Махамбет Өтемісов атындағы


Сабақ мазмұны мен кестесі



бет2/5
Дата21.07.2017
өлшемі0,75 Mb.
#21564
1   2   3   4   5

Сабақ мазмұны мен кестесі


1 апта

1 кредит сағат

1 дәріс



Практикалық сабақ тақырыбы: Аспаптың мүмкіншілігі жайында деректер

Практикалық сабақ мазмұны: Қобыз аспабы-ел арасына кең тараған, ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға мұра болып келе жатқан, сал-сері, әнші-күйшілер ұстаған, қосылып ән салуға, қоңырлатып күй шалуға қолайлы, қазақтың көне музыкалық аспабының бірі. Халық музыкасын өзіндік ырғағымен, бар нәшінімен орындалғанда жан сүйсіндіріп, жүрек тебірентетін, тыңдаушысына ерекше эстетикалық әсер ететін аспап.

Қобыз - адамның нәзік сезімін, қуаныш-күйінішін, ой-қиялын музыка тілімен өте дәл, әдемі суреттейтін үнге аса бай, аса құнды аспап. Ойнауы қиын, қолына алған адамның еркіне тез көне қоймайтын күрделі аспап.

Қобыздың ішегі саусақтың сырты, тырнақтың көбесімен басылады. Ішекті теріс басып, тырнақпен ойнайтын тәсіл қазіргі заманда ешбір музыка аспабында жоқ, бұл қобыздың өзіне ғана тән ерекшелік. Сондықтан да бұл аспапты меңгеру музыкалық қабілеті күшті, үлкен дарын иелерінің ғана қолынан келеді.

Өткен ғасырларда халық арасында көптеген майталман қобызшылар өткен. Олардың өнері ұрпақтар эстафетасы арқылы біздің заманға жетті. Майталман қобызшылардың шығармаларын, олардың орындаушылық шеберлігін советтік дәуірімізге бұлжытпай жеткізген үлкен дарын иелері Жаппас Қаламбаев пен Дәулет Мықтыбаевтың есімдері қазақ халқына аса қадірлі.

Қазіргі жетекші, тәжірибелі қобызшылардың көбі Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптар оркестрі ұйымдастырылған жылдардан бастап, ғасырлар бойы халқымыздың ғажайып өнерпаздарының жан серігі болып келген көне қобыз дамудың даңғыл жолына түсті. Оның түрі де үні де өзгеріп, жаңарып, жақсарды. 50-ші жылдарда Республикамызда бастауыш музыка оқу орындары ашылып, халық аспаптарын үйренуді профессионалдық жолға қою жұмыстары басталды. Қобыз аспабында ойнауға жасөспірімдерді оқыту, оларға профиссионалдық білім беру тәжірибесі болмағандықтан алғашқы оқытушылардың алдында қиындықтар тұрды.

Қобыз сияқты ойнап үйрену тәсілі өте қиын аспапқа балаларды жастай (6-7жасында) оқыту қажет. Балалардың бойына, саусақ қарымдылығына лайықты әртүрлі мөлшердегі қобыздар керек. Бұл аспаптардың мөлшерін балалардың жасына қарай лайықтау және оларды жасату жұмыстары оңайлыққа түспейді. Мұндай күрделі мәселелерді шешу үшін көп уақыт үздіксіз тәжірибе жинақталатын зерттеу жұмыстары қажет болды.

Қобыз ойнау өнерін үнемі зерттеу, оны ойнап-меңгеру жолдарын жақсартуды ілгері дамыта беру бүгінгі күн талаптарынан туындайды.

Бүгінде қобыз аспабының техникалық мүмкіндіктері, ойнау тәсілдері өсіп, дамыған кез. Халықтық төл туындыларымен қатар, еуропалық шығармаларды да шебер ойнайтын қобызшылар көбейе түсуде.

Қобыз аспабының үні бүгін тиянақты орнын тауып отыр. Қазақстанның музыкалық оқу орындарында арнайы қобыз кластары ашылып, ансамбль-оркестрлер құрылуда. Қобыз-прима аспабында ойнаудың шеберлігі жылдан-жылға арта түсіп, оқу құралдары мен шығармалар жазылуда. Сонымен қатар, орыс және Батыс Еуропа композиторларының классикалық шығармаларын орындауға мол мүмкіндік туып отыр. Өнер адамдарының орындаушылық шеберлігі артқан сайын халықаралық, республикалық конкурстарға еркін қатысулары ұлғая түсуде. Қобыз аспабы бұл күндері Қазақстанда ғана емес шетел көрермендерінің де сүйіспеншілігіне бөленуде.

Әдебиет:


  1. Д.Тезекбаев. «Қобыз үйрену мектебі», Алматы, 1980 ж.

  2. Намазова Қ.Б. «Қорқыт баба ізімен...» (Оңтүстік астана қобызшылары). Алматы, 2004 ж.

  3. Б Қосбасаров. «Қобыз өнері» Алматы, «Санат» 2001ж.-220 б.

  4. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл. – 3 бет.

  1. кредит сағат

2 дәріс

Практикалық сабақ тақырыбы: Аспаппен орындыққа отыру.

Практикалық сабақ мазмұны:

Қобызда ойнау үшін орындаушы бүкіл денесін емін-еркін бос ұстауы


және есту қабілеттілігі мен зейінін топтастыруы қажет. Денені тырыстырып
отыру ойынға кері әсер етеді. Ойнаушының дұрыс отырысы шеберліктің
негізі болып табылады. Орындықта отыруы мығым және табиғи болуы
керек. Орындықтың шетіне отырып, арқаны тік ұстау керек. Бүгінде қобыз
астыңғы бөлігіне бекітілген қысқышты және қысқышсыз болады.
Қысқышы бар аспапта ойнағанда оң және сол аяқтар шамамен бір
дәрежеде болады (оң аяқ сәл алға шығыңқы). Қысқышсыз қобызда
ойнағанда, көп жылдық тәжірибе байқатқандай сол аяқ аздап алға
шығыңқы болса, ойнаған өте қолайлы. Қысқышты және қышқышсыз
қобыздың айырмашылықтары неде? Қысқышы бар қобызды оқушы екі тізесінің арасына тік қойып, көп күш салмаса да қобыз орнықты тұрады,
қысқыш сырғымайтын нәрседен жасалған. Ал қысқышсыз қобызда
оқушы еріксіз аяқ бұлшық еттерін қобыз орнықты болу үшін қатайтады,
себебі қобыздың шанағының сырты тайғақ болып келгендіктен оқушы ыңғайсыздықты немесе тұрақсыздықты сезінеді. Осыдан-ақ қысқышты қобыздың ыңғайлы екенін көруге болады, алайда бұл қатып қалған қағида емес, өйткені әрбір оқушы аспапты өз қалаумен таңдауға құқығы бар. Сонымен, аспапты екі тізенің арасына тік қойып, басын сол жақтағы бұғананың үстіне орналастырады. Оң қол мен сол қолдың еркін қимылдауы аспаптың орындаушы қолында дұрыс орналасып, орнықты, еркін отыруына тікелей байланысты.

Әдебиет:

  1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл. – 4 бет.

  2. Д.Тезекбаев. «Қобыз үйрену мектебі», Алматы, 1980 ж.

  3. К.Родионов. «Начальные уроки игры на скрипке», Москва, «Музыка», 1987 г.


ОЖСӨЖ мазмұны: Музыка дыбыстарының жазылуы.

Музыкада қолданылатын дыбыстар өздерінің жоғарылығы жағынан әр түрлі болып келеді. Олар кейде жуан, кейде жіңішке естіледі.

Музыкадағы мұндай әр түрлі жоғарылықта естілетін дыбыстардың жазылу белгісін – нота дейді. Бұл ноталарды жазу үшін қатар бес сызық сызылады. Оны нота сызықтары немесе басқыштар дейді. Сызықтар төменнен жоғары қарай саналады. Ноталар осы сызықтардың астына, үстіне, жоғары, төмен, араларына жазыла береді. Қобыз аспабының регистріне байланысты бес сызықтан бөлек төмен және жоғары жазылатын дыбыстар көп, олар қосымша сызықтарда орналасады. Музыкада жеті дыбыс бар: до, ре, ми, фа, соль, ля, си. Бұл дыбыстар нота сызықтарының бойына қатарынан осы ретпен тізбектеліп, жоғары не төмен қарай жазылған сайын қайталанып отырады. Ол қайталанған ноталар дыбыстың шығуының төмендігі немесе жоғарылығына қарай өзара октаваларға бөлінеді.

Нота сызықтарының бойына жазылған ноталардың атын айыру үшін кілт белгісі қойылады. Мұны «скрипка кілті» немесе «соль кілті» дейді. Өйткені, бұл «соль кілті» соль дыбысы жазылатын екінші сызыққа оралып жазылған.



Әдебиет:

1. Л.Хамиди, Б.Ғизатов «Домбыра үйрену мектебі». Алматы «Өнер», 1983 жыл. – 10,11 бет.

2. Шындауылова Р., Бекмухамедов В. «Элементарлық Музыка теориясы». Алматы, 1993 жыл. – 5 бет.
2 апта

1 кредит сағат

1 дәріс



Практикалық сабақ тақырыбы: Оң қолдың қойылуы.

Практикалық сабақ мазмұны: Оң қолмен ысқышты дұрыс ұстап үйрену үшін бірқатар жаттығуларды алдын-ала жасау керек. Мысалы, қарандашты ысқыш орнына ұстап үйрену. Қараңдашты оқушының саусақтарына дұрыс қойып, шынашақ ұшы қарандашқа тиіп тұруы керек, ал қарандаш бірінші саусақтың 1 және 2 фалангалар арасында тұруы керек (шынашақ ұшы - 3 фаланга). Басбармақты ыңғайлы жеріне — сұқ саусаққа қарама-қарсы қойылады. Осындай алдын-ала жаттыққан соң ғана ысқышқа көшуге болады. Ысқышты оң қолдың барлық саусақтарымен бос ұстау керек. Басбармақ жартылай бүгіліп, тырнақ ұшымен таяқшадағы тұтқаны аздап тиіп тұрады. Ысқыштың тұтқа жағында ойнаған кезде басбармақ сәл бүгіліп тұрады, ал ысқыштың ортадан ұшына дейінгі қозғалысына қарай ол жүргізіледі. Басбармақты қатайтып ұстауға болмайды, себебі аспапта ойнағандықтан оқушының қолы шаршағыш болады. Сондай-ақ басбармақтың үнемі бүгіліп түрғандығынан басқа саусақтар да қатайып, тырысып қалады. Саусақтардың еркін болуы штрихтарды орындағанда және ысқышты ауыстырғаңда жеңіл көмекші қозғалыстарды жүзеге асыру үшін өте маңызды. Бұндай еркіндікке қол жеткізу үшін, яғни басбармақ басқа да таяқшадағы саусақтардың жиынтығында өте қозғалмалы болуы ысқыштың кез-келген бөлігінде емін-еркін жылжуына байланысты. Егер басбармақты белгілі бір қалыбында (бүгілген және тік) ұстап қалса, онда барлық саусақтар өз қимыл-қозғалысында шектеліп қалады. Демек, басбармақ басқа да саусақтардың ысқыштағы емін-еркін қозғалысына өзінің әсерін тигізеді, Осыдан келіп,

басбармақтың икемді және жұмсақ болып, таяқшаны қатты қыспауы қажет екенін білуге болады.

Ортаңғы саусақ басбармаққа қарсы екінші және үшінші фалангалар арасыңда таяқшаның сырт жағыңда жатуы керек; үшінші саусақ ысқыштың таяқшасында тырнақ тұсында жатады; сұқ саусақ таяқшада екінші және бірінші фалангалар арасында жатады. Сұқ саусақтың міндеті ішектегі ысқыш басылуының дәрежесін реттеу болып табылады.



Ысқыштың төменгі бөлігінде ойнаған кезде шынашақ дөңгеленіп келіп тырнақ тұсымен таяқшаның ұшына тиіп тұрады, демек ысқыштың салмағын бір қалыпта ұстайды, ал ысқыштың жоғарғы бөлігінде шынашақ түзуленеді (немесе таяқшаға тимейді).

Оң қолмен ысқышты жүргізгенде көбінесе иықты және иық сүйектерін көтеру қиындау болады. Бұл әсіресе ысқыш соңында ойнағанда байқалады, бұған жол бермес үшін ысқышты дәл көлденең, қолдың табиғи қозғалысымен жүргізу керек. Тұтқа жағында ойнаған кезде иық және иық сүйектері толық түсіріліп және босатылуы қажет.



Әдебиет:

  1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл. – 5 бет.

  2. Д.Тезекбаев. «Қобыз үйрену мектебі», Алматы, 1980 ж.

  3. К.Родионов. «Начальные уроки игры на скрипке», Москва, «Музыка», 1987 г.



2 кредит сағат

2 дәріс



Практикалық сабақ тақырыбы: Сол қолдың қойылуы.

Практикалық сабақ мазмұны: Әр аспаптың табиғатына байланысты сол қол саусақтарымен дыбыс шығару тәсілі қалыптасады. Ол аспаптың үлкендігіне (диапазонына), ішектің санына, аспаптың бұрауына (құлақ күйіне), дыбыс шығару әдісіне байланысты болады. Қобызда ойнағанда сол қол саусақтарын ішекке жеңіл қоя салмай-салмақпен, жігермен басу қажет. Жаттығулар ойнағанда саусақты өте жоғары көтеріп алмай және саусақпен ішекті соқпай ойнау керек. Қобызда ойнай бастағанда бас бармақты күш салып қобыздың мойнына жабыстырып алу дұрыс емес. Бас бармақтың әр уақытта емін-еркін қозғалуы қобызда шебер ойнау мүмкіңдігін арттырады. Саусақтардың арасындағы жарты және бір тоннан тұратын ноталарды ойнау, оларға таза, дәлме-дәл түсуі үшін саусақтардың арасының емін-еркін ашылуы үшін көптеген дайындық — жаттығулар қажет. Ішекті басып дыбыс шығаруда буынмен және сол қолдың барлық салмағымен белгілі дәрежеде күш жұмсалады. Бұл жағдайда еске сақтайтын негізгі міндет ішектің аспапқа керілгендегі қаттылығын, одан шығатын дыбыстың мөлшерін дұрыс сезініп, соған лайықтап салмақ түсіріп, күш жұмсалуы керек.

Сол қол бүтіндей, иықтан саусақтарға дейін емін-еркін бос күйде болады. Қобыз мойыны басбармақпен, шамамен бірінші және екінші саусақ аралықтарына қарама-қарсы қойып, жеңіл ұсталады. "Ми" ішегінде шынтақ төмен түсіріледі, "соль" ішегінде ең жоғарғы нүктеге жетеді. Саусақтарды дөңгелентіп, буын бағытын және бірінші саусақты қобыздың бас жағына қарай бағыттау керек. Соңдай-ақ саусақты сенімді және мығым қою керек, бірақ оқушыны ішекке шектен тыс күш салуынан сақтандырған жөн, осымен қатар саусақты өте жоғары көтермей қолдың алғашқы дөңгеленген қалпын сақтауы қажет. Иық барлық уақытта табиғи қалыбын сақтау қажет. Аспапта ойнау алдында оқушы саусақтарын алдын-ала дайындау қажет, ал төртінші саусақпен ойнаған кезде оқушы ыңғайлы болу үшін сол қолының шынтағын аздап көтеріп алуы керек. Шеберлік дамуы көп жағдайда ішекті саусақтарымен қалыптан тыс қатты басуына, сол қол басбармағымен қобыздың басын аса қатты қысуына байланысты шектеледі. Қандай да бір икемсіздік туралы сөз қозғағаңда, адам организмі тұтас бір бүтін болғандықтан, оның қай мүшесінің болса да қатайып, қиналуы ойнаушының қолдарының емін-еркін қимылдауына кедергісін тигізетінін естен шығармаған жөн. Сондықтан сол қолдың еркін қозғалысына қол жеткізу үшін, тек оң қолдың қимылдауы, иық сүйектерінің бос күйі және оқушының бүкіл денесінің емін-еркін болуы жеткіліксіз, демек, саналы түрде ойнау қажет, ал ең бастысы музыкалық және шеберлік құралдарының мәнерліліктерінің оң және сол қол қызметін үйлестірудегі өзіндік бақылау жасауы қажет. Қысқаша айтқанда, қобызда ойнағанда сол қолдың негізгі екі міндеті бар:

Бірінші, таза дыбыс шығару

Екінші, тербеу арқылы жоғарғы сапалы, әндеткен, әсем, жұмсақ, құлаққа жағымды дыбыс шығару.



Әдебиет:

  1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 5,6 бет.

  2. Д.Тезекбаев. «Қобыз үйрену мектебі», Алматы, 1980 ж.

К.Родионов. «Начальные уроки игры на скрипке», Москва, «Музыка», 1987 г.
ОЖСӨЖ мазмұны: Ноталардың ұзақтылығы.

Ноталардың ұзақтық созылулары жағынан түрлері:

Бүтін нота – 4 и-ге саналады;

Жарты нота – 2 и-ге саналады;

Ширек немесе төрттік нота – 1 и-ге саналады;

Сегіздік нота – 1 немесе и-ге саналады;

Он алтылық нота – и-дің жартысына саналады.

Әдебиет:

1. Л.Хамиди, Б.Ғизатов «Домбыра үйрену мектебі». Алматы «Өнер», 1983 жыл. – 13 бет.

2. Шындауылова Р., Бекмухамедов В. «Элементарлық Музыка теориясы». Алматы, 1993 жыл. – 21 бет.
3 апта

1 кредит сағат

1 дәріс



Практикалық сабақ тақырыбы: Шартты белгілер, аппликатуралық белгілер, динамикалық белгілер

Практикалық сабақ мазмұны: Студентке алғашқы қобыз жүргізіп ойнар алдындағы алғашқы білу керек шартты белгілері:

П – ысқышпен төмен

Ү – ысқышпен жоғары

Ц.с. – бүтіндей ысқышпен

Н.п. – ысқыштың төменгі жартысымен

В.п. – ысқыштың жоғарғы жартысымен

С. – ысқыштың ортасымен

Pizz (пиццикато)– шертіп ойнау

Arco – ысқышпен ойнау

Әдебиет:

1. Шындауылова Р., Бекмухамедов В. «Элементарлық Музыка теориясы». Алматы, 1993 жыл. – 45 бет.

2. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 15 бет.
2 кредит сағат

2 дәріс



Практикалық сабақ тақырыбы: Дыбыс шығару.

Практикалық сабақ мазмұны: Музыкалық шығарманы мәнерлі орындау үшін ең жоғары сапалы дыбыс шығаруды меңгеруі керек, ол музыканың мәнерлік негізі болып табылады. Көркемдік сапалы, толыққанды дыбыс деп – таза, еш шуылсыз, жұмсақ, толық, сазды, түр-түске бай дыбысты айтады. Мөлдір, таза сазды дыбыс шығару үшін ысқышты тиекке қатар, ішектің бір нүктесінде ғана жүргізіп ойнау қажет. Ысқыш қылы ішекке мүмкіндігінше толықтай жабысып жүргізілуі керек, шығарманың мазмұнына сай ерекше дыбыс алу үшін ысқышты ішекке қатты баспай сәл көтеріңкірек жүргізу керек. Ысқыш ішектің қай нүктесінде жүретін болса, оған дыбыс саздығы тікелей байланысты: тиекке жақын болса ашық, өткір дыбыс, ал аспаптың мойынына қарай - жұмсақтау және бәсеңдеу дыбыс шығады.

Ысқышты төмен жүргізген кезінде ысқыштың басынан ұшына дейін, шынтақ сәл артқа кетеді, ал ысқышты жоғары жүргізгенде шынтақ буынның алдынан тиекке қарай жүреді. Шынтақты өте көтеруге де, өте түсіруге де болмайды. "Ми" ішегінде оң қол шынтағы ең жоғары нүктеге шығады; төменгі ішектерге ауысқанда шынтақ біртіндеп төмендейді де "соль" ішегінде ең төменгі нүктеге жетеді. Оң қол шынтағы сияқты буынның да қозғалысы өзгереді. Ысқыш төмен қозғалғанда (П) оң қол саусақтары біртіндеп түзуленеді де, ысқыштың ұшына қарай буын сәл-пәл иіледі, сондай-ақ шынтақ буындары толық ашылады. Ысқыштың тұтқасында оң қол буындары сәл бүгіледі. Осыған сәйкес ысқыш қозғалысына байланысты ысқыштың тұтқасынан ұшына дейін буындар бірқалыпты өзгеріп отырады. Дыбыс тегіс шығу үшін қозғалыс ешқандай аяқасты және күтпеген қимылдар жасамау керек. Тұтқада ысқышты ауыстырар кезде таяқшаны кішкене айналдыру қажет, өйткені ысқыштың бұл ауысуы естілмегені жөн. "Ми" ішегінде ысқышты "ля" ішегіне жақын апару керек, ал "соль" ішегінде "ре" ішегіне жақындатқан жөн. Бұлай ету жұмсақ дыбыс шығару үшін қажет.

Әдемі дыбыс алу өнері музыканттың көп жылдық еңбегі арқасында қалыптасады және музыкалық есту қабілетінің, шеберлік ширақтығының, аспаптан дыбыс шығарудың тәсілдерін меңгерудің, сондай-ақ оқушының аспапқа икемделе білу қасиеті - сапалы дыбыс шығару үшін талап етіледі.

Әдебиет:


  1. Д.Тезекбаев. «Қобыз үйрену мектебі», Алматы, 1980 ж.

  2. К.Родионов. «Начальные уроки игры на скрипке», Москва, «Музыка», 1987 г.

  3. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 3 бет.


ОЖСӨЖ мазмұны: Такт және өлшем, пауза

Нотамен жазылған музыкалық шығармалар өзара тең ұяға бөлінеді. Бұл ұяны «такт» дейді. Әрбір ұяны бір-бірінен айыру үшін, олар өзара такт сызықтарымен бөлініп отырады.

Бұл тактылардың ішіндегі ноталар да өзара тең үлеске бөлінеді. Музыка шығармаларының бірінші тактысында нота кілтімен қатар бөлшек цифрлар жазылады. Бұл жазылған бөлшек цифрлар музыканың өлшемін көрсетеді. Бөлшек санның жоғарғы цифры – тактының ішіндегі музыканың қаншаға саналып ойналуын көрсетсе, төменгі цифр санның әрбір үлесіне созылуы жағынан қандай ноталар келетінін көрсетеді.

2/4 өлшеумен жазылған музыка екіге саналып тартылады да, санның әрбір үлесіне бір ширектік нотадан келетінін көрсетеді.

¾ - үшке жүреді, ал санның әрбір үлесіне бір ширектік нотадан келетінін көрсетеді. Яғни бір тактке үш ширектік нота жазылады.

4/4/ - төртке саналады, ал санның әрбір үлесіне бір ширектік нотадан келетінін көрсетеді. Яғни бір тактке төрт ширектік нота жазылады.



Әдебиет:

1. Л.Хамиди, Б.Ғизатов «Домбыра үйрену мектебі». Алматы «Өнер», 1983 жыл. – 15,16, 18 бет.

2. Шындауылова Р., Бекмухамедов В. «Элементарлық Музыка теориясы». Алматы, 1993 жыл. – 7, 24 бет.
4 апта

1 кредит сағат

1 дәріс



Практикалық сабақ тақырыбы: Мажорлық және минорлық гаммалары

Практикалық сабақ мазмұны: Бір дыбыстан екінші аттас дыбысқа шейін, ереже бойынша тізбектеліп құрылған дыбыс ретін гамма дейді. Гамманы түрлі ноталардан бастап құруға болады. Мәселен, «до» дыбысынан бастап құрылған гамманы «до» мажор, «ре» дыбысынан құрылған гамманы «ре» мажор гаммасы дейді. Мажор тональдігінде жазылған музыка, ән-күй, шығарма минор тональдігіне қарағанда біркелкі қатты, кейде тұжырымды, немесе қоңырқай характерінде естіледі. Құрылған гамманың бірінші дыбысы негізгі тон, немесе «тоника» деп аталады. Сөйтіп, тоника гамманың бірінші басқышы болып аталса, оның сегізінші басқышы гамманың бірінші басқышының аттас дыбысы, октавалық қайталауы, яғни, жоғарғы тоника болып табылады. Сөйтіп, «до» мажор гаммасы сегіз дыбыстан және әр дыбыстың арасы бір тон, бір тон, жарты тон, бір тон, бір тон, бір тон және жарты тон ережесі бойынша құрылады. Әрбір мажорлық гамма осы ереже бойынша құрылуы шарт.

Келесі гамма «до» мажордың бесінші нотасынан құрылады, яғни «соль» дыбысы, «соль» мажор гаммасы, осылай ереже бойынша құрылған гамманың бесінші нотасының аталуымен келесі гамма құрылады.

Минор тональдігіне жазылған музыка мажор тональдігіне қарағанда біркелкі нәзік, әрі жұмсақ, ал кейде мұңды характерде де естіледі. Минорлық гаммалар үш түрлі болады: натуральды, гармониялық және мелодиялық гаммалар. Натуральды «ля» минор гаммасында ешбір альтерация белгілері болмайды, яғни таза дыбыстардан құралады. Ереже бойынша: тон, жарты тон, тон, тон, жарты тон, тон, тон болып құрылады.

Гармониялық гаммасында бір диез белгісі қойылады, яғни, жоғары және төмен қарай құрылғанда оның жетінші басқышы немесе нотасы әр уақытта жарты тон жоғарылатылып алынады.

Мелодиялық гаммасы жоғары қарай құрылғанда оның алтыншы және жетінші басқыштарына немесе ноталарына диез белгісін қоямыз, яғни, гамманың сол ноталары жарты тон жоғарылатылып алынады. Ал, сол гамманы төмен қарай құрғанда жаңағы алтыншы мен жетінші ноталарына бекар белгісі қойылып, бұл дыбыстар жарты тон төмендетіліп, таза дыбысқа айналады.

Минорлық гаммаларды да түрлі дыбыстардан құруға болады. Әрбір мажорлық гамманың минорлық гаммасы болады. Параллельдік минор гаммасы мажорлық алтыншы басқышынан немесе нотасынан құралады. Мажор гаммасында қанша диез, бемоль белгілері болса, оның параллельдік минор гаммасында да сонша диез, бемольдер болады. Мысалыға «до» мажордың параллельдік минор гаммасы «ля» минор.

Әдебиет:


  1. Л.Хамиди, Б.Ғизатов «Домбыра үйрену мектебі». Алматы «Өнер», 1983 жыл. – 24 - 28 бет.


2 кредит сағат

2 дәріс



Практикалық сабақ тақырыбы: Штрихтар туралы толықтай мағлұмат беру. Деташе және легато.

Практикалық сабақ мазмұны: Штрихтар музыкалық мәнерлілікті жеткізуде ең маңызды құрал болып табылады. Штрихтік шеберлікте штрихтерді екіге бөледі:

  1. негізгі;

  2. аралас штрихтар

Негізгі штрихтар үш түрге бөлінеді: сазды немесе созылмалы; қысқа

немесе үзілмелі; секірмелі немесе лақтырмалы.

Сазды немесе созылмалы штрихтар:


  • деташе,

  • легато,

  • портато;

Қысқа немесе үзілмелі штрихтер:

  • мартле,

  • нық стаккато,

  • «Виотти-штрих»;

Секірмелі немесе лақтырмалы штрихтер:

  • спиккато,

  • ұшпалы стаккато,

  • рикошет.

Деташе – ноталар бірінен соң бірі байланыспай, әрқайсысы бөлек бірқалыпты орындалатын штрих. Тез темпте штрих қысқа, ал жәй темпте ұзын болады. Бұл штрихқа ысқыштың қозғалу бағытының сазды ауысуы және әрбір дыбыстың басталуы тән. Деташенің бірнеше түрі бар.

  1. Кең деташе.

Қысқа деташе.

Легато ысқыштың бір қозғалысына бірнеше дыбыс орындалатын штрих. Легатоны орындау үшін бұл штрихпен күнделікті көп дайындалу керек. Ысқыш бағытында ноталар саны бірдей болғанда дыбыс күшейген сайын ысқыш бөлігі бірте-бірте ұзарады, ал, бәсеңдегенде қысқарады, осылай легато штрихын дамытып, нығайтып, оқушы этюдтермен жұмыс істеуге дайындалады. Ойын барысында легато бір дыбыстан екінші дыбысқа жұмсақ, сазды әрі байқаусыз өтуі керек. Сол қол мен оң қолдың үйлесімділігіне үлкен көңіл аудару керек. Ысқышты бөліктерге дұрыс бөлу қажет, яғни ысқыш нотада неше лига болса, сонша тең бөліктерге бөлінуі қажет. Легатоның екі түрі бар:



  1. тек сол саусақтарының қозғалысымен орындалатын легато, демек «бір ішекті легато».

ысқыштың бір ішектен екінші ішекке ауысуы арқылы орындалатын легато, демек «түрлі ішектегі легато».

Әдебиет:

  1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 8 бет.


ОЖСӨЖ мазмұны: Тон, жарты тон, альтерация белгілері мен интервалдар.

Ноталардың орналасу қатарында әрбір ноталардың арасында бір тоннан бар, тек ми-фа және си-до ноталарының арасында ғана жарты тоннан бар. Қобыз аспабында осы тондар арақатынасы сақталған. Яғни, «соль ішегі» бойынша тек си-до аралығында жарты тон бар, саусақты қысып ойнаймыз қалған аралықта бір тоннан.

«Ре ішегі» бойынша ми-фа ноталарының аралығында жарты тон, «Ля ішегінде» си-до ноталарының аралығында жарты тон, «Ми ішегі» бойынша ашық ми нотасымен фа нотасының арасында жарты тоннан қалған барлық ноталардың арасының бәрі де бір тоннан келеді.

Альтерация дегеніміз дыбыстың жарты тонға төмендеуі, не жоғарылауы белгісі. Диез – жарты тонға көтеріледі;

Бемоль – жарты тонға төмендейді;

Бекарь – диез немесе бемоль белгілерін жою белгісі.

Екі дыбыстың жоғары-төмен ара қатысы интервал деп аталады. Интервал – латын сөзі, «араның алшақтығы», «қашықтық» деген мағына білдіреді. Интервалдар мелодиялық немесе гармониялық түрінде естілуі мүмкін. Егер де екі дыбыс бірінің соңынан бірі, тізбектеліп (бір дауысты болып) келсе, оны мелодиялық интервал дейді. Интервалдар латын тілінде прима, секунда, терция, кварта, квинта, секста, септима, октава болып сегіз түрге бөлінеді. Интервалдар өздерінің арасындағы жарты тон ерекшеліктеріне қарай таза, үлкен, кіші, үлкейтілген, кішірейтілген деп аталады. Интервалдарды қысқартып әріппен жазады, араб цифрларымен белгілейді.

Әдебиет:

1. Л.Хамиди, Б.Ғизатов «Домбыра үйрену мектебі». Алматы «Өнер», 1983 жыл. – 21, 23 бет.

2. Шындауылова Р., Бекмухамедов В. «Элементарлық Музыка теориясы». Алматы, 1993 жыл. – 16 бет.
5 апта

1 кредит сағат

1 дәріс



Практикалық сабақ тақырыбы: «Соль» және «Ре» ішегіндегі ноталарды үйрену.

Практикалық сабақ мазмұны: Ноталарды анық және толықтай ысқышпен орындау.

Әдебиет:

    1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 25, 33 бет.



2 кредит сағат

2 дәріс



Практикалық сабақ тақырыбы: «Ля» және «Ми» ішегіндегі ноталарды үйрену.

Практикалық сабақ мазмұны: Ноталарды анық және толықтай ысқышпен орындау.

Әдебиет:

    1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 23, 30 бет.


ОЖСӨЖ мазмұны: Музыкалық өлшем – ырғақ, метр мен мөлшерлер және екпін.

Музыкалық дыбыстардың уақыттық ұйымдасуы мен өзара қалыптасуын ырғақ (ритм) деп атаймыз.

Дыбыстың, я музыкалық үзілістің уақыт өлшем данасындағы алынған ұзын бойлығын, созымдылық немесе созылыңқылық дейміз.

Өлшем деп уақыт кесіндісіндегі күшті және әлсіз үлестердің ретпен алмасуын айтады. Өлшем музыкадағы дыбыстардың әртүрлі салмақтылығы арқылы олардың ұйымдастыруын қамтиды. Дыбыстың бұндай нықтанып, жеке бөлініп шығарылуын өлшемді акцент деп атайды. Өлшем туғызатын күшті немесе әлсіз бірыңғай уақыт кесінділерін өлшемді үлес дейді. Акценттілік үлесті салмақты, я болмаса күшті, ал акцентсіз үлесті жеңіл, немесе әлсіз үлес деп атайды.

Өлшемнің ноталық суреттемесін мөлшер дейді. Мөлшер бөлшек ретінде бейнеленген. Оның алымында музыканың өлшемі, яғни үлестердің саны, ал бөлшегінде – оның негізгі үлесім ретіндегі алынған созымдылық болады.

Темп деп құбылыс жылдамдылығын, яғни өлшем үлесімдерінің шапшаңдылығын, музыка тынысының жиіленуін айтады.

Әдетте шығарманың екпін-жылдамдылығын оның басында, бессызықтың үстіндегі сол жағынан белгілейді. Ол үшін әлі де болса итальян терминологиясы қолданылады.

Екпіннің музыкадағы маңызы өте зор, өйткені әр түрлі музыкалық бейнелерін, немесе кейіпкерлердің мінездемесін тек бір екпін-шапшаңдықпен шешуге болмайды.

Екпін белгілері негізінде жай, бір қалыпты орташа екпін және жылдам екпін деп үш топқа бөлінеді.

Әдебиет:

1. Шындауылова Р., Бекмухамедов В. «Элементарлық Музыка теориясы». Алматы, 1993 жыл. – 21, 31, 32 бет.

2. Л.Хамиди, Б.Ғизатов «Домбыра үйрену мектебі». Алматы «Өнер», 1983 жыл. – 32, 33 бет.

3. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 15 бет.


6 апта

1 кредит сағат

1 дәріс



Практикалық сабақ тақырыбы: Гамма «до» мажор және А.Комаровский- Этюд.

Практикалық сабақ мазмұны: Ноталарды анық және толықтай ысқышпен орындау.

Әдебиет:

    1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 47, 78 бет.


2 кредит сағат

2 дәріс



Практикалық сабақ тақырыбы: Гамма «Ля-минор» және А.Яньшинов – Этюд.

Практикалық сабақ мазмұны: Ноталарды анық және толықтай ысқышпен орындау.

Әдебиет:

  1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 46, 78 бет.


ОЖСӨЖ мазмұны: Интонация — музыкалық дыбыстардың таза және дәл орындалуы. Алғашқы сабақтан бастап-ақ оқушыны интонацияны дұрыс ойнау сезімін қалыптастыру керек, өйткені ол аспапта ойнаудың басты шарты болып табылады.

Дәл интонация негізгі үш себепке байланысты:

Әуеннің қалай дыбысталатынын дұрыс білу, яғни дыбыс биіктігін
ішкі музыкалық-тыңдаушылық түйсікпен түсіну;

Интонация тазалығын тыңдай отыра, қадағалау (тыңдап, өз


ойынына интонация тазалығы тұрғысынан баға беру);

Сол қол саусақтарының дәл қозғалуына әсер ететін ойын


дағдылары мен шеберлік әдістерін дұрыс орындау.

Музыкалық — тындау дағдылары ән айту — сольфеджиолау нәтижесінде дамиды. Сондықтан алғашқы пәндерде-ақ аспапта қарапайым мелодиялық тізбекті интонациялауды сольфеджиомен кезектестіріп отыру қажет. Нәтижесінде тындаушылық бақылау қабілеті дамиды және оқушы ән дыбысы мен қобызда орындалған дыбыс интонациясын салыстыруға мүмкіндік алады. Оқушының ладтық негізді терең түсінуі интонация тазалығы үшін үлкен мәнге ие.

Оқушыны дыбысты тындауға үйрету өте қажет, өйткені дыбысты сезінуді бірден үйрене алмайды, ол біртіндеп, күнделікті дайындық нәтижесінде қалыптасады. Оқушының жеткілікті дамымаған музыкалық тыңдау қабілеті, оның таза интонация мен қанағаттандырарлық дыбыс алуда назарын екі есе бөлуге әкеледі, ал ол оқушы үшін қиынға түсуі мүмкін. Қол қозғалысының үйлесімділігін, оларды қалай қою керектігін, сол қол және саусақ қозғалысының түрлерін, қозғалыс әдемілігін, жеңілдігін білмейтін оқушы тез арада оңды нәтижеге қол жеткізе алмайды. Дыбысты түсінетін және ең құрығанда қарапайым саусақ "жеңілдігін", қобыз мойнын ұстап үйренген және қате дыбысты тез қанағаттанарлық деңгейде түзете алған жағдайда интонацияны тереңдете үйреткен абзал.

Әдебиет:

1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 12 бет.


7 апта

1 кредит сағат

1 дәріс



Практикалық сабақ тақырыбы: Гамма «Соль» мажор және «Ми» минор

Практикалық сабақ мазмұны: Ноталарды анық және толықтай ысқышпен орындау.

Әдебиет:

  1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 34, 45 бет.


2 кредит сағат

2 дәріс



Практикалық сабақ тақырыбы: М.Гарлицкий – Этюд.

Практикалық сабақ мазмұны: Ноталарды анық және толықтай ысқышпен орындау.

Әдебиет:

  1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 56 бет.


ОЖСӨЖ мазмұны: Нық стаккато

Стаккато қысқа мартле штрихтары бірігіп, бір бағытта орындалатын үздік-создық штрих. Әдетте қобызда стаккатоны ысқыштың жоғары бағытында орындайды. Стаккатоны ысқыштың 1/3немесе ½ бөлігімен орындау тиімді. Стаккато штрихымен жұмыс істегенде ысқышты сұқ саусақпен шамалы басып нотаның дыбысталуы кезінде буынды жұмсақ әрі созыңқырай итеріп және итеріп болған соң ысқышты жайлап жүргізіп шығу керек. Осы штрихты орындау кезінде оң қолдың сұқ саусағы тік тұрғаны жөн, яғни саусақ ысқыш ағашын орамауы қажет. Бұл штрих көбінесе жоғарғы ысқышпен орындалады, төменгі ысқышпен сирек орындалады.



Әдебиет:

  1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 9 бет.


8 апта

1 кредит сағат

1 дәріс



Практикалық сабақ тақырыбы: Құрманғазы «Қызыл қайың - Серпер».

Практикалық сабақ мазмұны: Ноталарды анық және толықтай ысқышпен орындау.

Әдебиет:

М.Каленбаева . «Қобызға арналған күйлер», Алтаты, «Таймас», 2003 ж.


2 кредит сағат

2 дәріс



Практикалық сабақ тақырыбы: Құрманғазы «Қызыл қайың - Серпер».

Практикалық сабақ мазмұны: жалғасы
Әдебиет: М.Каленбаева. «Қобызға арналған күйлер», Алтаты, «Таймас», 2003 ж.

ОЖСӨЖ мазмұны: Мартле штрихы деташе штрихының бір түрі. Деташе штрихынан айырмашылығы дыбыс өткір, үздік-создық шығады. Мартле қиын штрихтарының бірі. Бұны үйрену басқа штрихтарды үйренуде көмек болады. Музыкалық шығармаларда бұл штрих жеке-дара, және басқа штрихтармен аралас та кездеседі. Әрбір дыбыстан соң дыбыстың жалпы ұзақтығының жартысына тең үзіліс жасалады. Үзіліс кезінде босаған қол келесі екпінге дайын болуы керек. Музыкалық материалға байланысты штрих ысқыштың түрлі бөліктерінде орындалуы мүмкін, бірақ мартле штрихы көбінесе ысқыштың ортасында және жоғарғы жартысында орындалады.
Әдебиет:

1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 9 бет.


9 апта

1 кредит сағат

1 дәріс



Практикалық сабақ тақырыбы: Құрманғазы «Қызыл қайың - Серпер».

Практикалық сабақ мазмұны: жалғасы

Әдебиет: М.Каленбаева. «Қобызға арналған күйлер», Алтаты, «Таймас», 2003 ж.
2 кредит сағат

2 дәріс



Практикалық сабақ тақырыбы: К.Корчмарев «Испанский танец» («Мелагунья»).

Практикалық сабақ мазмұны: Штрихтарымен жұмыс

Әдебиет:

  1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 104 бет.


ОЖСӨЖ мазмұны: Вибрация дыбыстың әрленіп, жұмсақ шығуына көмектеседі. Вибрацияны білек, білезік және саусақтың көмегімен үш түрлі әдіспен орындауға болады. Бұл әдіс дыбыстың әрленіп, құлаққа жағымды шығуына септігін тигізу керек. Вибрация - музыкалық мәнерлілік құралының бірі, оның арқасында дыбыс мәнерге және әуенге ие болады. Вибрация — тербелмелі қозғалыстар, негізінен сол қол буындарымен жүзеге асады. Осы арада дыбыс ерекше тембрлық әсемдікке өзінің жоғарлауы мен төмендеуінен сәл ауытқып барып ие болады. Оқушы бірінші үш позицияда негізгі ойнау әдістерін үйренген соң ғана вибрацияны қолдануды бастаған жөн. Вибрацияны үйретудің алғашқы кезеңінде:

1. аспаптың мойнын басбармақпен және басқа саусақтармен ішегін қыспау және сығымдамау;

2. ойын кезіндегі бос саусақтарды ішекке тигізбей ұстау;

3. қозғалыстар өзара тең тербелгені басты шарт болып табылады. Қозғалыс жиілігінен вибрацияның қандай дәрежеде, яғни кіші немесе үлкен болуы байланысты.



Әдебиет:

  1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 11 бет.



10 апта

1 кредит сағат

1 дәріс



Практикалық сабақ тақырыбы: К.Корчмарев «Испанский танец» («Мелагунья»).

Практикалық сабақ мазмұны: Вибрациямен жұмыс

Әдебиет:

  1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 104 бет.


2 кредит сағат

2 дәріс



Практикалық сабақ тақырыбы: К.Корчмарев «Испанский танец» («Мелагунья»).

Практикалық сабақ мазмұны: Жалғасы

Әдебиет:

  1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 104 бет.


ОЖСӨЖ мазмұны: Пиццикато.

Шығармада кездесетін штрих түрімен жұмыс.



Әдебиет:

1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 104 бет.


11 апта

1 кредит сағат

1 дәріс



Практикалық сабақ тақырыбы: А.Жұбанов «Романс».

Практикалық сабақ мазмұны: Композитордың бұл шығармасы – көңіл-күйді сыршылдықпен нәзік сезімде сөйлеткен ойшыл лирика. «Романсты» тыңдағаныңызда Камиль Сен-Санстың «Аққу» атты пьесасындағы сұлулық суретін көргендей боламыз. Бірақ бұл «Аққудың» көшірмесі, немесе соған еліктеу емес, бар болғаны тыңдаушының ассоциациялық түйсінуі ғана. Аққу кейпіндегі сұлулық емес, адамның арманшылізгі ниетті білдіретін лирикалық әуендегі көрікті көңіл-күйі ретінде баяндалады. Әуен ырғағы бастан-аяқ сағын жыр еткен ғажайып үн бар. Ал, фортепианолық аккомпонименттің фонында табиғат көрнісі әдемі дамиды.

Лирикалық, нәзік, ойлы тақырып кульминациясында біртіндеп эмоциялық буырқана (mf-f-ff) poco piu mosso-ға ауысады. Алабұртқан вибратоны қажетсінеді және алдымен жеңіл үн шығарады да, кульминациясында нығыздалған үнге ұласады.

Сөз жоқ, композитордың «Романсы» аспаптық музыкамыздағы таңдаулы туындыларының бірі, айта берсеңіз бұл - аспаптық музыка ғана емес, балеттік өнерге сұранып тұрған хореографиялық миниатюра. Қазіргі таңда жеке орындаудан гөрі ансамбль ұжымымен орындалса бұл туынды өз құндылығын арттыра түседі.
Әдебиет:


  1. Б.Кожамкулова «Хрестоматия для скрипки», І вып., Алматы, «Дайк-Прес»с, 2001г.

  2. Ж.Еркімбеков. «А.Жұбанов. Скрипка мен қобызға арналған 5 пьеса», Алматы, «Өнер», 1980ж.

  3. А.Жұбанов. «Қобыз және скрипкаға арналған пьесалар», Алматы, «Өнер», 1973 ж.

  4. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.


2 кредит сағат

2 дәріс



Практикалық сабақ тақырыбы: А.Жұбанов «Романс».

Практикалық сабақ мазмұны: Триольдармен жұмыс.

Әдебиет:

  1. Б.Кожамкулова «Хрестоматия для скрипки», І вып., Алматы, «Дайк-Прес»с, 2001г.

  2. Ж.Еркімбеков. «А.Жұбанов. Скрипка мен қобызға арналған 5 пьеса», Алматы, «Өнер», 1980ж.

  3. А.Жұбанов. «Қобыз және скрипкаға арналған пьесалар», Алматы, «Өнер», 1973 ж.

  4. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.


ОЖСӨЖ мазмұны: Флажолетгер — ішектің белгілі бір бөлінген жеріне саусақтың шамалы жақындауының (басу емес) нәтижесінде алынатын дыбыстар. Табиғи және жасанды флажолеттер болады. Табиғи флажолеттер ашық ішекке саусақтың жеңіл тиюінде орындалады. Жасанды флажолеттер екі саусақ арқылы орындалады, оның шанаққа жақыны ішекті қатты тартады, ал екінші саусақ бірінші саусаққа тұтас тиек пен басу арасындағы нүктеге тиеді. Флажолеттерді орындаған кезде шынашақтың ішекке әрең тигені, ал ысқышты ішекке таман жақындатып апаруға үлкен мән беру керек, сонда дыбыс таза әрі тұнық шығатын болады.

Әдебиет:

  1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 12 бет.


12 апта

1 кредит сағат

1 дәріс



Практикалық сабақ тақырыбы: А.Жұбанов «Романс».

Практикалық сабақ мазмұны: Шығармадағы лига, дыбыстарды әдемі, көркем ойнау.

Әдебиет:

1. Б.Кожамкулова «Хрестоматия для скрипки», І вып., Алматы, «Дайк-Прес»с, 2001г.

2. Ж.Еркімбеков. «А.Жұбанов. Скрипка мен қобызға арналған 5 пьеса», Алматы, «Өнер», 1980ж.

3. А.Жұбанов. «Қобыз және скрипкаға арналған пьесалар», Алматы, «Өнер», 1973 ж.

4. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.
2 кредит сағат

2 дәріс



Практикалық сабақ тақырыбы: А.Жұбанов «Романс».

Практикалық сабақ мазмұны: Шығарманы түсініп, сезініп орындау.

Әдебиет:

  1. Б.Кожамкулова «Хрестоматия для скрипки», І вып., Алматы, «Дайк-Прес»с, 2001г.

  2. Ж.Еркімбеков. «А.Жұбанов. Скрипка мен қобызға арналған 5 пьеса», Алматы, «Өнер», 1980ж.

  3. А.Жұбанов. «Қобыз және скрипкаға арналған пьесалар», Алматы, «Өнер», 1973 ж.

  4. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.


ОЖСӨЖ мазмұны: Аккордтарды орындау ысқыштың бір бағытында екі немесе үш дыбыстан тұратын аккордты орындау үшін ішектерді мүмкіндігінше бірден іліп алу керек. Дыбыс сықырлап, ащы шықпау үшін, ішектің қандай болса да біреуінің қатты шығуының қажеті жоқ..
Әдебиет:

  1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 89 бет.


13 апта

1 кредит сағат

1 дәріс



Практикалық сабақ тақырыбы: А.Жайымов «Концерт»

Практикалық сабақ мазмұны: Алғаш орындалуына байланысты мұқият талдап, штрихтармен көп жұмыс жасау.

Әдебиет:

1. А.Жайымов «Концерт» қолжазба.


2 кредит сағат

2 дәріс



Практикалық сабақ тақырыбы: А.Жайымов «Концерт»

Практикалық сабақ мазмұны: Түрлі штрихтармен жұмыс.

Әдебиет:

1. А.Жайымов «Концерт» қолжазба.


ОЖСӨЖ мазмұны: Штрих – портаменто.

Портаменто легато мен стакккатоның арасындағы аралық штрих. Портаменто штрихында ысқыштың бір бағытында бір-бірімен бөлінбейтін паузалармен бөлінген бірнеше дыбыс шығады. Негізінен бір ысқышта, әр дыбысты аздап, жұмсақ басу арқылы орындалады.



Әдебиет:

1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 9 бет.

2. А.Жайымов «Концерт» қолжазба.
14 апта

1 кредит сағат

1 дәріс



Практикалық сабақ тақырыбы: А.Жайымов «Концерт»

Практикалық сабақ мазмұны: Триольдармен жұмыс.

Әдебиет:

1. А.Жайымов «Концерт» қолжазба.


2 кредит сағат

2 дәріс



Практикалық сабақ тақырыбы: А.Жайымов «Концерт»

Практикалық сабақ мазмұны: Каденциямен жұмыс.

Әдебиет:

1. А.Жайымов «Концерт» қолжазба.


ОЖСӨЖ мазмұны: Штрихтармен жұмыс.

Әдебиет: Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.


15 апта

1 кредит сағат

1 дәріс



Практикалық сабақ тақырыбы: А.Жайымов «Концерт»

Практикалық сабақ мазмұны: Каденцияны буынға бөле отырып жаттау.

Әдебиет:

1. А.Жайымов «Концерт» қолжазба.


2 кредит сағат

2 дәріс



Практикалық сабақ тақырыбы: А.Жайымов «Концерт»

Практикалық сабақ мазмұны: Каденциямен жұмыс.

Әдебиет:

1. А.Жайымов «Концерт» қолжазба.


16 апта

1 және 2 кредит сағат

Тақырыбы: І-семестрде өтетін мамандық пәні бойынша емтихан.

Мазмұны: Емтиханда 15 апта бойы өткен көптеген штрих түрлерін жақсылап көрсете отырып үш шығарма (1-қазақша шығарма, 1-орыс немесе шетел композиторларынан, 1-күрделі концерт) ойнаймыз. Олар: А.Жұбанов «Романс», К.Корчмарев «Испан биі», А.Жайымов «Концерт».

Әдебиет:

  1. Ғ.Молдакаримова «Қобыз үйрену мектебі». Алматы «Жазушы», 2004 жыл.- 337 бет.

  2. Б.Кожамкулова «Хрестоматия для скрипки», І вып., Алматы, «Дайк-Прес»с, 2001г.

  3. Ж.Еркімбеков. «А.Жұбанов. Скрипка мен қобызға арналған 5 пьеса», Алматы, «Өнер», 1980ж.

  4. А.Жұбанов. «Қобыз және скрипкаға арналған пьесалар», Алматы, «Өнер», 1973 ж.


ІІ - СЕМЕСТР

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет