки», Алматы, «Білім», 1980 г.

25. М.Каленбаева. Құрманғазының «Төремұрат», «Түрмеден қашқан» күйлеріне орындаушылық талдау. Алматы, 2001 ж. – 10 бет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет