Махамбетова Сауле Тобыл орта мектебі



Дата02.03.2020
өлшемі21,24 Kb.
#59358
Байланысты:
2эссе11кл

Махамбетова Сауле

Тобыл орта мектебі

11 сынып

Бейімбет Майлин ауданы


Абайдың жаққан шырағы

Білім қайда болса,

Биіктік сонда!

Парасат қайда болса,

Ұлылық сонда!



Қазақ әдебиетінің қайраткері және данышпандық ойының заңғар биігі, ұлы ақын, сазгер Абай Құнанбайұлынан кейін де білімге шырақ жаққан басқа қайраткерлер болып, өздерінің өшпес туындыларымен аты шықса да, дана Абайдың жұлдызы әрдайым биікте десем болады. Себебі, ең алдымен Абай шығармашылығының әмбебап екенін шетелдерде де айтып жатыр емес пе? Ол әр шығармаларында, тіпті қара сөздерін ашып оқысақ, өмірден алынған жайттарды талдап, өзі өмір сүріп отырған ғасырдың ащы шындығымен түсіндіреді. Ал қазірдің өзінде оның ұлағатты сөздерін мұғалімдер де, жалпы қоғам қолданысқа алған. Адамдарды ұлы жолға апаратын, яғни білімге жетелейтін маңызды тұжырымдар жасаған. Философиялық көзқараспен де, ағартушылық жағынан да мектеп қабырғасындағы шәкірттерге мол сабақ беретін шығармалары бар. Сондықтан оны осындай керемет өсиет сөздерін қалдырып, тіпті адамгершілік сананың қалыптасуына арқау болған ұлттың жанашыры , ұлт ұстазы деп де атауға болады. Білімдінің саналылығын айқындап тұратын, қалыптасуына ықпал ететін қара сөздері де, шығармаларының тілі де өшпес мұра боп қалды. Абай заманы басқа заман болғанымен қазіргі қоғаммен үндесуі бар деп те айтар едім. Себебі, қазір де жалқаулыққа берілген, сауатсыздыққа жол берген азаматтар қаншама. Мектеп қабырғасында тегін оқу оқи отыра, сабаққа дел-сал қарап көкірегін надандықпен буып тастағандарға жаным ашиды. Неге осы Абайдың білімге шақырған ащы айқайын оқып зерделемейді екен? Неге өз көзқарасын дамытпайды екен? Неге сол заманмен осы күнді салыстырмайды екен? Қазір білім шырағын жағардың өзі сенсорлы заман, ғаламтоды аш та оқы және біл, таны мені деп тұр ғой. Сонда сонау заманда сауат ашудың оңай болмағандығын білер еді. Шырақпен отырып ата-бабамыз газет оқыған, көк сия мен сауыт алып жазған. қазір олай емес, оқу және жазу жеңілденіп келсе де, сауатсыз бола салмақ. Не болмаса ынта-ықыласыңды қой да, Абайдың "Ғылым таппай мақтанбасын" оқып түсінші дегім келеді. Бес дұшпаның сені жояды, бес асыл істі қолға ал да болашаққа ұмтыл, елдің ертеңгісі біздің қолымызда екенін ұмытпа! Тоқ заманда тоқ болған сайын оқып-біле түс! Өмірдің еш күрделі кезеңі жоқ, егер сен білім шырағын жағар болсаң, үйді салу үшін де, қамалды алу үшін де білім керек. Әлем болашағының баспалдағына оңай өрлеудің ең тиімді жолы - білімнің сапасын көрсете білу мен оны қалыптастыру. Демек, Абай атамыз сонау ғасырдан осы күнге дейін қалыптасу жолын түрлі түсіндіріп келеді. Сол жолдың дұрыстығын таңдағандар ғана білім шырағының жемісін көреді. Жемісті еңбек, білікті маман бола алады. Адам баласы тумысынан есті болып тумайды деген ғой, естіп-білейін, көрейін дегендер өмірде көп биік шыңдарға жетеді. Қорыта келгенде, Абайдың ұстанымы арқылы басчқа да қайраткерлеріміз дамып осы күнге дейін сабақ алып келеді. Абайдың айқаны, халықтың үндеуімен де үндеседі. Ата-бабаларымыз да елдегі ішкі және сыртқы саясатты дамытуда өз білім және біліктіліктерінің нәтижесінде осы тәуелсіз елге келуімізге себепкер болған. Олардың аңсаған арманы әр әуірдің өз қайраткері болуы керек. Сол секілді дан да, данышпан да әлі күнге дейін молаяды. Олар мына біздер, жас ұрпақ, жастардың қолында...Рухани жаңғыруда алға қояр мақсатымыз - тек сапалы білімдар маман болу. Сол мақсатқа жету барысында мектеп қабырғасынан бастап соның кірпішін қалауға өзімізге жағдай жасауымыз керек. Санамызға қалыптасқан замануи өзгерістер арқылы бұрынға заман даналарының білімге деген құштарлығының зорын көрсету парыз. Парызымызды ел алдында адал атқарсақ, еліміз өркендеген сайын болашағымыз шыңдала түспек! Асыл қасиетіміз қазақ елінде еш сауатсыздыққа жол бермей, халқын сүйген ұлы ақын Абайдай күресе білуіміз керек! Бейбіт ел, рухани жаңғыру, табиғат ананы қорғау үшін де білім қажет. Білім төңірегінде ізденіп, аңсаған арманымызды тауып, келешектің сауатты да дана адамдары болуға лайықпыз. Ол үшін әлі де болашақта күресеміз, жеңеміз, тағы да парасатты боп дүниеге келеміз!

Mahambetova Saýle
Tobyl orta mektebi
11 synyp
Beıimbet Maılın aýdany

Abaıdyń jaqqan shyraǵy
Bilim qaıda bolsa,
Bıiktik sonda!
Parasat qaıda bolsa,
Ulylyq sonda!
Qazaq ádebıetiniń qaıratkeri jáne danyshpandyq oıynyń zańǵar bıigi, uly aqyn, sazger Abaı Qunanbaıulynan keıin de bilimge shyraq jaqqan basqa qaıratkerler bolyp, ózderiniń óshpes týyndylarymen aty shyqsa da, dana Abaıdyń juldyzy árdaıym bıikte desem bolady. Sebebi, eń aldymen Abaı shyǵarmashylyǵynyń ámbebap ekenin shetelderde de aıtyp jatyr emes pe? Ol ár shyǵarmalarynda, tipti qara sózderin ashyp oqysaq, ómirden alynǵan jaıttardy taldap, ózi ómir súrip otyrǵan ǵasyrdyń ashshy shyndyǵymen túsindiredi. Al qazirdiń ózinde onyń ulaǵatty sózderin muǵalimder de, jalpy qoǵam qoldanysqa alǵan. Adamdardy uly jolǵa aparatyn, ıaǵnı bilimge jeteleıtin mańyzdy tujyrymdar jasaǵan. Fılosofıalyq kózqaraspen de, aǵartýshylyq jaǵynan da mektep qabyrǵasyndaǵy shákirtterge mol sabaq beretin shyǵarmalary bar. Sondyqtan ony osyndaı keremet ósıet sózderin qaldyryp, tipti adamgershilik sananyń qalyptasýyna arqaý bolǵan ulttyń janashyry , ult ustazy dep de ataýǵa bolady. Bilimdiniń sanalylyǵyn aıqyndap turatyn, qalyptasýyna yqpal etetin qara sózderi de, shyǵarmalarynyń tili de óshpes mura bop qaldy. Abaı zamany basqa zaman bolǵanymen qazirgi qoǵammen úndesýi bar dep te aıtar edim. Sebebi, qazir de jalqaýlyqqa berilgen, saýatsyzdyqqa jol bergen azamattar qanshama. Mektep qabyrǵasynda tegin oqý oqı otyra, sabaqqa del-schal qarap kókiregin nadandyqpen býyp tastaǵandarǵa janym ashıdy. Nege osy Abaıdyń bilimge shaqyrǵan ashshy aıqaıyn oqyp zerdelemeıdi eken? Nege óz kózqarasyn damytpaıdy eken? Nege sol zamanmen osy kúndi salystyrmaıdy eken? Qazir bilim shyraǵyn jaǵardyń ózi sensorly zaman, ǵalamtody ash ta oqy jáne bil, tany meni dep tur ǵoı. Sonda sonaý zamanda saýat ashýdyń ońaı bolmaǵandyǵyn biler edi. Shyraqpen otyryp ata-babamyz gazet oqyǵan, kók sıa men saýyt alyp jazǵan. qazir olaı emes, oqý jáne jazý jeńildenip kelse de, saýatsyz bola salmaq. Ne bolmasa ynta-yqylasyńdy qoı da, Abaıdyń "Ǵylym tappaı maqtanbasyn" oqyp túsinshi degim keledi. Bes dushpanyń seni joıady, bes asyl isti qolǵa al da bolashaqqa umtyl, eldiń erteńgisi bizdiń qolymyzda ekenin umytpa! Toq zamanda toq bolǵan saıyn oqyp-bile tús! Ómirdiń esh kúrdeli kezeńi joq, eger sen bilim shyraǵyn jaǵar bolsań, úıdi salý úshin de, qamaldy alý úshin de bilim kerek. Álem bolashaǵynyń baspaldaǵyna ońaı órleýdiń eń tıimdi joly - bilimniń sapasyn kórsete bilý men ony qalyptastyrý. Demek, Abaı atamyz sonaý ǵasyrdan osy kúnge deıin qalyptasý jolyn túrli túsindirip keledi. Sol joldyń durystyǵyn tańdaǵandar ǵana bilim shyraǵynyń jemisin kóredi. Jemisti eńbek, bilikti maman bola alady. Adam balasy týmysynan esti bolyp týmaıdy degen ǵoı, estip-bileıin, kóreıin degender ómirde kóp bıik shyńdarǵa jetedi. Qoryta kelgende, Abaıdyń ustanymy arqyly baschqa da qaıratkerlerimiz damyp osy kúnge deıin sabaq alyp keledi. Abaıdyń aıqany, halyqtyń úndeýimen de úndesedi. Ata-babalarymyz da eldegi ishki jáne syrtqy saıasatty damytýda óz bilim jáne biliktilikteriniń nátıjesinde osy táýelsiz elge kelýimizge sebepker bolǵan. Olardyń ańsaǵan armany ár áýirdiń óz qaıratkeri bolýy kerek. Sol sekildi dan da, danyshpan da áli kúnge deıin molaıady. Olar myna bizder, jas urpaq, jastardyń qolynda...Rýhanı jańǵyrýda alǵa qoıar maqsatymyz - tek sapaly bilimdar maman bolý. Sol maqsatqa jetý barysynda mektep qabyrǵasynan bastap sonyń kirpishin qalaýǵa ózimizge jaǵdaı jasaýymyz kerek. Sanamyzǵa qalyptasqan zamanýı ózgerister arqyly burynǵa zaman danalarynyń bilimge degen qushtarlyǵynyń zoryn kórsetý paryz. Paryzymyzdy el aldynda adal atqarsaq, elimiz órkendegen saıyn bolashaǵymyz shyńdala túspek! Asyl qasıetimiz qazaq elinde esh saýatsyzdyqqa jol bermeı, halqyn súıgen uly aqyn Abaıdaı kúrese bilýimiz kerek! Beıbit el, rýhanı jańǵyrý, tabıǵat anany qorǵaý úshin de bilim qajet. Bilim tóńireginde izdenip, ańsaǵan armanymyzdy taýyp, keleshektiń saýatty da dana adamdary bolýǵa laıyqpyz. Ol úshin áli de bolashaqta kúresemiz, jeńemiz, taǵy da parasatty bop dúnıege kelemiz!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет