Махамбет Өтемісов атындағы



бет1/5
Дата21.07.2017
өлшемі0,75 Mb.
#21564
  1   2   3   4   5
Махамбет Өтемісов атындағы

Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Институт директоры Нағымова М.М.

қолы аты-жөні

« » 2010 ж.
Өнер институты

«Вокал және аспаптық өнер» кафедрасы

«Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығы бойынша

кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған

«Мамандық - Қобыз»

(пәннің атауы)

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


Курс – І
Семестр – І,ІІ

Кредит саны - 3

Практикалық сабақ – 45 сағат

Оқытушының жетекшілігімен

студенттің өзіндік жұмысы (СОӨЖ) – 45 сағат

СӨЖ – 45 сағат

Емтихан – І,ІІ семестр

Барлығы – 135 сағат




Орал 2010 ж.
Пәннің оқу әдістемелік кешені Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының типтік бағдарламасы. Алматы, 1985 ж.

__________________________________________________________________

типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.

(типтік бағдарлама атауы, қаласы, жылы)


Құрастырушы: оқытушы Нұрымбетова Ж.И.

_____________________________________________

(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі)

__“ қыркүйек__ 2010 ж. № 1 хаттама



Кафедра меңгерушісі: Бабенко О.А.

____________________________________________________________________________________

(аты-жөні) (қолы )


институтінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылды.

“ __“ қыркүйек__ 2010 ж. № 1 хаттама


_________________институттың оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы



Өтегенов И.Ө. ____________

(аты-жөні) (қолы )





1. Типтік бағдарлама «Мамандық-қобыз». Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының типтік бағдарламасы. Алматы, 1985 ж.
2.КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS)


    1. Оқытушы туралы мәлімет

Оқытушы: Нұрымбетова Ж.И.

«Вокал және аспаптық өнер» кафедрасы

Достық көшесі, 162-үй

Жұмыс телефоны: 51-27-39

E – mail: Zhamila-7@ yandex.ru
1.2 Пән туралы мәлімет
Мамандық (қобыз)

Семестр 15 аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.

Бір аптада 2 кредит сағат, әр кредит – екі байланыс сағаттан (практика) және оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ) тұрады.

Кредиттің аптаға бөліну кестесі:


Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1

50 минут

СОӨЖ, СӨЖ

50+50мин

Байланыс сағаты 2

50 минут

СОӨЖ, СӨЖ

50+50мин

Байланыс сағаты 3

50 минут

СОӨЖ, СӨЖ

50+50мин

Өту орны: № 4 оқу ғимараты, № 411 аудитория



Оқу жоспарынан көшірме:

Курс

Семестр

Кредит саны

Семинарлар

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі

1

І, ІІ

3

45

45

45

135

Емтихан І,ІІ сем




    1. Кіріспе


Пән бойынша мағлұмат:

Қобыз аспабы бізге ата-бабамыздан қалған үлкен асыл мұра. Ғасырлар қойнауында тарихтың не бір қиын да күрделі уақиғаларын бастан кешкен қазақ халқы саяси ғана емес, рухани күйзеліске де душар болса да, өзінің бай мәдениеті ән-күй-өнерімен бірге Қорқыт баба мұрасын да ұрпағымызға үлгі-өнеге ете білген.

Сан ғасырлық тарихы бар қобызымыз 20 ғасырдың 30-жылдарында казақ музыка мәдениеті өзінің ұрпақтан-ұрпаққа "ұстаз-шәкірт" арқылы таралу түрінен ноталық жүйеге көшіп, әртүрлі оркестр мен фольклорлық ансамбльдер дүниеге келгеннен бері, осы аспап төңірегінде, оның орындаушылық мүмкіншілігінде үлкен өзгерістер байқалып жүр.

Қорқыт атамыздың екі ішекті қыл қобызынан кейін А.Жұбановтың сұрауы бойынша диапазоны екі жарым октавадан тұратын үш ішекті қобызды музыка аспаптарын жасайтын шебер И.Романенко 1950 жылы дайындады. Ал, төрт ішекті музыка аспабының жетілдірілген түрін, диапазоны үш жарым октавадан тұратын аспапты музыка аспаптарын жасаудың шебері Қ.Оңалбаев 1969 жылы және 1953-1954 жылдары республикаға еңбек сіңірген мұғалім, үлкен орындаушылық тәжірибесі бар Досымжан Тезекбаевтың жасап берген чертежі бойынша музыкалық аспаптар жасайтын шеберлер А.Першин мен А.Тұрдыбаев жаңа төрт ішекті прима-қобыз жасап шығарды.

Қобыз аспабы-ел арасына кең тараған, ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға мұра болып келе жатқан, сал-сері, әнші-күйшілер ұстаған, қосылып ән салуға, қоңырлатып күй шалуға қолайлы, қазақтың көне музыкалық аспабының бірі. Халық музыкасын өзіндік ырғағымен, бар нәшінімен орындалғанда жан сүйсіндіріп, жүрек тебірентетін, тыңдаушысына ерекше эстетикалық әсер ететін аспап.

Қобыз-адамның нәзік сезімін, қуаныш-күйінішін, ой-қиялын музыка тілімен өте дәл, әдемі суреттейтін үнге аса бай, аса құнды аспап. Ойнауы қиын, қолына алған адамның еркіне тез көне қоймайтын күрделі аспап.

Қобыздың ішегі саусақтың сырты, тырнақтың көбесімен басылады. Ішекті теріс басып, тырнақпен ойнайтын тәсіл қазіргі заманда ешбір музыка аспабында жоқ, бұл қобыздың өзіне ғана тән ерекшелік. Сондықтан да бұл аспапты меңгеру музыкалық қабілеті күшті, үлкен дарын иелерінің ғана қолынан келеді.

Өткен ғасырларда халық арасында көптеген майталман қобызшылар өткен. Олардың өнері ұрпақтар эстафетасы арқылы біздің заманға жетті. Майталман қобызшылардың шығармаларын, олардың орындаушылық шеберлігін советтік дәуірімізге бұлжытпай жеткізген үлкен дарын иелері Жаппас Қаламбаев пен Дәулет Мықтыбаевтың есімдері қазақ халқына аса қадірлі.

Қазіргі жетекші, тәжірибелі қобызшылардың көбі Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптар оркестрі ұйымдастырылған жылдардан бастап, ғасырлар бойы халқымыздың ғажайып өнерпаздарының жан серігі болып келген көне қобыз дамудың даңғыл жолына түсті. Оның түрі де үні де өзгеріп, жаңарып, жақсарды. 50-ші жылдарда Республикамызда бастауыш музыка оқу орындары ашылып, халық аспаптарын үйренуді профессионалдық жолға қою жұмыстары басталды. Қобыз аспабында ойнауға жасөспірімдерді оқыту, оларға профиссионалдық білім беру тәжірибесі болмағандықтан алғашқы оқытушылардың алдында қиындықтар тұрды.

Қобыз сияқты ойнап үйрену тәсілі өте қиын аспапқа балаларды жастай (6-7жасында) оқыту қажет. Балалардың бойына, саусақ қарымдылығына лайықты әртүрлі мөлшердегі қобыздар керек. Бұл аспаптардың мөлшерін балалардың жасына қарай лайықтау және оларды жасату жұмыстары оңайлыққа түспейді. Мұндай күрделі мәселелерді шешу үшін көп уақыт үздіксіз тәжірибе жинақталатын зерттеу жұмыстары қажет болды.

Қобыз ойнау өнерін үнемі зерттеу, оны ойнап-меңгеру жолдарын жақсартуды ілгері дамыта беру бүгінгі күн талаптарынан туындайды.

Бүгінде қобыз аспабының техникалық мүмкіндіктері, ойнау тәсілдері өсіп, дамыған кез. Халықтық төл туындыларымен қатар, еуропалық шығармаларды да шебер ойнайтын қобызшылар көбейе түсуде.

Қобыз аспабының үні бүгін тиянақты орнын тауып отыр. Қазақстанның музыкалық оқу орындарында арнайы қобыз кластары ашылып, ансамбль-оркестрлер құрылуда. Қобыз-прима аспабында ойнаудың шеберлігі жылдан-жылға арта түсіп, оқу құралдары мен шығармалар жазылуда. Сонымен қатар, орыс және Батыс Еуропа композиторларының классикалық шығармаларын орындауға мол мүмкіндік туып отыр. Өнер адамдарының орындаушылық шеберлігі артқан сайын халықаралық, республикалық конкурстарға еркін қатысулары ұлғая түсуде. Қобыз аспабы бұл күндері Қазақстанда ғана емес шетел көрермендерінің де сүйіспеншілігіне бөленуде.

Пәннің мақсаты:

«Мамандық» пәндер циклінің ішіндегі ең маңызды пәндердің бірі болып табылады. Басты мақсаттарының бірі жан-жақты білімді, ой-түсінігі көркем, композиторлық шығармашылықтың әртүрлі сильдері мен бағыттарын бағдарлай біле алатындай қабілетті артист - орындаушы дайындау болып табылады. Музыка өнерінің төңірегінде болып жатқан барлық жақсылықтарды насихаттаушы және оны жеткізуші осы музыкант-орындаушы.



Пәннің міндеті:

Оның негізгі міндеті халық күйлері мен әндерін, классикалық музыканы көпшілік қауымға жеткізу, сонымен қатар көрермен-тыңдарманның өнерге деген талғамының жоғары және талабының биік болуына бірден-бір себепші бола білу.

Пәннің оқу процесіндегі маңызды ролі оқытушыға, яғни, ұстазға байланысты болып келеді. Өйткені, оқытушының өзіндік стилі, эстетикалық-дүниетанымдық ұстанымы мен талғамы, оқыту әдістері мен заңдылықтары және басқа салалардан хабары жоғары, аспапты үйретуде кездесетін студенттің сұрағына толық жауап бере алатындай білімді де сауатты болуы шарт. Сондай-ақ, оның міндетіне студенттердің орындаушылық ізденісін, шығармашылық талғамын қалыптастыра отырып, тәжірибе жинақтауға бағыт-бағдар беру; ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан дәстүрді, қазіргі заманғы өнер үрдісімен сабақтастыра отырып мамандықтың түрлі салалары: оқытушы, ансамбль және оркестр мүшесі, музыкалық шеберлігі мен деңгейі биік жеке орындаушы қобызшылар дайындау; ол үшін студенттің музыкалық қабілетін, орындаушылық деңгейін, өз бетімен жұмыс істеуге баулу жатады.



Пәнді оқыту барысындағы оқытушының негізгі міндеттері:

  • қазақтың халық аспаптарының шығу тарихымен таныстыру;

  • қазақ халық аспаптары оркестрінің дүниеге келуімен, әр кезеңдегі жетілдіріп отыру тәжірибесімен таныстыру;

  • қазақтың халық аспаптарында орындаудың жеке және ансамбльдік дамуының тарихи кезеңдері;

  • танымал аса көрнекті орындаушы-музыканттардың орындаушылық стилі мен қағидаларын меңгеру;

  • қобыз аспабының репертуар дамуының кезеңдерін үйрену мен меңгеру.

  • Оқу бағдарламасының нәтижесінде ғасырлар бойы қалыптасқан халық дәстүрлерін біліп-сезінетін, ұлттық патриотизм рухында тәрбие алған жоғары ой-сезімді мамандарды дайындау.

  • Жұмыс барысында оқытушы студенттің қобыз аспабына арнайы жазылған шығармалар үлгілерімен таныстырып отырып, әр шығарманы сезініп, көркемдік мазмұнымен таныстыра, студенттің орындаушылық қабілетін жетілдіру. Орындаушылық өнердің әртүрлі бағытта дамып келе жатқан алуан түрлі бағыттарын ескере келе, студенттер санасында өзіндік көзқарас, орындаушылық мәнерді қалыптастырып, өз бетімен жұмыс істеуге баулу.

  • Оқытушы өзінің әр сабағын халық аспаптарындағы орындаушылық тарих, әдістеме, өнер тарихы, көркем әдебиеті пәндерімен ұштастыра келе өз жоспарында студенттің жеке қабілеті мен мүмкіншіліктерін әрдайым ескеріп отыру жөн.

  • Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі өнердің озық үлгілерін ұсынып, студенттердің кәсіби шеберлігін дамыту.

  • Мамандықтың әртүрлі саласы жеке орындаушы, ансамбль мүшесі, оқытушы ретінде көркемдік музыкалық шеберлігі мен біліктілігі биік деңгейдегі қобызшыларды дайындау.

  • Шығармалардың мазмұнын өз бетімен аша біліп, тыңдаушыға шебер орындаушылық деңгейде жеткізе білу. Ол үшін студенттің кәсіби мүмкіндіктерін жан-жақты ашып, бойындағы музыкалық қабілетін дамыту әдіс-тәсілдерін іздестіру.

  • Дәуір белестерінде дүниеге келіп, дамып қалыптасқан күй өнері жөнінде студенттерге барынша толық мағлұмат беру. Домбырашылық мектептің барлық түрін ескере отырып, күй мәдениетінің қоңқырлылығы жөнінде жанрлық, стильдік, пішіндік (форма) ерекшеліктерімен таныстырып, студенттердің орындаушылық өнерін дамыту.

  • Қобыз өнерінің даму эволюциясын, қазіргі кездегі оның биік үлгіде жазылған шығармалардың орындаушылық мәнеріне тоқталып, композитор туындысының мазмұнын аша алатындай әдістемелік нұсқауларды студенттерге ұсыну.

Пререквизиттер «Мамандық» пәні «Ансамбль», «Оркестрлік класс», «Сахна шеберлігі», «Қазақ музыка тарихы», «Орындаушылық өнер тарихы» және теориялық пәндер циклынан «Сольфеджио», «Музыкалық шығармаларды талдау», сонымен қатар, гуманитарлық «Педагогика» мен «Психология» пәндерімен де тығыз байланысты.

Постреквизиттер «Мамандық» пәнін өткен студент курс соңында төмендегідей талаптарды білуі шарт:

  • қобыз аспабында ойнаудың алғашқы және негізгі міндеті - аппликатура мен штрихпен жұмыс жасау шеберліктерін білу;

  • дыбыс шығарудың тәсілдерін меңгеру;

  • шағын және ірі көлемді шығармалармен жұмыс жасай білу;

  • өз бетімен жұмыс жасай ала білу;

  • ансамбль, оркестрде орындаушы ретінде жұмыс жасай білу ерекшеліктерін меңгеру;

  • дәстүрлі орындау өнерінің шығу тарихы мен даму кезеңін меңгере білу;

  • танымал аса көрнекті орындаушы-музыканттардың орындаушылық стилі мен қағидаларын меңгере отырып оны талдай білу, солардың үлгілерімен жұмыс істей білу;

  • қобыз репертуарларының кезеңімен таныс болу.

Оқыту әдістемесі:

Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі және алынған практикалық дағдылар, түсініктер бекітіліп отырады. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, электрондық оқулық т.б. оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.



І - СЕМЕСТР

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет